ӘДЕБИЕТ:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 596-616
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 460-464
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 576-592
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
Қосымша
Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006 – С.241-254.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – C. 329-342
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 681-688
А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.455-459; 120-124
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 447-465 негізделіп жасалған.
АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 тақырып. «Комалық жағдайлардың патофизиологиясы»
Мақсаты: команың этиологиясы мен патогенезін өз бетінше оқу.
Тапсырмалар:
Оқу материалын мына сұрақтар бойынша қарастыру:
Кома, анықтамасы, кома түрлері
Неврогендік, эндокриндік, уыттық, гипоксиялық, жарақаттық комалардың патогенезі.
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
Сынамалық тапсырмаларға жауап беру
СӨЖ орындау түрі: Өз бетінше берілген әдебиет бойынша материалды оқу, тақырыптың мультимедиялық қойылымымен жұмыс істеу, сынамалық тапсырмаларды шешу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
Орындау және бағалау критерийлері: «Білімді бағалау ережелері мен критерилері» 2.11 бөлімін қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі:«Жүйке жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 1 тапсырма. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз
№ 2 тапсырма. Уремия кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз
№3 тапсырма. Жедел тыныс және жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз
№ 4 тапсырма. Менингит кезіндегі кома патогенезінің сызбанұсқасын құрыңыз
№ 5 тапсырма. Сынамалық тапсырмаларға жауап беріңіз.
1. Берілген сана бұзылуының анықтамаларының қайсысы команы белгілеу үшін дұрыс болып табылады?(2)
Сыртқы тітіркендіргіштерге жауаптың жартылай, бірақ айқын тежелуі
Сергектік деңгейінің төмендеу жағдайы
Сергектік деңгейінің төмендеуінен естің анық болмау жағдайы
Сыртқы тітіркендіргіштерге сәйкессіз серпілістермен сипатталатын психикалық жағдай
Сергектік деңгейінің төмендеуімен бірге мидың интегративті қызметі ретінде естің шектен тыс тежелу жағдайы
2. Ступорға тән (3)
Сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтарудың толық тежелуі
Сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтарудың жартылай тежелуі
Жауап қайтару үшін күшті тітіркендіргіштің әсері қажет
күші жоғарғы тітіркендіруді тоқтатқаннан кейін де, оған жауап қайтару тоқтамайды
күші жоғарғы тітіркендіруді тоқтатқаннан кейін де, оған жауап қайтару бірден тоқтайды
3. ОЖЖ барлық нейрондарының зақымдануы нәтижесінде дамитын команың жиі себептері болып табылады (2)
мый инфаркты
Организмде зат алмасу бұзылысы
Менингит
Токсемия
Эпилепсия
4. Бас мыйы құрылымының жергілікті зақымдануы нәтижесінде дамитын команың жиі себептері болады (3)
мый жарақаты
мый тініне қан құйылу
мый өспесі
Гипертензия
Бүйрек жеткіліксіздігі
5. Әдетте токсемия команы мыналардың салдарынан дамытады(3)
Ауыр анемиялардың
Гипогликемиялардың
Нейрондарда энергия түзілуінің төмендеуінің
Нейротрансмиттердің әсерлері мен түзілуінің төмендеуінің
Нейрондардың трансмембраналық потенциалының дертінің
6. Зат алмасуының бұзылуы нәтижесінде дамитын кома қабаттасады (2)
Гипертермиямен
Гипотермиямен
Гипоксиямен
Гипергликемиямен
Гипогликемиямен
7. Су-тұз алмасуы бұзылуынан дамитын кома байланысты (3)
Гипонатриемияға
Гипернатриемияға
Гипокальциемияға
Гиперкальциемияға
Гиперхлоргидрияға
8. Гиперосмостық диабеттік кома патогенезінің негізгі жайты болып табылады (3)
Гипергликемия
Жасуша сыртында осмостық қысымның жоғарылауы
Жасуша гипогидратациясы
Гипогликемия
Қанда сүт қышқылының жоғарылауы
9. Команың патогенезінде маңыздысы (4)
гипоксия және мый нейрондарында қажым тапшылығы
Улану
Қышқыл-сілтілік үйлесімділіктің бұзылысы
Электролиттік тұрақтылықтың бұзылысы
Гематоэнцефалдық тосқауылдың бүтіндігінің бұзылысы
10. Кома кезінде орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары дамуының бірізділігі
психикалық мазасыздық, сананың шатасуы, сопор, сананы терең жоғалту
сананы терең жоғалту , сопор, сананың шатасуы, психикалық мазасыздық
сананың шатасуы, сананы терең жоғалту, сопор, психикалық мазасыздық
психикалық мазасыздық, сопор, сананың шатасуы, сананы терең жоғалту
Е) сананы терең жоғалту, сананың шатасуы, сопор, психикалық мазасыздық
11. Диабеттік команың дамуында маңызы бар (4)
гиперосмостық дегидратация
кетоз
гипогликемия
ацидоз
гиперазотемия
12. Кетоацидоздық диабеттік кома патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)
айқын гипергликемия
гиперкетонемия және теңгерілмеген ацидоз
жасушааралық сұйықтықтың және қан гиперосмиясы
жасушалардың айқын дегидратациясы
сүт қышқылының көп жиналуы
13. Гипогликемиялық комаға тән (3)
қанның гиперосмиясы
қанның гипоосмиясы
тегіс салалы бұлшықеттердің межеқуатының төмендеуі
құрысулар
ылғал тері
14. Диабеттік комаға тән (4)
кетоз
гипергликемия
қанның гипоосмиясы
қанның гиперосмиясы
Куссмауль тынысы
15. Уремиялық кома патогенезінде маңыздысы (4)
уремиялық уытты заттардың жиналуы
гипоосмолялды гипергидратация
ацидоздың дамуы
гиперкалиемия, гипермагниемия, гиперсульфатемия, гиперфосфатемия
организмнің дегидратациясы
Достарыңызбен бөлісу: |