Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
6
жанында — 0,291 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 0,269 Вт/кг
(10 г).
•
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе
киімнен кем дегенде 1,5 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері
бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе
ұстағыш ретінде денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек
және өнімді киімнен кемінде 1,5 см қашықтықта ұстау керек. Деректер
файлдарын немесе хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы
сапалы желі байланысын қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер
файлдарын немесе хабарларды тасымалдау осындай байланыс қол
жетімді болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша,
жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы нұсқаулықтары
орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ!
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты
және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану
телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті
болуы мүмкін.
•
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
•
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы
ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
•
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан
алшақ жерде ұстаңыз.
•
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
7
жерде сақтау керек.
•
Түсіріп алмаңыз.
•
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
•
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды сөндіріңіз.
Мысалы, телефонды емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
•
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға болмайды.
Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты зақымдауы мүмкін.
•
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені
гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
•
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе
спирт қолданбаңыз).
•
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
•
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
•
Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
•
Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз,
ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
•
Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл телефонды
зақымдауы мүмкін.
•
Телефонға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды жерге қоймаңыз.
•
Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз. Қажет
болмаса, антеннаға тимеңіз.
•
Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті пайдаланбаңыз,
ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде
қолданбағаннан болған әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
•
Телефон – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін электрондық құрылғы
болып табылады. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан
терімен тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты немесе болмашы
күйікті тудыруы мүмкін. Сондықтан, телефонды пайдалану барысында
немесе әрекеттен кейін сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
8
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер ететін кедергілер болуы
мүмкін.
•
Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында
пайдаланбаңыз. Телефонды кардиостимулятордың жанына, мысалы,
төс қалтада орналастырмаңыз.
•
Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
•
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына, компьютерлерге,
т.б. әсер етуі мүмкін.
•
Мүмкін болса, телефонды 0 °C және 40 °C аралығындағы
температураларда пайдаланыңыз. Телефонға аса төмен немесе жоғары
температуралардың әсер етуі зақым келуіне, жұмыстың бұзылуына
немесе тіпті жарылысқа себеп болуы мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалану туралы аймағыңыздағы заң
және нұсқауларды тексеріңіз.
•
Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын телефонды пайдаланбаңыз.
•
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
•
Көлік жүргізу ережелері бойынша талап етілсе, қоңырау шалмас немесе
қабылдамас бұрын, көлікті жол шетіне тоқтатыңыз.
•
Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары секілді
көліктегі кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін.
•
Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе тасымалды
сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате жұмыс жасағандықтан,
ауа қабының ашылуына кедергі жасауы немесе ауыр жарақатқа апаруы
мүмкін.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
9
•
Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда не болып
жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл жолдардың жанында
болғанда әсіресе маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау үшін ұзақ уақыт
бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту
қабілетіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан гарнитураны құлақ жанында
қоспауға немесе өшірмеуге кеңес беріледі. Сондай-ақ музыка мен
қоңырау дыбыс деңгейлері қалыпты деңгейде болуы тиіс.
•
Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы адамдардың сөзі естілмесе
немесе қасыңыздағы адам тыңдап жатқаныңызды естісе, дыбыс
деңгейін азайтыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Құлаққаптардан және құлақаспаптардан шығатын өте
жоғары дыбыс қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп болуы мүмкін.
Әйнек бөліктері
Ұялы телефонның кейбір бөліктері әйнектен жасалған. Телефон жерге
түсіп, соғылғанда осы әйнек бөліктер сынып кетуі мүмкін. Әйнек сынса,
тиіспеңіз немесе алып тастамаңыз. Әйнек қызмет көрсетуші тарапынан
алмастырылмай тұрып ұялы телефонды пайдаланбаңыз.
10
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда телефонды пайдаланбаңыз.
Шектеулерді тексеріп, шарттар мен ережелерді орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
•
Телефонды жанармай құю орындарында пайдаланбаңыз.
•
Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
•
Тез жанатын газ, сұйықтық немесе жарылғыш заттарды ұялы телефон
мен керек-жарақтарымен бірге тасымалдамаңыз және сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
•
Ұшаққа мінер алдында, қалта телефонын сөндіріңіз.
•
Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Телефонды кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Оның құрамында ажыратылған жағдайда тұншығу қаупін
төндіретін кішкентай бөлшектер бар.
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан шалынбай
қоюы мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу үшін тек осы
телефонға сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
11
Батарея ақпараты және күтімі
•
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа
батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін
жад әсері жоқ.
•
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
•
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
•
Батарея жинағының темір түйіспелері таза болуы тиіс.
•
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз. Алмастырудан бұрын
батареяны жүздеген рет зарядтауға болады.
•
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған
батареяны зарядтаңыз.
•
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
•
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз: жұмысына кері
әсер беруі мүмкін.
•
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
•
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең
жақын қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек
алуға болады.
•
Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған
ортаға байланысты болады.
•
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.
12
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Лазер қауіпсіздігі мәлімдемесі
Абайлаңыз!
Бұл өнімде Лазер жүйесі қолданылады. Осы өнімді дұрыс пайдалану
үшін, пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, алдағы уақытта
қолдану үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны жөндеу қажет болса, өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Осында көрсетілгеннен басқа бақылау элементтерін пайдаланудан,
реттеулерден немесе процедураларды орындаудан зиянды радиация
шығуы мүмкін.
Лазер сәулесі тікелей шықпауы үшін, жақтауды ашуға немесе лазерге
тікелей жақындауға тырыспаңыз.
13
Сымсыз зарядтағышқа арналған нұсқаулар
Түпнұсқа болып табылатын немесе үйлесімділігі сертификатталған
(WPC Qi стандарттары бойынша) сымсыз зарядтағышты
пайдаланыңыз.
(Сымсыз зарядтағыш бөлек сатылады.)
СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ
Осы арқылы
LG Electronics компаниясы бұл LG-D855 өнімі 1999/5/
EC директивасының негізгі талаптары мен басқа тиісті ережелеріне
сай екенін мәлімдейді. Сәйкестік декларациясының көшірмесін мына
мекенжайдан алуға болады:
http://www.lg.com/global/declaration
14
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1
Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан
бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері
белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
2
Ескі құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және
адам денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын
алуға көмектеседі.
3
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала
әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді сатып
алған дүкеннен алуға болады.
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1
Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005 %, кадмий 0,002
% немесе қорғасын 0,004 % мөлшерінен артық болса, бұл
таңбамен бірге сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның
(Pb) химиялық таңбалары берілуі мүмкін.
2
Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген
арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға, жануарларға және адам денсаулығына қауіп
төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
4
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау
мекемелерінен немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға
болады.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес
қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға
арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын
азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/
немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен
толықтырылуы мүмкін.
15
Маңызды ескерту
Телефонды жөндеуге апармай және қызмет өкіліне хабарласпай тұрып,
ақаулықтың осы бөлімде сипатталмағанына көз жеткізіңіз.
1. Телефон жады
Телефон жадындағы бос орын көлемі 10 %-дан аз болса, телефонға жаңа
хабарлар келмейді. Қосымша жад босату үшін, телефон жадын тексеріп,
қолданбалар немесе хабарлар сияқты кейбір деректерді жою қажет.
Қолданбаларды жою үшін:
1
> >
Қосымшалар қойындысын > Баптаулар >
Жалпы қойындысын > Қосымшалар опциясын таңдаңыз.
2
Барлық қолданбалар көрсетілгенде, жойылатын қолданбаға
өтіп, оны таңдаңыз.
3
Жою опциясын түртіңіз.
2. Батареяның қызмет мерзімін оңтайландыру
Фонда үнемі қосылып тұруға тиісті емес мүмкіндіктерді өшіріп,
батареяның жұмыс мерзімін ұзартыңыз. Қолданбалар мен жүйелік
ресурстардың батарея қуатын пайдалану тәсілін реттеуге болады.
Телефон батареясының жұмыс мерзімін ұзарту:
•
Пайдаланбаған кезде радио байланыстарын өшіріңіз. Егер Wi-Fi,
Bluetooth немесе GPS функциясын қолданбасаңыз, оларды өшіріңіз.
•
Экранның жарықтығын азайтып, экранның сөнетін мерзімін
қысқартыңыз.
•
Gmail, Күнтізбе, Контактілер және басқа қолданбалардың автоматты
қадамдастырылу мүмкіндігін ажыратыңыз.
Телефонды пайдалануды бастамастан бұрын осыны
оқыңыз!
16
•
Жүктеп алынған кейбір қолданбалар батареяның қуатын азайтуы
мүмкін.
•
Жүктелген қолданбаларды пайдаланғанда, батареяның зарядталу
деңгейін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: құрылғы қалтаңызда жүргенде байқаусызда «Қуат/Құлып»
пернесі басылып кетсе, экран батарея қуатын үнемдеу үшін автоматты
түрде өшеді.
Батарея зарядының деңгейін тексеру үшін:
•
> >
Қосымшалар қойындысын > Баптаулар > Жалпы
қойындысын >
Телефон ақпараты > Батарея опциясын түртіңіз.
Батарея күйі (зарядталуда не зарядталып жатқан жоқ) мен батарея
зарядының деңгейі (зарядталу пайызы) экранның үстіңгі жағында
көрсетіледі.
Батарея қуатының пайдаланылу жолын бақылау және реттеу үшін:
•
> >
Қосымшалар қойындысын > Баптаулар > Жалпы
қойындысын >
Телефон ақпараты > Батарея > Батарея қолданысы
опциясын түртіңіз.
Экранда батареяны пайдалану уақыты көрсетіледі. Онда телефонның
соңғы рет қуат көзіне қашан қосылғаны немесе қазір қосылған жағдайда,
телефонның қанша уақыт бұрын батарея қуатымен жұмыс істегені
көрсетіледі. Экранда батарея қуатын ең көп мөлшерден аз мөлшерге
дейін пайдаланатын ретпен қолданбалар мен қызметтер көрсетіледі.
Маңызды ескерту
17
3. Бастапқы коды ашық қолданбаны және амалдық
жүйені орнату алдында
АБАЙЛАҢЫЗ!
Өндіруші ұсынғаннан басқа амалдық жүйені орнатсаңыз және
пайдалансаңыз, телефон жұмысында ақаулық пайда болуы мүмкін.
Бұған қоса, телефон кепілдігі жарамсыз болады.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Телефонды және жеке деректерді қорғау үшін, қолданбаларды тек
Play Store™ сияқты сенімді ресурстардан жүктеп алыңыз. Телефонда
дұрыс орнатылмаған қолданбалар бар болса, телефон дұрыс жұмыс
істемеуі немесе өрескел қате орын алуы мүмкін. Телефоннан сол
қолданбаларды және оның деректері мен параметрлерінің барлығын
жою керек.
4. Құлыпты ашу өрнегін пайдалану
Телефонды қорғау үшін құлыпты ашу өрнегін орнатыңыз.
> >
Қосымшалар қойындысын > Баптаулар > Дисплей қойындысын
>
Экранды құлыптау > Экран құлпын таңдау > Графикалық үлгі
опциясын түртіңіз. Бұл экран құлпын ашу өрнегін салу бойынша
нұсқаулар беретін экранды ашады. Құлыпты ашу өрнегін ұмытып қалған
жағдайдағы қауіпсіздік шарасы ретінде Сақтық PIN кодын жасауыңыз
керек.
Абайлаңыз: Құлыпты ашу өрнегін орнатар алдында Google тіркелгісін
жасап, құлыптау өрнегін жасау кезінде жасалған Сақтық PIN кодын есте
сақтап алыңыз.
18
АБАЙЛАҢЫЗ!
Құлыпты ашу өрнегін пайдалану кезінде қадағаланатын сақтық
шаралары.
Орнатылған құлыпты ашу өрнегін есте сақтау өте маңызды. Құлып
өрнегі 5 рет қате енгізілсе, телефонды қолдану мүмкін болмайды.
Құлыпты ашу өрнегін, PIN кодын немесе кілтсөзді енгізу үшін 5
мүмкіндік беріледі. 5 мүмкіндіктің барлығын пайдаланып тастасаңыз, 30
секундтан кейін әрекетті қайталауға болады.
Өрнекті, PIN кодын немесе кілтсөзді еске түсіре алмаған кезде:
< Өрнекті ұмытып қалсаңыз >
Егер телефоннан Google есептік жазбасына кіріп, өрнекті қатарынан 5 рет
дұрыс енгізе алмасаңыз, экранның төменгі жағындағы
Үлгіні ұмыттыңыз
ба? түймесін басыңыз. Содан кейін Google тіркелгісімен кіруіңіз немесе
құлыптау өрнегін жасаған кезде енгізілген Сақтық PIN кодын енгізуіңіз
қажет болады.
Егер телефонда Google есептік жазбасын жасамаған болсаңыз немесе
Сақтық PIN кодын ұмытып қалсаңыз, жабдық параметрлерін қалпына
келтіруіңіз қажет.
< PIN кодын немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз >
PIN кодын немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, толық қалпына келтіруді
орындауыңыз керек болады.
Абайлаңыз: Толық қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық
пайдаланушы қолданбалары және пайдаланушы деректері жойылады.
ЕСКЕРТПЕ: Google есептік жазбасына кірсеңіз және құлыпты ашу
өрнегін ұмытып қалсаңыз, сақтық PIN кодын енгізуіңіз керек болады.
Маңызды ескерту
19
5. Жабдықты қалпына келтіру функциясын
(Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру)
пайдалану
Егер телефон бастапқы қалпына келмесе, оны бастапқы күйге келтіру
үшін Жабдық параметрлерін қалпына келтіру (Зауыттық параметрлерді
қалпына келтіру) функциясын пайдаланыңыз.
1
Қуатты ажыратыңыз.
2
Телефонның артындағы
Қуат/Құлып пернесін + Дыбыс
деңгейін төмендету пернесін басып тұрыңыз.
3
LG логотипі шыққанда ғана
Қуат/Құлып пернесін жіберіңіз,
одан кейін бірден
Қуат/Құлып пернесін қайтадан басыңыз.
4
Зауыттық қатты қалпына келтіру экраны көрсетілгенде барлық
пернені жіберіңіз.
5
Жалғастыру үшін
Қуат/Құлып пернесін немесе бас тарту үшін
Дыбыс деңгейі пернелерін басыңыз.
6
Растау үшін
Қуат/Құлып пернесін тағы бір рет немесе бас
тарту үшін
Дыбыс деңгейі пернелерін басыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жабдықты қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық пайдаланушы
қолданбалары, пайдаланушы деректері және DRM лицензиялары
жойылады. Жабдықты қалпына келтіру әрекетін орындамас бұрын,
маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұмытпаңыз.
20
6. Бағдарламаларды ашу және ауыстырып қосу
Көп тапсырмаларды орындау Android жүйесінде оңай, бір уақытта
бірнеше қосымшамен жұмыс істеуге болады. Басқа қолданбаны ашу
үшін ашық тұрғанды жабудың қажеті жоқ. Бірнеше ашық қолданбаны
пайдаланыңыз және арасында ауысыңыз. Android әрбір қолданбаны
басқарып, күтудегі қолданбалар қажетсіз ресурстарды пайдаланбауы
үшін, оларды қажет болғанда тоқтатып және іске қосып отырады.
1
«Соңғы» пернесін
түртіп ұстап тұрыңыз. Жиі
пайдаланылатын бағдарламалардың тізімі көрсетіледі.
2
Өткіңіз келген қолданбаны түртіңіз. Ол телефонның фонында
іске қосылған алдыңғы қолданбаны тоқтатпайды. Қолданбаны
пайдаланғаннан кейін одан шығу үшін
Артқа
пернесін
басыңыз.
•
Қолданбаларды тоқтату үшін соңғы қолданбалар тізімінен
Тапсырма
менеджері тармағын түртіңіз, одан кейін Тоқтату не Барлығын тоқтату
опциясын түртіңіз.
•
Қолданбаны соңғы қолданбалар тізімінен алып тастау үшін қолданба
қарап алуды солға не оңға қарай сипаңыз. Барлық қолданбаны өшіру
үшін
Барлығын тазарту опциясын түртіңіз.
7. Мультимедианы синхрондау (MTP) функциясын
пайдаланып музыканы, суреттерді және
Достарыңызбен бөлісу: |