Бұзылыстар түрі
|
Анықтамаға түсініктеме, патогенезі
|
Анестезия
|
Сезімталдықтың толық жоғалуы .
Серпіндердің қабылдағыштардан өткізгіштер бойымен сәйкес қыртысты аймаққа өтуінің бөгелуі салдарынан дамиды.
|
Гип(о)естезия
|
Сезімталдықтың төмендеуі.
Қозу табалдырығының жоғарылауы салдарынан дамиды.
|
Гиперестезия
|
Сезімталдықтың жоғарылауы. Қозу табалдырығының төмендеуі салдарынан дамиды.
|
Гипералгезия
|
Шектен тыс ауыру сезімталдығы
|
Диссоциация
|
Дененің белгілі аймағында жанасулық және терең сезімталдықтың сақталуымен, ауырулық және дене қызымы сезімталдығының болмауы.
|
Дизестезия
|
Тітіркендіргішті бұрмалап қабылдау (жылуды суық ретінде, жанасуды ауыру сезімі ретінде қабылдайды).
|
Аллохейрия
(синестезия)
|
Тітіркендіргішті оның әсер еткен жерінде емес дененің қарама-қарсы бөлігінде қабылдау.
|
Полиестезия
|
Бірреттік тітіркендіру көп ретті түрде қабылданады .
|