Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет55/198
Дата08.12.2022
өлшемі13,19 Mb.
#55854
түріРуководство
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   198
Байланысты:
студентке арналған нұсқаулық

стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, 
сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты 
құндылықтар жатады (Александер, 2001).
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін 
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдар-
дан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде 
нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды 
оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табыла-
тын оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген. 
Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы 
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы 
немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Мұғалімдерді және әдістеме жасаушылар-
ды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания 
академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы 
«Оқу үшін бағалау» (ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде Оқу үшін бағалау 
ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу 
үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық 
болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, 
мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын 
мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз 
ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң 
қадағалау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет