Руководство для учителей по реализации подхода Lesson



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118673
түріРуководство
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
2-кезең: Жоспарлау
Lesson Study-да бір мұғалім белгіленген сабаққа дейін шамамен бір айда еркіті 
түрде зерттеу сабағын өткізу, сабақ жоспарын жазу үшін жауапкершілікті өзіне ала-
ды. Содан кейін ол сабақ жоспарын кездесуде ұсынады. Онда бір сынып немесе бір 
пән саласы мұғалімдері жиналады. Кездесуде мұғалімдер тобы сабақ жоспарының 
түзетулерін талқылайды. Талқылау барысында олар сабақты оқу жылының басында 
белгілейтін Study Lesson тақырыбына сай жақсартуға тырысады.
Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға енгізделген сабақ жоспа-
рына түзетулер енгізеді. Кейбір жағдайда кездесу циклдері мен түзетулер бірнеше рет 
қайталанады. Сонымен қатар мұғалімдер сабақ жоспарын жақсарту үшін әкімшіліктен 
немесе басқа институттан келген бақылаушылардан кері байланыс сұрайды. Сабақты 
дайындау және талқылау үшін бір айдай уақыт қажет болуы мүмкін.
Біздің сабақ жоспарымызда Сіз көбінесе мұғалімдердің көптеген әрекеттерін, 
бірақ аз ғана оқушылардың күтілген жауаптары туралы сипаттайсыз, ал Жапонияның 
оқу жоспарында оқушылар мұғалімнің нұсқауына немесе сұрағына қалай әрекет 
ететіні маңызды болып табылады.


17
Мысалы, мұғалім оқушылардан «37-ні 28-ге қалай қосамыз?» деп сұраған 
уақытта кейбір оқушылар 30+20=50, 7+8=15, 50+15=65 деп есептесе, басқалары 
28=3+25, 37+3=40, 40+25=65, үшіншілері 28=13+15, 37+13=50, 50+15=65 деп 
есептейді. Ал сабақ уақытында оқушылар тіпті күтпеген ойларды айтуы мүмкін, 
осылайша, мұғалім оқушылардан аса мүмкін болатын пікірлерді күтуі тиіс.
Оқушылардың ойын күтуге қосымша ретінде маңызды мәселе сабақ 
қорытындысын қалай шығару керек деген мәселе болып табылады. Сабақтың мақсаты 
«есептеудің тиімді тәсілін түсінуде» болып табылады. Осылайша, оқушылар әртүрлі 
тәсілдермен есептей алады, бірақ олар екі таңбалы сандармен жұмыс істеу үшін 
қайсысы ең жақсы тәсіл болып табылатынын білуі тиіс.
Сабақ жоспарының мысалы: 
1. Сынып 
2. Күні
3. Мақсаты
4. Критерилер
5. Материалдар 
6. Сабақ барысы
Кіріспе
Оқушылардың назарын тартып алу 
Негізгі сұрақ
Негізгі жұмыс
Қосымша сұрақ 
Оқушылардың болжамды жауаптары
Қорытынды
Сабақ жоспарын тексеру
• Бөлімдері: тақырып, күні, сынып, материалдар
• Оқу мақсаттары мектептің оқу жоспарымен сәйкес келеді
• Жетістіктерді бағалау критерилері оқыту мақсаттарымен сәйкес келеді
• Кіріспе, негізгі жұмыс пен қорытынды арасындағы байланыс қадағаланады
• Оқушылардың аталған сабақ жоспарын меңгеруі
• Сабақ жоспары Lesson Study тақырыбымен сәйкес келеді
• Сабақ жоспары оқушылардың болжамды жауаптарын қамтиды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет