Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан



бет4/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)

Lesson Study-дің бірінші типі. Аталған тип аясында барлық мұғалімдер бір бірімен ынтымақтастық орнатып, бір тақырыпты таңдайды, сабақты зерттеу тақырыбына сәйкес өткізеді және барлық сабақтар бойы ақпаратты жинауды жүзеге асырады. Оқу жылының соңында есеп жарияланады. Мұғалім сабақты өзі үшін емес, зерттеудің бірыңғай тақырыбы үшін жүрізеді. Әрбір Lesson Study жалпы мектептік Lesson Study үдерісінің бөліктерін қамтиды. Мұндай жағдайда Lesson Study талқылау үлкен маңыздылыққа ие болады. Әрбір сабақ мектептің зерттеу тақырыбымен байланысты болуы тиіс.
Lesson Study-дің екінші типі. Мұнда ерікті мұғалім сабақты дербес жүргізеді. Мұғалім өз тақырыбын таңдайды және оқыту дағдыларын дербес дамытуға тырысады. Ол сабақтың жоспарын таңдалған тақырыпқа сәйкес жазады да, мұғалімдерден құралған топпен бақыланатын сабақты өткізеді. Сабақ барысы сабақты бақылайтын мұғалімдермен талқыланады, содан соң мұғалім әріптестердің ұсыныстарын ескеріп, екінші сабақты өткізеді. Мұндай жағдайда сабақты жүргізетін мұғалім Lesson Study үдерісі өткізілу барысы жөнінде пікірлерді жинайды және өзінің оқыту дағдыларын жетілдіреді.
Lesson Study-дің үшінші типі. Басқа мұғалімдердің сабақтарын бақылай отырып, Lesson Study барлық мұғалімдер өткізеді. Бақылау барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасуы мүмкін және өзінің оқыту, бақылау дағдыларын дамытады. Lesson Study осындай типінде мұғалімдер өзінің тақырыбын таңдайды, дегенмен бірыңғай тақырыпты белгілеген әлдеқайда пайдалырақ болар еді. Әрбір мұғалім сабақты жылына бір рет өткізеді, бірақ бақылау үдерісіне басты көңілді бөледі. Бақылау дағдылары жақсы дамыған мұғалім әрбір оқушыны бақылай алатындай дәрежеде болады (Чичибу, 2010).
Сабақты зерттеу не үшін қажет?


Өзіне қараған, өзін көрер,
Өзін көрген, өз бағасын білер,
Өз бағасын білген, өзіне қатал болар,
Өзіне болған қатал – расында ұлық болар!
Пьер Гренгор

Бүгінгі таңда мұғалімнің басты кәсіби білігі өз жұмысының барысы мен нәтижесінің рефлексиясын жүзеге асыру білуі болып табылады. Осы білік жекелеген оқу сабағын талдау сәтінен бастап бүкіл өзінің жұмысына және кәсіби маңызы бар қаисеттеріне терең стратегиялық талдау жүргізуге дейін қолданылады. Өзінің тәжірибелік қызметіне зерттеушілік тұрғыда және өзіне өзі сананың рефлексиялық қасиеттеріне негізделген субъект ретінде қарай білу қабілеті мұғалімнің кәсібилік деңгейін анықтауға критерий бола алады


(Бизяева, 2004).
Көп жағдайда педагогтар сабақты өз бетімен талдауды жүргізбеу шартымен көп ашық сабақ өткізуге дайын болады. Әдетте, мұны басқа тұлғалардың қысымымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары немесе әдістемелік бірлестік жетекшісі) істеуге тура келеді. Өзін-өзі талдау алдындағы қорқыныш – әрқашан да педагог кәсібилігінің төмендігі туралы не болмаса мектепішілік басқарудың авторитарлық стилі туралы хабар беретін өте жаман белгі болып табылады. Өз сабағының рефлексиясын өткізу үшін мұғалімде бақылау дағдылары болуы тиіс, алайда мұғалімге сабақ барысында
20-дан астам оқушының жұмысын бір уақытта қамту іс жүзінде қиынға соғатынын көрсетеді. Осы кезде сабақты зерттеуге көмек көрсете алатын және алаңдататын: оқытудың сапасын жақсарту үшін оқытудың тиімді дағдыларын қалайша дамытуға болады? деген басты сұраққа жауап беруге септігін тигізетін әріптестердің сыншыл достар ретіндегі көмегі қажет болуы мүмкін.
Әдетте, мұғалімдер сабақ барысына бақылау жүргізгенде назарын оқушыларға емес, мұғалімнің әрекеттеріне шоғырландырады. Мұғалімдер өзінің бақылау дағдыларын оқушыларға бақылау жүргізу үшін дамытуы тиіс (Чичибу, 2010).
Lesson Study сабақты зерттеудің демократиялық тәсілі деп атау кездейсоқ емес. Біріншіден, топтар мұғалімдердің қалауы және зерттеудің нақты бір тақырыбына деген қызығушылығы бойынша қалыптастырылады. Екіншіден, сабақты бір мұғалім өткізетініне қарамастан, бүкіл топ олардың бірлескен жұмысының кез келген нәтижелеріне жауапты болады. Үшіншіден, топ жинақталған тәжірибесімен кең педагогикалық қоғаммен бөлісе алады. Осылайша, сабақты зерттеудің негізгі мақсаты мұғалім тәжірибесін жақсарту болып табылады.
2-бөлім. LESSON STUDY ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Топты қалыптастыру


Мұғалімдер жұмыстың тиімді тәсілдерін меңгере отырып, күнделікті жұмысында бір адам үшін жауабын табу қиындық тудыратын сұрақтарға кезігеді, сондықтан әріптестерімен жиі кеңесіп отырады. Біздің жағдайда сұрақтарға жауап іздеу нәтижесінде өзінің мәселелерін шешуге мүдделі болған адамдар тобы құрылды, бұл – орыс және қазақ тілдері пәндерінің мұғалімдері.


Осылайша, өзінің сабақтарын зерттеу үшін 5 мұғалімнен құралатын топтарды құру идеясы туды. Біздің мектеп мұғалімдері өзінің сабағын зерттеумен бірінші рет айналысып жатқан жоқ, алайда 1-2 циклды аяқтаған соң, мұғалімдерде сабақтарды зерттеу бойынша көп сұрақтар туындап жатты. Әр кезде оқыту әдістерінің дұрыс таңдалғанына қатысты күмәндары болып жатты, сондықтан сыншыл дос ретінде Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалынан тренерді шақыруды жөн деп шештік, тренер Lesson Study тобының үйлестіруші қызметін атқарды. Оның үстіне топтың барлық қатысушылары аталмыш тренермен жеке таныс болып, оны «тиімді сыншыл әріптес» ретіндегі қасиеттерге ие адам ретінде танып үлгерген. Нәтижесінде бір идеяға мүдделі, сенімгерлік қарым-қатынаспен және жемісті ынтымақтастыққа деген сеніммен біріктірілген ерікті пікірлес тұлғалар тобы құрылды.

Зерттеудің ортақ тақырыбын анықтау


Біздің топ мүшелерін біріктірген ортақ тақырып бағалау болды. Зерттеудің нақты тақырыбын анықтау үшін біз алғашқы кездесуде «Ортақ идея» стратегиясын қолдандық. Үйлестірушінің міндеті топтың барлық мүшелерін зерттеу мәселесін анықтауға қатыстыру болды, бұл ретте, әрбір мұғалімнің күтімі мен қалауын ескеру қажет еді. Ол үшін топтың әр мүшесі парақшада өзінің өзекті сұрағын жазды. Мұғалімдерді қызықтырған мәселелер келесідей түрде болды:



  • Өз тәжірибемде бағалаудың қандай түрлерін қолдануға болады?

  • Өзін-өзі бағалаудың рөлі қаншалықты маңызды?

  • Бағалау оқыту үшін қандай рөлді атқарады (қалыптастырушы ма әлде бағалаушы ма, әдетте ол оқыту барысында бағалаушы рөлін ғана атқарады)?

  • А, В, С оқушылары үшін жетістіктер критерийлерін ажырату қажет пе?

Содан соң үйлестіруші топтың әрбір қатысушысына өзінің сөйлемінде тек үш басты сөзді қалдыруды ұсынды. Одан кейін тек бір басты сөзді немесе сөз тіркесін қалдыру керек болды. Құрылған Lesson Study тобының барлық мүшелерінің басты сөздері мынандай болды: тарту, қолдану, өзін-өзі бағалау, оқыту үшін бағалау, жетістіктер критерийі. Осындай басты сөздерден зерттеу тақырыбы тұжырымдалды: «Жетістіктер критерийлері оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауға септігін тигізеді ме?»
Осылайша, топ өзінің алдына зерттеудің келесі мақсаттарын қойды:

  • Сабақтың әрбір кезеңінде А, В, С оқушылары үшін жетістіктер критерийлерін құруды үйрену;

  • Оқыту үдерісіндегі өзін-өзі бағалаудың рөлін анықтау;

  • Оқытудағы ілгерілеуді қадағалау үшін қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін таңдау;

  • Әр оқушыны оқу үшін бағалауға тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет