3 тапсырма. Кестені толтыру. Ауыру сезімінің түрлеріне сипаттама беріңіз
Ауыру сезімінің қасиеті
|
Эпикритикалық ауру
|
Протопатиялық ауру
|
Тітіркендіргіштің қайнар көзі
|
Тері, шырышты қабаттар
|
Ішкі ағзалар және тіндер
|
Жасырын кезең
|
Қысқа
|
Ұзақ
|
Тітіркендіргішті аластатқаннан кейін жалғасуы
|
Тез тоқтайды
|
Ұзақ сақталады
|
Өткізгіш талшықтардың түрлері
|
Миелинді, А түрі
|
Миелинсіз, С түрі
|
Қабылдау табалдырығы
|
Төмен
|
Жоғары
|
Орналасуы
|
Нақты
|
Жайылған
|
№ 2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№ 1 есеп
1. Науқаста патологияның қандай түрі дамыды? Инсульт дамыды. Оны жүйкелік зерттеулер кезінде анықталған белгілер (жұмсақ таңдай парезі, нистагм, гемигипестезия ж.б.) дәлелдейді. 2. Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма? Жиі инсульт дамуының себебі —ми бөлігінің ишемиясымен немесе қан құйылуымен жүретін мый қанайналымының бұзылысы .Науқаста пирамидалық жүйенің өткізгіш жолдарының зақымдану белгілері бар. 3. Әріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?
(а) афония — сыбырлап сөйлеудің сақталуымен дауыстың жоғалуы (кеңірдектің тыртығы , өспесі, оның бұлшықеттерінің салдануы, невроздар кезінде байқалады );
(б) парестезия — тітіркендіру болмаса да жансыздануды сезу, дене жыбырлауы, дене шаншуы (қанайналым бұзылысының нәтижесінде сезімталдық жолдарының жергілікті зақымдануы, токсикозда, суық тигенде орын алады);
(в) регургитация — жұмсақ таңдай бұлшықетінің шала салдануына байланысты қуысты ағза құрамындағы заттардың физиологияға кері бағытта жылжуы. (қазіргі жағдайда- ауыз қуысындағы тағамның мұрынға түсуі) ;
(г) шала салдану — ерікті қозғалыстың күші мен (немесе) тереңдігінің төмендеуі (сәйкес бұлшықеттің жүйкеленуі бұзылысы салдарынан дамиды);
(д) нистагм — көз алмасының еріксіз ырғақты екі фазалы (тез және баяу фазамен ) қозғалысы (симптом полиэтиологиялық, мысалы, орталық салдануда, пирамида жүйесі құрылымының бұзылысында байқалады);
(е) гемигипестезия — сезімталдықтың бір жақты төмендеуі (афферентті серпін өткізгіштігінің бұзылысының нәтижесі);
(ж) гипотония — бұлшықет межеқуатының төмендеуі (мысалы, әлсіз салдануда);
(з) гипорефлексия — рефлекстердің төмендеуімен сипатталатын жағдай (негізінен жұлындық жүйке серпінінің өткізілуінің бұзылысы);
(и) тремор — бүкіл дененің немесе оның бөліктерінің еріксіз, стереотипті, ырғақты тербелмелі төмен амплитудалы қозғалыстары (маскүнемдік, истерия, паркинсонизм, мишық зақымдануында байқалады).
№ 2 есеп
Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдануынан болуы мүмкін? Науқаста ишемиялық инсульт болуы мүмкін, кенеттен пайда болатын жүйкелік бұзылыстармен көрініп, 24 сағат бойы сақталады. Жүйкелік симптомдар ортаңғы мый артериясының немесе оның тармақтарының зақымдануымен байланысты.
Көрсетілген патологияға алып келген қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады? Инсульттің қауіп-қатер жайттары: егде жас, ер адам, гипертензия, гиперхолестеринемия
Осы науқастағы неврологиялық бұзылыстардың даму тетігі қандай? Инсульттің ең жиі себебі мый тамырларының атеросклерозы, артериялық гипертензия және гиперхолестеринемия болып табылады.
№ 3 есеп
Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай? Науқаста сәтсіздіктерде және ренжігенде, ауру көріністерін көрсетуге бейімделген истериялық түрде жауап беру қалыптасқан.
ЖЖӘ-нің дерттерінің қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды? Мінезінің истериялық қасиеті және бөлек психо-астениялық (өз-өзіне сенімсіздік, күмәнданғыш) белгілері бар науқаста өмірлік қиындықтар, маңызды шешімдер қабылдау кезінде истериялық невроз дамыды. Берілген науқастың жабысқақ әйгіленім кешенінде өзін –өзі ерекшелеп көрсету және қиындықтан қашу сезімі бар. Бұл жүйке әрекеті әлсіз тұлғаларға тән қасиет.
№ 4 есеп
Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді? Бұл науқасқа бір жағынан- өзінің мүмкіндіктеріне қарсы тұру, екінші жағынан – өзіне деген талаптардың жоғары болуы тән. Жүрек аймағындағы ауыру сезімі, тахикардия, артериялық гипертензия дамуы ОЖЖ жүйесіндегі тежелу үрдісінің күйзелісіне және зорығуына негізделген. . Бұл қозу үрдісінің басымдылығымен қатар жүреді
Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған? Науқаста өзінің күші мен мүмкіндіктерін ескермей жеке жетістікке үнемі сәйкессіз жетуі нәтижесінде құрылатын неврастения дамыды . Невроздың бұл түрі ЖЖӘ күшті, бірақ ұстамсыз тұлғаларда жиі дамиды.
№2 Тақырып. «Жүйке жүйесінің қимылдық қызметінің бұзылысы. Гипокинезиялар Гиперкинезиялар, құрысулық синдромы. Қояншық ауруының этиологиясы және патогенезі. Менингиттің патогенезі».
Достарыңызбен бөлісу: |