3 тапсырма.
|
«Мый қабықшасының тітіркенуі синдромы патогенезінің» кестесін толтырыңыз
|
|
Әйгіленімдер
|
Патогенезі
|
Бас ауыруы
|
Мый қабықтарын жүйкелендіретін үшкіл жүйке ұштарының, парасимпатикалық және симпатикалық талшықтарының тітіркенуі
|
Құсу
|
IV қарынша түбінде орналасқан кезбе жүйке қабылдағыштарының немесе сопақша мидың ретикулярлы құрылымындағы құсу орталығының тітіркенуі
|
Терілік гиперестезия, дыбыстық және жарықтық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы
|
Жұлын-мый түйінінің жасушалары және артқы түбіртектердің тітіркенуі
|
«жатқан ит» менингеалдық қалпы, (қолдары кеудеге жиналған, аяқтары іш аймағына тартылған, басы шалқайған, кеудесі шығыңқы, іші тартылған)
|
Бұлшықеттердің рефлекторлы тоникалық жиырылуы :бастың артқа шалқаюы шүйде бұлшықеттерінің илікпеуіне байланысты
|
Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы
|
Мойын жазатың бұлшықеттерінің межеқуатының жоғарылауы
|
Керниг симптомы (алдын ала тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмауы)
|
Бұлшықеттердің межеқуатының дерттік жоғарылауы
|
Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (арқасымен шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі)
|
Бұлшықет гипертонусы
|