19
Сіздің бақылай алуыңызды жақсарту үшін Сіз пікірталастар емес, диалогтар
өткізуіңіз қажет. Диалогта
Сіздер басқаларды жеңуге емес, бір/біріңізді түсінуге
тырысуыңыз керек. Сіз басқаларды тыңдау үшін бар назарыңызды аударуыңыз ке-
рек. Кейде Сіз өз идеяңызды басқаларымен бөліскен уақытта Өзінің неліктен осылай
ойлайтыныңыз туралы болжамыңызды айтуыңыз қажет.
Пікірталастар
Диалог
Мақсаты
Қорытындыға келу
Бірін бірі түсіну
Қажетті шеберлік
Сынтұрғысынан ойлау
Тыңдай білу
Көзқарас
Өз
болжамын айту
Қатысушылар арасындағы
қарым-қатынас
Бәсеке
Бәсеке емес
Сабақты талқылаған уақытта стикерлер мен плакаттарды қолдану қажет болуы
мүмкін.
Талқылауда Сіз 5 немес 6 мұғалімнен тұратын бірнеше топ құрасыз. Әр топқа
Сіз стикерлерге сабақ бойынша айтылуы мүмкін өз ескертулеріңізді жазасыз.
Стикерлерді толтырғаннан кейін Сіз оларды плакаттарға орналастырасыз. Плакат-
та Сіз бірдей идеяларды көрсететін стикерлерді табасыз. Сіз оларды топтастырып,
әр топқа атау бересіз. Плакатқа атауы бар бірнеше топтар құрылады. Бұл сабақтың
ерекшелігін көрсетеді. Бұл үдеріс сабақ барысын талдайды.
Сабақ барысын талдағаннан кейін Сіз сабақты
қалай жақсартуға болатынын
талқылай аласыз. Талқылау нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Сіз талқылап жатқан
кез-келген идея плакаттың бос аумағында жазылуы мүмкін.
Сіз топта талқылайтын болсаңыз, сіз топ көмекшісін атауыңыз қажет. Көмекші
топтық талқылау жүргізеді және талқылау нәтижелерін жазады. Кейде мектепте білім
беру жөніндегі кеңестің бақылаушысы немесе университет профессорлары сияқты
сыртқы кеңесшілерден талқылауға қатысуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге
кеңес беруін сұрайды.
2 мин 5-6 мұғалімнен топтарға бөлініңіздер
3 мин Өз идеяларыңызды стикерлерге түсіріңіздер
30 мин Өз жасаған белгілеріңізді төменде
берілген схеманы сақтай отырып,
плакатқа орналастырыңыздар (мұғалімнің оң сәттері, нені жақсару қажет,
оқушылардың оң жақтары, нені жақсарту қажет) және ұқсас идеяларды
стикерлердің орнындарын ауыстыра отырып,
плакатқа топтастырыңыз,
талқылай отырып, ескертулердің әр тобына атау беріңіз
Плакаттағы атаулар сабақтың
ерекшеліктерін көрсетеді
25 мин Жақсарту қажет болған сабақтың кезеңдеріне қандай өзгерістер енгізуге
болатынын талқылаңыз
Мұны
плакатқа жазып қойыңыз
30 мин Әр топтың нәтижелерімен бөлісіңіз