Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту



Pdf көрінісі
бет36/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту
Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, 
керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының 
білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында 
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін 


36
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» 
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру 
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі бо-
лып табылады және әңгіменің үш түрі бар (3-кесте).
• Әңгіме-дебат;
• Кумулятивтік әңгіме;
• Зерттеушілік әңгіме.
3-кесте. Оқуда қолданылатын әңгіме түрлері
әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады 
және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған 
аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», 
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге аса-
ды;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке 
бағытталған. 
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын 
жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың 
әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында 
жүргізілгенімен, оған қатысушылардың 
өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды 
төзімділікпен тыңдайды;
3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ 
үнемі мұқият бағалана бермейді. 
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме 
«көрінеді»; 
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де 
мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуын-
ша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет