Руководителю соц


тапсырма Ситуациялық есептерді шешу



бет20/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#116208
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Жүйке-27.06.10

4 тапсырма Ситуациялық есептерді шешу .
1 есеп

  1. Селкілдек-тырысқақ ұстамасы дегеніміз не? Селкілдек ұстамалары аз уақытқа жиырылу мен бірінің артынан бірі жүретін, бұлшықеттердің бөлек топтарының босаңсуымен сипатталады. Жиі үлкен мый жарты шарының қатты қозуы немесе пирамида жүйесі құрылымы зақымдануы нәтижесінде дамиды. Жайылған клоникалық тырысулар конвульсия деп аталынады. Тоникалық тырысулар – бұлшықеттердің аса ұзақ жиырылуы, осының нәтижесінде дененің және аяқ-қолдардың әртүрлі мәжбүрлі қалыпта «қатып қалуы». Қыртыс асты құрылымдары қатты қозғанда дамиды. Клоникалық компонент басым болғанда аралас сипаттағы байқалатын тырысулар клонико-тоникалық деп аталады.

  2. Тырысулар дамуының негізінде не жатыр? Тырысулар дамуының себебі болып мый жарақаттары, инсульттер, жұқпалар, сыртқы және ішкі уланулар, зат алмасу бұзылыстары - гипогликемия, ҚСҮ бұзылысы немесе электролиттер алмасуының бұзылысы болуы мүмкін → иондық сорап қызметінің бұзылуы, натрий мен кәлций иондары кіруінің күшеюі, калий шығуының бұзылуы,калийдің жоғарылауымен кальций мен магний төмендеуімен нейрон аралық ортада иондар құрамының өзгеруі, қоздыратын нейромедиаторлар әсерінің жоғарылауы, ал тежегіштердің әлсіреуі → нейронның гиперактивациясы → ДКҚО→ тырысулар

  3. Берілген науқаста тырысулар дамуының мүмкін болатын себебі қандай? Берілген науқаста анамнез жоқ, бірақ бар мәліметтер тырысулар және дененің сол жақ бөлігінде қозғалыстың бұзылысы мый тінінің зақымдануына күмән тудырады. Артериялық қысымның жоғары болуы мый қанайналымының бұзылысына алып келуі мүмкін (инсульт).

2 есеп
1. Науқаста бар әйгіленімдерді сәйкес медициналық терминмен белгілеңіз.

  • Ауырмайтын күйіктер - анестезия

  • Тағамды жұтудың қиындауы – дисфагия

  • Мұрынмен сөйлеу – салданулық дисфония

  • Қабақтың түсуі – птоз

  • Ауыру сезімталдығының төмендеуі – гипоалгия

  • Жұмсақ таңдайдың түсуі – жұмсақ таңдайдың шала салдануы

  • Рефлекстердің болмауы – арефлексия

2. Көрсетілген бұзылыстар дамуында мүмкін болатын тетіктер? Жүйке жүйесінің кез келген бөлімінде жарақаттық зақымданулар, дегенерациялық сипаттағы созылмалы аурулар (мысалы, сирингомиелия), бас мыйы және жұлынның қатерлі өспелері, мый қанайналымының бұзылысы. Тетіктері: қабылдағыштардан мый қыртысына бағыттылған жүйке серпіндерінің жартылай немесе толық үзілуі.
3. Берілген науқаста жүйке жүйесінің қай құрылымдық-қызметтік деңгейінде дерттік үрдіс дамуы мүмкін а) сезімталдықтың бұзылуы, б) қозғалыс бұзылыстары? Мый жүйкелері (IX, X) ядроларының деңгейінде немесе жұлынның өткізгіш жолдарында
4. Жүйке жүйесі қызметінің бұзылысының сипатын және ағымы ерекшеліктерін ескере отырып, берілген бұзылыстарды шақырған мүмкін болатын дерттік үрдістер және олардың себептері туралы ойыңызды құрастырыңыз. Жүйке жүйесі бұзылыстарының әрқилылығы, аурудың созылмалы ағымы ОЖЖ-нің дегенеративті сипаттағы ауруының дамуы туралы ойлауға мүмкіндік береді. (мысалы, сирингомиелия)
3 есеп

  1. Аурудың патогенезі қандай? Вильсон-Коновалов ауруы – гепатоцит мембраналары арқылы мыс тасымалдануына қажетті фермент түзілуін қадағалайтын тектің ақауы нәтижесінде бауыр, ми, көздің тор қабатында, бүйрек, буын, қалқанша маңындағы бездер жасушаларында мыс жиналуымен сипатталатын аутосомды-рецессивті ауру . Нәтижесінде мыстың өтпен шығуы төмендейді. Сонымен қатар, церулоплазмин деңгейінің төмендеуі және оған мыстың қосылуы байқалады.

  2. Жүйкелік әйгіленімдердің патогенезін түсіндіріңіз.

Бауырда мыстың жиналуы→ гепатоциттердің зақымдануы → мыстың қанға түсуі → мида, қасаң қабықта, бүйректе, буындарда, қалқанша маңы бездерінде мыстың жиналуы → осы ағзаларда МАТ үрдістерінің әсерленуі → бауыр беріштенуі, артрит, катаракта, моторлы және жүйкелік бұзылыстар, гемолиздік анемия.

Сынамалық тапсырмалар жауаптарының эталоны





1-A

6-C

11-B

16-A

21-C

26-A

31-В

36-Е

41-B

46-E

2-E

7-D

12-B

17-D

22-E

27-A

32-E

37-A

42-B

47-A

3-C

8-B

13-A

18-C

23-D

28-E

33-E

38-A

43-E

48-A

4-E

9-B

14-С

19-E

24-E

29-D

34 –A

39-B

44-A

49-A

5-A

10-A

15-D

20-E

25-A

30-D

35-А

40-A

45-Е

50-E




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет