МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІ
МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: негізгі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде студенттерді ересек адамдардың және әр жастағы балалардың эндокриндік жүйесін (ЭЖ) қалыпты және патологиялық жағдайларда клиникалық тексеру негіздеріне үйрету.
Патофизиология-2 модулінің міндеті: Қалқанша безі, бүйрек үсті безі, ұйқы безі қызметі бұзылыстарының патофизиологиялық даму тетіктерін түсінуге үйрету.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР № 1 Тақырып. «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия, гипо- және гипертиреоз, гипо-және гиперкортицизмдердің патофизиологиялық тетіктері»
Сабақтың мақсаты: Гипо және гипертиреоз, гипо және гиперкортицизм, гипергликемия және гипогликемия синдромдары кезіндегі организмдегі бұзылыстардың этиологиясын, патогенезін меңгеру.
Оқытудың міндеттері: Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін сипаттауды
Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиялық жайттарын білуді
Қалқанша безінің және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының негізгі өзгерістерінің патогенезін түсіндіруді
Қантты диабеттің I және II түрінің және диабеттік синдромның негізгі әйгіленімдерінің патогенезін түсіндіруді
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.
Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.