Руководителю соц


Кардиомиоциттер қызметінің біріншілік бұзылысы кезінде құрбақаның жүрек жұмысының өзгерістерін білу



бет19/37
Дата26.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#143512
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

Кардиомиоциттер қызметінің біріншілік бұзылысы кезінде құрбақаның жүрек жұмысының өзгерістерін білу.

Әдісі: Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (КСl) калий хлор ерітіндісі тамызылады. 3-5 минуттан кейін қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін,тағы да көрсеткіштер анықталады.

Тәжірибе сатылары

ЖСЖ 1 мин

Минөттік көлем 1 мл

Систолалық көлем 1мл

Бастапқы жағдайы
Зақымдағаннан кейінгі
Жуылып тасталғаннан кейінгі










Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек:
1.Кардиомиоциттердің біріншілік зақымдануы кезінде жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?
2. Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай тетікпен жүреді?
3. Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма?



3 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шешу

№ 1 есеп.
Бақа жүрегіне тәжірибе жасау кезінде кадмий хлориді қосылған перфузиялық ерітінді жіберу арқылы, қан ағымына қарсы кедергісін жоғарылатып жүрекке қосымша жүктеме түсіріледі. Жүрек қызметінің көрсеткіштерін тіркейді. (Кестеде келтірілген)

Жүрекке жүктеме, см

1 мин-гі ЖСЖ

минөттік көлем мл

систолалық көлем, мл

Жүрек жұмысы мл х см

5см
10 см
15 см
20 см

18
20
24
25

1,7
1,6
0,9
0,1







Қанның систолалық көлемін есептеңіз (СО), СО х Н формуласы бойынша жүректің соққылық жұмысын анықтаңыз, (мл х см)
Сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің теңгерілуіне қандай тетіктер қатысады?

    2. Теңгерілмеген сатысында жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгерді?

№ 2 есеп
Бақа жүрегіне Рингер ерітіндісінің құйылуын біртіндеп жоғарылату арқылы перфузиялайды. 5 см биіктікте жүрек жұмысының көрсеткіштері тіркеледі. ( Кестеде берілген)



Жүрекке жүктеме, см

Енгізілген сұйықтық, мл

1мин-гі ЖСЖ

минөттік көлем мл

систолалық көлем, мл

Жүрек жұмысы мл х см

5см
5 см
5 см
5 см
5 см



1,6
1,8
2,0
2,2
2,4



18
18
19
22
25

1,6
1,8
2.2
2.4
1,6







Қанның систолалық көлемін есептеңіз (СК), мына формула бойынша жүректің соққылық көлемін есептеңіз СК х Н (мл х см). Алынған нәтижелер бойынша график сызыңыз (абцисс осінде – құйылған сұйықтық мөлшері, ординат осі бойынша СК, абсцисс осінде –жүректің соққылық жұмысы )
Зерттелген көрсеткіштерді сараптаңыздар. Теңгерілу тетіктері туралы қорытынды жасаңыз.

3 есеп

40 жасар туберкулезбен ауыратын науқас З. ентігуге, оң қабырға астындағы ауыруға, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Бұл шағымдар 4 апта бұрын дамып, біртіндеп үдей түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісінген, ортопноэ, (науқас алға қарай еңкейіп отырады), перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға және оңға 2 см-ге үлкейген, ЖСЖ 100, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., аускультация кезінде: жүрек тондары тұйық, өкпесінің базальды бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі минутына 26 рет, мойын көктамырлары ісінген, бауыр қабырға асты доғасынан 3 см-ге шығып тұр, сипағанда ауырады, аяғы домбыққан. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында жүректің шар тәрізді көлеңкесі байқалады.
1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар ма? Ол туралы не мәлімдейді?
2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
3. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – С 460-524

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 356-362

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  4. Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие Под ред А.В. Ефремова. М.:

  5. ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С.122-123.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 388-418

  7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-154.

    1. Қосымша

  8. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. – С. 106-121, 140-158

  9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 466-490.

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды шешу)


Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 306-349 негізінде құрастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет