81 студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
ОҚЫТУдЫ БАСҚАРУ ЖәНЕ КӨШБАСШЫлЫҚ Аталған тақырып мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың кәсіби
өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге
болады деген сенімге негізделеді.
Бұл көзқарасты HertsCam Network (ХертсКэм Нетворк)желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы қолдап отыр. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін,
оқыту барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді
және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген
көзқарасқа негізделген (MacBeath et al., 2006).
Терең кәсіби біліктілік Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап
етіледі (Hoyle, 1974). Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден бо-
сауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.
Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігіболып табылатын, кәсібилікке
бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе оты-
рып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби
біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік
мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,
көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады
(Frost, 2011).
Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті бо-
лып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік туды-
руы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде
өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері
мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық
дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.