Руководство для учителей по реализации подхода Lesson


Пікірталас үлгісі Мұғалім



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118673
түріРуководство
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
20
Пікірталас үлгісі
Мұғалім
Оқушылар
Оң сәттер
Жақсарту 
қажет
5-кезең: Lesson Study туралы есеп жазу
Талқылау көмегімен келесі ашық сабаққа жауап беретін мұғалім сабақ жоспа-
рын жазу үшін жаңа идея әзірлей алады.
Бірнеше Lesson Study тәжірибелері арқылы бір жыл ішінде мұғалім өз рефлек-
сиясын тереңдете немесе сабақтың жаңа идеяларын әзірлей алады. Егер Сіз Lesson 
Study туралы есеп жазсаңыз, бұл Сіздің дамуыңызды бір жылдан кейін көрсетеді 
және есеп жазу үдерісінің өзі Сіздің Lesson Study рефлексиясына түзетулер енгізеді.
Егер Сіз мектепте Lesson Study үшін бірыңғай тақырып белгілесеңіз, Сіз 
өз есептеріңізді бір кітапқа біріктіре аласыз. Кейбір жағдайда бұл есептерді өз 
мектебіңіздің жылдық есебімен біріктіре аласыз. 
Менің зерттеуіме сай Lesson Study тәжірибесін жүргізу Сіздің мектеп 
мәдениетіңіздің дамуы үшін тиімді болып қалады. Осылайша, Lesson Study үшін 
бірыңғай тақырыпты белгілеу және аталған тәжірибе туралы есеп жазу маңызды 
шарт болып табылады. (Чичибу және Киара 2013)
• Lesson Study үдерісін басқаруға арналған комиссия
• Lesson Study үшін тақырып белгілеу
• Барлық мұғалімдер зерттеу сабақтарын өткізеді
• Жоспар құру үшін мектептің барлық мұғалімдерімен кездесу
• Басқа мектептердің мұғалімдерін шақыру
• Мектеп жылының соңында Lesson Study туралы есеп дайындау 
Глоссарий:
• Lesson Study: сабақты жақсартуға арналған арналған процесс. Ол сабақты 
жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын ашу, сабақтан кейінгі 
талқылау сияқты кезеңдерден тұрады. 
• Зерттеу сабағы: мектеп немесе мұғалімнің зерттеу тақырыбына байланысты 
жоспарланған сабақ. Оны мектептің басқа мұғалімдері бақылайды. 
• Сабақтан кейінгі талқылау: бақылаушылар арасындағы талқылау, оның 
мақсаты сабақтан алынған ой-пікірді талқылау, сабақты жақсарту жөніндегі 
жаңа идеялармен алмасу.
Алғыс айту 
Мен Білім беру саясаты жөніндегі ғылыми зерттеу институтында бас 
ғылыми қызметкер болып жұмыс істеймін. Бұл институт Жапонияның Білім беру 
министрлігіне қарайды. Менің мамандығым – Lesson Study және мұғалімдерді оқыту. 
Мен Жапонияның мектептерінде жүргізілген жүзден астам сабақты бақыладым. 


21
Мен Қазақстанда 2013 жылдың сәуірі мен шілдесі аралығында болдым. На-
зарбаев Зияткерлік мектептерінде өткізілетін сабақтарды бақылау, жергілікті 
мұғалімдермен танысу мақсатымен Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Алматы, Та-
раз, Шымкент және Қызылорда қалаларында болдым. Бақылау және мұғалімдермен 
кездесу нәтижесінде мен Қазақстандағы сабақ өткізу мен мектепті басқару жөнінде 
көп ақпарат жинадым. 
Бұл оқулықта мен Lesson Study арқылы Қазақстан мектептерінде мектеп 
мәдениетін қалай қалыптастыру жайлы ойлармен бөлістім. 
Мен ПШО басшысы Ермек Қасымбеков мырзаға мені Қазақстанға шақырғаны 
үшін, Кемал Бакировқа менің сапарымды ұйымдастырғаны үшін, Ирина Энтина мен 
Ажар Тулепбаеваға менің қалаларға сапарымды ұйымдастырғаны үшін алғысымды 
білдіремін. Louise du Touit және Raewyn Eagar Педагогикалық шеберлік орталығының 
халықаралық кеңесшісі ретінде маған осы оқулықты жазғанда көп кеңес берді. Dr. 
Hiroyuki Kuno маған Жапониядағы Lesson Study сипаттамасын жазуда көп көмек 
көрсетті. Сонымен қатар, мен Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Алматы, Тараз, 
Шымкент және Қызылорда Педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс істейтін 
қызметкерлерге алғысымды білдіремін. 
Toshiya CHICHIBU
Шілде, 2013 ж. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет