Су ыдысының толуы
Кептіргіш алғаш рет пайдаланылған кезде су ыдысқа
дереу ақпайды, себебі су сорғы арқылы өтуі тиіс. Бұл
автоматты түрде орындалады және оған бірнеше
минут қажет, бұл мерзім барысында кептіру үдерісінің
тиімділігіне әсер етілмейді.
Конденсор бөлігін тазалау
• Конденсор бөлігін мерзімді түрде (ай
сайын) шығарып алып, конденсордың
артқы жағынан суық сумен шаю арқылы,
тілімшелерін түйіршік қалдықтарынан
тазалап отырыңыз.
Конденсорды шығарып алу:
1. Кептіргішті
розеткадан ағытып,
есікті ашыңыз.
2. Конденсор қақпағын
ашыңыз (Суретті
қараңыз), сағат
тіліне қарама-қарсы
бағытта 90°-қа бұру
арқылы үш ілмекті
босатыңыз, одан кейін
конденсорды шығарып
алу үшін қысқыштан
тартыңыз.
3. Тығыздағыштардың
бетін тазалап,
ілмектері мықтап
жабылғанына көз
жеткізіп, көрсеткілерді
жоғары қаратып
бөлікті орнына салыңыз.
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
Кептіргішті тазалау
• Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын
және резеңке бөлшектерін дымқыл шүберекпен
тазалауға болады.
• Жиналып қалған кез келген түйіршіктерді,
талшықтарды немесе шаңды тазалап алу үшін
мерзімді түрде (6 ай сайын) алдыңғы ауа кіргізу
торын шаңсорғышпен тазалаңыз. Оған қоса, анда-
санда шаңсорғышпен конденсордың алдыңғы
жағын және сүзгі аумағын талшық қалдықтарынан
тазалаңыз.
!
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
!
Электр және механикалық бөліктер қауіпсіз түрде
жұмыс істейтінін қамтамасыз ету үшін кептіргішті
мерзімді түрде өкілетті техникалық мамандарға
тексертіңіз («Көмек» тарауын қараңыз).
Қысқа кеңестер
! Есік сүзгісі мен конденсатор сүзгісін
жүктеген сайын тазалауды ұмытпаңыз.
! Жүктеген сайын су ыдысын босатуды
ұмытпаңыз.
! Мұның арқасында құрылғыңыздың
ЖОҒАРЫ өнімділігі қамтамасыз етіледі.
Шүмек
Артқы жағы
Алдыңғы
жағы
Конденсор
бөлігі
Су ыдысы
Конденсор
бөлігі
Конденсор
қақпағы
Сүзгі
Тұтқа
Ауа
кіргізу
Ілмектер
26
KZ
Кептіргіш сипаттамасы
Мүмкіндіктері
Басқару тақтасы
Бағдарлама таңдау түймелері
Дисплей бөлігі
Қосу/өшіру түймесі
Балалар құлпы
түймесі
Опция түймелері мен шамдары
Бастау/тоқтата тұру түймесі
мен шамы
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі , кептіргіш іске қосылған және
осы түйме басылған болса: Дисплейде
ӨШІРІЛУДЕ
жазуы көрсетілсе, кептіргіш тоқтайды. Дисплейде
БАСЫП
ҰСТАП ТҰРУ жазуы көрсетілсе, түймені басып тұрыңыз,
сонда дисплей 3, 2, 1 ретімен санап, соңында тоқтайды.
Тағы 3 секунд басып ұстап тұрыңыз, сонда
ҚОСУ жазуы
көрсетіледі
PROGRAMME таңдау түймелері бағдарламаны
орнатады: таңдағыңыз келетін бағдарламаға сәйкес
түймені басыңыз («Бастау және бағдарламалар»
тарауын қараңыз)
ОПЦИЯ түймелері/индикаторлары; бұл түймелер
таңдалған бағдарлама үшін қолдануға болатын
опцияларды таңдайды. («Басқару элементтері»
тарауын қараңыз). Төмендегі түймелердің жанындағы
дисплейдегі индикатор жанып, қай опция таңдалғанын
көрсетеді.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі/шамы таңдалған
бағдарламаны іске қосады. Бұл түйме басылғанда бір
рет сигнал беріледі және дисплейде
ТОҚТАТА ТҰРУ
жазуы көрсетіледі. Бағдарлама орындалып жатқанда
түйме басылса, бағдарлама уақытша тоқтап, кептіргіш
тоқтатылады.
Бағдарлама орындалып жатқанда шам жасыл түсті
болып жанады, бағдарлама уақытша тоқтатылғанда ашық
сары түсті болып жыпылықтайды және бағдарламаны
бастауды күтіп тұрған кезде жасыл түспен жыпылықтайды
(«Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз).
Ескертпе:
Бұл шам бағдарламаның Кейінгі күтім
кезеңінде де ашық сары түспен жыпылықтайды.
Дисплейде ескертулер және таңдалған бағдарлама мен
оның орындалу барысы туралы ақпарат беріледі (келесі
бетті қараңыз).
Балалар құлпы түймесі/ белгішесі. . Бағдарламаны
және кез келген опцияларды таңдағаннан кейін осы
түймені басып ұстап тұрыңыз. Сөйтіп бағдарлама
параметрлерін өзгертілуден қорғауға болады. Дисплейде
аз уақыт
ҚҰЛЫПТАЛҒАН жазуы көрсетіледі. Белгіше
жанып тұрған кезде басқа түймелер ажыратылады. Бұл
функцияны өшіру үшін түймесі басып тұрыңыз, сонда
белгіше өшіп, дисплейде аз уақыт
ҚҰЛЫП АШЫЛҒАН
жазуы көрсетіледі.
Ескертпе: Осы кептіргіш, жаңа қуатты үнемдеу
ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса, шамамен
30 минуттан кейін қосылатын автоматты күту жүйесімен
жабдықталған. Дисплейде
ҚОСУ жазуы көрсетілгенше
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып тұрыңыз, сонда кептіргіш
қайта қосылады.
Номиналды қуат тақтасы
Су ыдысы
Үлгі және сериялық нөмірлері
Конденсор қақпағының тұтқасы
(Ашу үшін тартыңыз)
Ауа кіргізу торы
Сүзгі
Конденсор қақпағы
27
KZ
Дисплей
Тілді таңдау
Кептіргішті алғаш рет қосқан кезде тізімнен таңдаулы тілді таңдау керек.
Дисплейді түсіну
Бағдаралма таңдау және дисплей
Таңдалған бағдарлама дисплейдің бірінші жолында көрсетіледі және бұл хабар бағдарлама істеп тұрған кезде осы
хабар көрсетіледі.
Сегіз түйменің екі күйі бар, біріншісін таңдау үшін бір рет басыңыз, екіншісін таңдау үшін тағы бір рет басыңыз, сонда
таңдалған бағдарлама көрсетіледі. Соңғы түйме Менің циклым функциясын таңдайды.
Құрғақтық деңгейлері
Бірнеше құрғақтық деңгейі бар автоматты бағдарламаны таңдау кезінде (Бағдарламалар кестесін қараңыз).
Дисплейдің екінші жолы қажетті
Құрғақтық деңгейін көрсетеді. Құрғақтық деңгейі түймесі басылған сайын, төмендегі
тізімдегі келесі опция таңдалып, көрсетіледі. Кейбір автоматты бағдарламалар құрғақтық деңгейін өзгертуге мүмкін
бермейді немесе оларда барлық құрғақтық деңгейінің опциялары болмайды.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында дисплейде таңдауға
байланысты 1-7 жолақ көрсетіледі.
Дымқыл: заттарды үтікпен немесе үтіктеу пресімен
үтіктеуге қолайлы болатын деңгейге дейін кептіреді.
Үтіктеуге қолайлы құрғақ: заттарды қол үтігімен үтіктеуге
қолайлы болатын деңгейге дейін кептіреді.
Іліп қойылатындай құрғақ+ нәзік заттарды толығымен
кептіру үшін іліп қоюға дайын деңгейге дейін кептіреді.
Өзгерту үшін таңдалып тұрған тіл дисплейдің бірінші жолында
жыпылықтауы қажет. Дисплейді өшіру үшін қосу/өшіру түймесін
басыңыз, одан кейін
Қызу деңгейі, Уақыты белгіленген
кептіру және,
Құрғақтық деңгейі түймелерін бір уақытта
басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
Тізімде жоғары не төмен жылжу үшін
Жоғары қызу немесе
Уақыты белгіленген кептіру түймесін басыңыз. Қажетті тіл
дисплейдің жоғарғы жағында жыпылықтап тұрған кезде.
Таңдау үшін
Құрғақтық деңгейі түймесін баыңыз
МАҚТА
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Алдыңғы пресс
МАҚТА КӨЙЛЕКТЕР
Екінші рет басу
ТӨСЕК ПЕН ВАННА
АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ
СИНТЕТИКА
СИНТЕТИКА КӨЙЛЕКТЕР
ЖҮН
ЖІБЕК
ДЖИНСЫ
МАМЫҚ
НӘЗІК ЗАТТАР
СӘБИ ЗАТТАРЫ
ЖҰМСАҚ ОЙЫНШАҚТАР
ЖЫЛЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
ОҢАЙ ҮТІКТЕУ
ЖАҢАРТУ
Менің циклым (төменнен көріңіз)
Менің циклым Менің циклым түймесін таңдаған кезде дисплейде таңдалған бағдарламаны атының алдында «М» әрпі
көрсетіледі.
Яғни M МАҚТА («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз)
ДЫМҚЫЛ
ҮТІКТЕУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРҒАҚ
ІЛІП ҚОЙЫЛАТЫНДАЙ ҚҰРҒАҚ
ІЛІП ҚОЙЫЛАТЫНДАЙ ҚҰРҒАҚ
СӘЛ ҚҰРҒАҚ
ШКАФҚА ҚОЙЫЛАТЫНДАЙ ҚҰРҒАҚ
ҚОСЫМША КЕПТІРУ
Іліп қойылатындай құрғақ: Толығымен кептіру үшін
киімдерді іліп қоюға дайын болатындай кептіреді.
Төмен құрғақтық: Нәзік заттарды салып қоюға
болатындай кептіреді.
Шкафқа қойылатындай құрғақ: Киімдерді салып қоюға
болатындай кептіреді.
Аса құрғақ: Киімдерді киюге болатындай кептіреді
28
KZ
Дисплей
Бағдарламаның орындалу барысы
Дисплейдің екінші жолында бағдарламаның орындалу күйі көрсетіледі (ұзын хабарлар жол бойымен жылжиды)
Уақыты белгіленген кептіру
Уақыты белгіленген кептіру опциясы бар бағдарламаны таңдағаннан кейін «Уақыты белгіленген» түймесі басыңыз,
сонда осы түймені басқан сайын дисплейде таңдалған уақыт өседі («Бастау және бағдарламалар» тарауын
қараңыз).
Жылыту және қолдану бағдарламасы
(Қыртыстарды жазу опциясы таңдалған болса)
ҚҰРҒАҚ
САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ
ҚЫЗДЫРУ
ДАЙЫН
ЦИКЛ СОҢЫ, ҚЫРТЫСТАРДЫ ЖАЗУ
ЦИКЛ СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ
Басқан сайын ұзақтық азаяды және қолдануға
болатын уақыт опцияларының саны таңдалған
бағдарламаға / материалға байланысты болады.
Уақыт тұсында уақыты белгіленген кептіру
белгішесі көрсетіледі.
Бағдарлама басталғаннан кейін таңдалған уақыт
көрсетіліп тұрады, бірақ оны кез келген уақытта
өзгертуге болады.
Кешіктіру және аяқталуға дейінгі уақыт
Кейбір бағдарламаларда кешіктіріп бастау мүмкіндігі болады. («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз).
Кешіктіру түймесін басыңыз, сонда белгіше
жыпылықтайды.
Кешіктіру түймесін басқан сайын кешіктіру
параметрі 1 сағаттық қадаммен
1 сағ
параметрінен
24 сағ
параметріне, одан кейін
ӨШІРУЛІ
параметріне артады, одан кейін бірнеше
секундта кешіктіру жойылады.
Кешіктіру уақыты Кешіктіру түймесінің жанында
дисплейде көрсетіледі.
Бастау/тоқтата тұру түймесі
басылғаннан кейін дисплейде кешіктіру мерзімінің минуттері кері саналады.
Дисплейдің екінші жолында
БАСТАЛУҒА ДЕЙІНГІ УАҚЫТ жазуы көрсетіледі
Одан кейін, қажет болса, таңдалған кешіктіру уақытын кез келген кезде өзгертуге не жоюға болады.
Бастау/тоқтата тұру түймесі басылғаннан кейін кешіктіру не аяқталуға дейінгі уақыт сағаттар мен минуттер ретінде
көрсетіліп, минуттері кері саналады.
Аяқталуға дейінгі уақыт
Кешіктіру мерзімі аяқталғаннан немесе кешіктіру таңдалмаса, бағдарлама толығымен аяқталғаннан кейін. Автоматты
бағдарламалар үшін бағдарламаның аяқталуына дейінгі есептелген уақыт немесе уақыты белгіленген бағдарлама
барысында қалған нақты уақыт дисплейдің осы бөлігінде көрсетіледі.
Уақыты белгіленген бағдарламалар таңдалғанда, цикл бойынша көрсетілетін уақыт нақты қалған уақыт болып
табылады.
Автоматты бағдарлама таңдалған кезде, көрсетілетін уақыт қалған уақыттың шамалы мәні болып табылады.
Бағдарлама таңдалғанда, дисплейде толық жүкті кептіруге қажетті уақыт көрсетіледі, шамамен 10 минуттан кейін
контроллер цикл уақытын одан дәлірек анықтайды және бағдарлама барысында ол жаңартылады. Уақыт артқа
саналып жатқанын көрсету үшін сағаттар мен минуттер арасындағы қос нүктелер жыпылықтап тұрады.
29
KZ
Бастау және бағдарламалар
Ескертулер
Сондай-ақ, дисплейдің екінші жолында ескертулер мен еске салу көрсетіледі. Еске салу бағдарламаның соңында көрсетіледі.
ЦИКЛ СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН
БОСАТУ
•
Кептіргішті қолданған сайын су ыдысын босату және сүзгіні
тазалау керектігі туралы еске салу. («Техникалық қызмет
көрсету» тарауын қараңыз)
СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ
•
Ыдыс толғанын білдіреді. Хабар бос су ыдысын орнына
қойғаннан кейін бірнеше секундтан кейін сөнеді; бұл орын
алуы үшін кептіргіш жұмыс істеп тұруы керек («Басқару
элементтері» тарауын қараңыз).
Ескертпе: су бөтелкесі толса, осы хабар көрсетіледі, қызу өшіріледі және киімдеріңіз кеппейді.
КОНДЕНСОРДЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ
•
Бұл хабар Конденсор бөлігін тазалау керектігін білдіреді («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз) және кептіргішті қолдану
мөлшеріне байланысты аралықтармен пайда болады. Келесі бағдарламаны аяқтаған кезде хабар жоғалады. Сүзгіні де тазалау керек.
АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН СҮЗГІНІ ТАЗАЛАҢЫЗ
•
Аллергияға қарсы бағдарлама барысында көрсетіледі және толық аллергияға қарсы циклды орындау үшін сүзгіні тазалау керек
екендігін білдіреді («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Бағдарламаны таңдау
1. Кептіргішті розеткаға қосыңыз.
2. Кірлерді мата түріне қарай сұрыптаңыз («Кірлер»
тарауын қараңыз).
3. Есікті ашыңыз және сүзгі таза әрі орнында, сондай-
ақ, су ыдысы бос әрі орнында екеніне көз жеткізіңіз
(«Жөндеу» тарауын қараңыз).
4. Кірлерді құрылғыға салыңыз және есікте ешбір зат
қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Есікті жабыңыз.
5. Дисплей жанбаса; Қосу/өшіру түймесін басыңыз.
6. Бағдарламалар кестесін («Бағдарламалар» тарауын
қараңыз) және әр матаға қатысты қолдану шарттарын
(«Кірлер» тарауын қараңыз) тексеру арқылы кептірілетін
матаға сәйкес келетін Бағдарламаны таңдау түймесін
басыңыз. M түймесі таңдалған болса, 7- және
8-қадамдар қажет емес (төменнен көріңіз).
7. Уақыты белгіленген кептіру немесе Құрғақтық деңгейі
опциясын таңдаңыз.
Уақыты белгіленген кептіру таңдалса, дисплейде
қажетті уақыт көрсетілгенше «Уақыты белгіленген»
түймесін басып тұрып, жіберіңіз. Немесе әдепкі
құрғақтық параметрінен басқа параметрді орнату
керек болса, қажетті деңгей көрсетілгенше Құрғақтық
деңгейі түймесін басып тұрып, жіберіңіз.
! Құрғақтық деңгейлерін, уақыты белгіленген кептіруді
және опцияларды қолдану мүмкіндігін тексеру үшін
Бағдарламалар кестесін қараңыз.
8. Қажетінше кешіктіру уақыты мен басқа опцияларды
таңдаңыз («Дисплей» тарауын қараңыз).
«Менің циклым» түймесі
Бұл түймені бірінші рет басқанда дисплейде
САҚТАУ ҮШІН БАСЫП ҰСТАП ТҰРЫҢЫЗ жазуы көрсетіледі
Таңдаулы бағдарлама мен опцияларды таңдағаннан кейін бұл параметрлерді Жад түймесін кем дегенде 5 секунд
басып тұру арқылы сақтауға болады. Жоғарғы жолда белгішесі жыпылықтайды және оның жанында таңдалған
бағдарлама көрсетіледі. Одан кейін сигнал беріледі және дисплейдің екінші жолында
ЖАД сөзі көрсетіледі.
Бұл бағдарлама таға қажет болған кезде, түймесін, одан кейін Бастау/тоқтата тұру
түймесін басыңыз, сонда осы
бағдарлама қосылады.
Қаласаңыз, жаңа бағдарламаны және/немесе опцияларды таңдап, түймесін басып тұру арқылы таңдаулы бөлікті
өзгертуге болады (жоғарыдағыдай).
Дисплей
9. Бастау үшін «БАСТАУ»
түймесін басыңыз.
Дисплейде есептелген аяқталуға дейінгі уақыт
көрсетіледі. Кептіру бағдарламасы барысында,
кірлерді тексеріп, кепкен заттарды шығарып алуға, ал
қалғандарын әрі қарай кептіруге болады. Есікті қайтадан
жапқан кезде, кептіруді жалғастыру үшін БАСТАУ
түймесін басыңыз.
10. Бағдарлама аяқталудан бұрын Кептіру
бағдарламасының соңғы бірнеше минутында соңғы
САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ кезеңі орындалады (маталар
салқындатылады), бұл кезең әрқашанда аяғына дейін
орындалуы керек.
11. Кептіру циклының соңында хабар көрсетіледі.
ЦИКЛ
СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН
БОСАТУ жазуы көрсетілсе, 3 рет сигнал беріледі
(ескертпе: ДЫБЫС опциясы таңдалған болса, 5 минут
бойы 30 секунд сайын 3 рет сигнал беріледі).
ЦИКЛ
СОҢЫ, ҚЫРТЫСТАРДЫ ЖАЗУ көрсетілсе, демек
қыртыстарды жазу таңдалған. Киімдерді шығарып
алмасаңыз, олар 10 сағат бойы немесе есік ашылғанша
кейде айналдырылып тұрады, одан кейін бағдарлама
аяқталғанын білдіру үшін 3 рет сигнал беріледі.
12. Есікті ашып, кірлерді шығарып алыңыз, сүзгіні
тазалап, оны орнына қойыңыз. Су ыдысын босатып,
оны орнына қойыңыз («Техникалық қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
13. Кептіргішті розеткадан ағытыңыз.
30
KZ
Бағдарламалар кестесі
! Дисплей жанбаса; Қосу/өшіру түймесін басып, бағдарламаны таңдаңыз.
НЕГІЗГІ ЗАТТАР
Cтандартты мақта бағдарламасы
•
Бұл – мақтадан жасалған заттарға арналған бағдарлама.
•
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірлердің көлеміне, таңдалған құрғақтық параметріне және кір жуғыш машинада қолданылған
айналдыру жылдамдығына байланысты болады («Кірлер» тарауын қараңыз).
Мақта көйлектер
•
Бұл бағдарлама мақтадан жасалған көйлектер үшін арналған.
•
Оны ең көбі 3 кг жүкпен пайдалануға болады (шамамен 10 көйлек).
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірлердің көлеміне, таңдалған құрғақтық параметріне және кір жуғыш машинада қолданылған
айналдыру жылдамдығына байланысты болады. «Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер әдетте киюге
дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа
уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
Синтетика көйлектер
•
Бұл бағдарлама синтетикалық материалдан немесе полиэфир мен мақта сияқты табиғи және снтетика аралас
материалдан жасалған көйлектер үшін арналған.
•
Оны ең көбі 3 кг жүкпен пайдалануға болады (шамамен 14 көйлек).
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу жылдамдығына
байланысты болады. «Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер немесе
бүктелу жерлері сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны
қайталап көріңіз.
Аллергияға қарсы бағдарлама
Бұл бағдарламаға «Allergy UK» ұйымы «Мақұлданған» деген баға берген, яғни осы арнайы Аллергияға қарсы циклы киімдерден
аллергендерді тиімді түрде азайтады және жояды. Ұзақ уақыт тұрақты температураны ұстап тұру арқасында бұл бағдарламаның
көмегімен кең тараған аллергендердің көбісінің (оның ішінде кене мен тозаң) әсері жойылады. Толық көлемдегі ылғал заттарды
кептіріп өңдеу немесе 4 кг құрғақ заттарды тек өңдеу үшін қолдануға болады. Дисплейде
АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ ЖҰМЫС
ІСТЕУІ ҮШІН СҮЗГІНІ ТАЗАЛАҢЫЗ жазуы көрсетілсе, сүзгіні тазалап, бағдарламаны қайтадан бастаңыз.
Төсек пен ванна
•
Бұл бағдарлама мақта орамалдар пен ақжаймалар үшін арналған.
•
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірлердің көлеміне, таңдалған құрғақтық параметріне және кір жуғыш машинада қолданылған
айналдыру жылдамдығына байланысты болады («Кірлер» тарауын қараңыз).
•
«Аса құрғақ» параметрімен кептірілген заттар әдетте пайдалануға дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл
болуы мүмкін, әсіресе үлкен заттарда. Бұл орын алса, оларды ашып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
Синтетика
•
Бұл бағдарлама төмен қызу параметрімен кептірілетін синтетика заттар немесе орташа қызу параметрімен кептірілетін синтетика /
мақта аралас заттарды кептіруге арналған.
•
Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірлердің көлеміне, таңдалған құрғақтық параметріне және кір жуғыш машинада қолданылған
айналдыру жылдамдығына байланысты болады («Кірлер» тарауын қараңыз).
Бастау және бағдарламалар
Бағдарлама
Қолдануға болатын опциялар
Қолдануға болатын құрғақтық деңгейлері
әдепкі деңгей бөлектелген)
Кешік
тір
у т
аймері
*Қыр
тыст
ар
ды жа
зу
немесе дыбыс
Қосымша күтім
Жылдам к
ептір
у
Қыз
у деңг
ейі
Уақыты б
елгіленг
ен
кептір
у
Сенс
ор құрғақ
Дымқыл
Үтік
те
уг
е қо
лайлы
құрғақ
Іліп қойыла
тындай
құрғақ+
Іліп қойыла
тындай
құрғақ
Төмен құрғақтық
Шк
афқа қойыла
тындай
құрғақ
Аса құрғақ
1
Cтандартты мақта
бағдарламасы
Жоғары
X
X
X
X
X
X
X
X
Жоғары
Мақта көйлектер
X
Орташа
Төмен
X
X
X
X
2
Төсек пен ванна
X
Жоғары
X
Орташа
X
X
Аллергияға қарсы
X
X
X
Автоматты бағдарлама
3
Синтетика
X
Орташа
X
X
X
X
X
X
X
X
Орташа
Төмен
X
Синтетика көйлектер
X
X
X
X
*Қыртыстарды жазу және дыбыс опцияларын бірге таңдау мүмкін емес
|