С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,88 Mb.
#6502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Кузьмин Э.Протокол и этикет дипломатического и делового общения. 
Уганда 1996. 
2.
 
Никольсон Г. Дипломатия С.129-130. 
3.
 
Әліпбаев А.Р. Халықаралық келіссөздер. Алматы, 2012- 404 б.   
Резюме 
В  статье  рассматривается  изучение  языка  дипломатии    и  методы 
формирования  у  будущих  дипломатов  навыков  и  умения  составлять 
дипломатические  документы  и  объективного  понимания  казахской 
дипломатической речи. 
Summary 
 
The article deals with the study of the language of diplomacy and methods 
of formation of future diplomatic skills and ability to make diplomatic documents 
and objective understanding of the Kazakh diplomatic speech 
 
 
 
ӘОЖ 81´44 
 
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БАЗАЛЫҚ ТҮСІНІК 
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-
ЖҮЙЕЛІК СИПАТЫ 
 
Г.З.Жабағиева Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің аға оқытушысы;  Э.Б.Сансызбай Абай атындағы қазақ 
ұлттық педагогикалық университетінің студенті  
(Қазақстан, Алматы) 
 
Аннотация.  Тіл  білімінде  ғасырлар    бойы  ғалымдардың  зерттеу 
нысанына  айналған  термин  мәселесі  бүгінгі  таңда  да  өзінің  өзектілігін, 
құндылығын жоғалтқан жоқ. Бір жағынан, бұл термин табиғатының өте 

 
20 
күрделі  құбылыс  екендігін  танытса,  екінші  жағынан    қоғамда  болып 
жатқан әлеуметтік өзгерістердің  өзі тілімізде жаңа терминдер жасауға, 
олардың  табиғатын  ғылыми-теориялық    тұрғыдан  зерттеуге  жетелеп 
отыр.  Терминтану  –  тіл  ғылымының  белсенді  дамып  келе  жатқан  саласы 
ретінде  сарқылмас  зерттеу  әлеуетіне  ие.  Тілдің  арнаулы  салаларының 
қолданысын  лингвистикалық    тұрғыдан  қамтамасыз  ету  –  терминқор 
қорын  жасау  мен  оны  жүйеге  келтірумен  тікелей  байланысты.  Білім  беру 
мен  алуды,  ғылым  мен  ілімді  игеруді,  ақпарат  алмасуды  ана  тілімізде 
жүзеге асыру үшін арнаулы лексиканың негізін құрайтын терминдер қорын 
да сол тілдің мүддесін қорғап, ішкі заңдылықтарын ақтара отырып жасау 
керек. Термин жасау өз кезегінде кәсіби біліктілікті, сөз шығармашылығын 
талап  ететін  күрделі  жұмыс.  Осы  орайда  Ахмет  Байтұрсынұлының 
«Сөзден  жасап  сөз  шығару  деген  әркімнің  қолынан  келе  бермейді  және 
шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді» [1,7б.] деген  
сөзі жоғарыда айтылғандарды дәлелдей түседі.   
          Өз  тілімізден  алынса  да,  өзге  тілдерден  қабылданса  да  термин 
дегеніміздің  бәрі  –  сөз.  Сөзді  өзге  ғылымдар  да  зерттеп  жататынына 
қарамастан, ол ең алдымен тілдік бірлік, сондықтан да тіл білімінің нысаны 
ретінде оны зерттеу – лингвистиканың міндеті. Орыс терминологиясының 
негізін  қалаушылардың  бірі  А.А.Реформатскийдің  «Сөздердің  жиынтығы 
терминология  –  екі  қожайынның  қызметшісі:  лексика  жүйесінің  және 
ғылыми ұғымдар жүйесінің» [9,13б.]  деуі осының дәлелі.     
Тірек сөздер: Термин, терминология, кәсіби қазақ тілі, терминжасамдық 
тәсілдер,  лингвистикалық  терминдер,  морфологиялық  тәсіл,  аналитикалық  
тәсіл, калькалау, т.б. 
Аннотация.    Проблема  термина,  который  является  объектом 
исследования  ученых  в  языкознании  на  протяжении  многих  веков,  сегодня 
также  не  утратил  своей  актуальности,  ценности.  С  одной  стороны,  если 
это  определяет  очень  сложное  явление  природы  терминов,  с  другой 
стороны, это приводит к тому, что социальные изменения, происходящие в 
нашем  обществе,  порождают  новые  термины  в  нашем  языке,  к 
исследованиям их сути с научно-теоретических позиций. Терминоведение как 
активно  развивающаяся  сфера  языкознания  имеет  большой  потенциал  для 
изучения.  Обеспечение  лингвистического  применения  специальных  отраслей 
языка  напрямую  связано  с  созданием  терминофонда  и  приведением  его  в 
определенную  систему.  Для  получения  образования  и  изучения,  овладения 
наукой и знаниями, обмена информацией необходимо создать терминофонд, 
составляющий  основу  специальной  лексики,  защищая  интересы  языка, 
соблюдая  его  внутренние  закономерности.  Создание  терминов,  в  свою 
очередь,  сложный  процесс,  требующий  профессиональных  навыков, 
словтворчества.  В  этой  связи  Ахмет  Байтурсынов  утверждал:  «Создание 
слова из другого слова под силу не каждому, да и созданные слова не всегда 
хороши» [1, С. 7], что как бы доказывает вышесказанное.  
Термины, будь они взяты из своего языка, или заимствованы из другого 
–  все  же  это  слова.  Несмотря  на  то,  что  слово  изучается  и  другими 

 
21 
науками,  это,  в  первую  очередь,  языковая  единица,  поэтому  изучение  его  в 
качестве 
объекта 
языкознания 
является 
задачей 
лингвистики. 
Подтверждением  этому  являются  слова  основоположника  русской 
терминологии  А.А.Реформатского:  «Терминология  –  совокупность  слов 
служит  двум  господам:  лексической  системе  и  системе  научных  понятий» 
[9,С. 13].     
Ключевые слова: Термин, терминология, профессиональный казахский 
язык, 
терминообразующие 
способы, 
лингвистические 
термины, 
морфологический способ, аналитический способ,  калькирование, т.д.   
Аbstract.  Problem  of  the  term  which  is  object  of  research  of  scientists  in 
linguistics throughout many centuries, today also I didn't lose the relevance, value. 
On  the  one  hand,  if  it  defines  very  difficult  natural  phenomenon  of  terms,  on  the 
other  hand,  it  leads  to  that  the  social  changes  happening  in  our  society,  generate 
new  terms  in  our  language,  to  researches  of  their  essence  from  scientific-
theoretical positions. Terminovedeniye as actively developing sphere of linguistics 
has high potential for studying. Ensuring linguistic application of special branches 
of language is directly connected with creation терминофонда and its reduction in 
a  certain  system.  For  education  and  studying,  mastering  science  and  knowledge, 
exchange of information it is necessary to create терминофонд, making a basis of 
special lexicon, protecting interests of language, observing its internal regularities. 
Creation  of  terms,  in  turn,  the  difficult  process  demanding  professional  skills, 
slovtvorchestvo.  In this regard Ahmet Baytursynov claimed:  "Word creation from 
other word in power not to everyone and the created words not always are good" 
[1, S. 7] that as though proves the aforesaid.  
Terms, be they are taken from the language, or are borrowed from another  – 
nevertheless  it  words.  In  spite  of  the  fact  that  the  word  is  studied  also  by  other 
sciences, it, first of all, language unit therefore its studying as object of linguistics 
is  a  problem  of  linguistics.  Confirmation  to  it  are  words  of  the  founder  of  the 
Russian  terminology  A.A.Reformatsky:  "Terminology  –  set  of  words  serves  two 
misters: to lexical system and system of scientific concepts" [9,C. 13]. 
Keywords:  Term,  terminology,  professional  Kazakh  language,  term-ways, 
linguistic terms, morphological method, analytical method, tracing, etc. 
 
 
 
Ұлттық  тіліміз  –  қазақ  тілі  өзінің  мемлекеттік  мәртебесіне  қол 
жеткізгелі  бері  қазақ  тілі  қарқынды  даму  үстінде.  Алайда  халықтың    тілді 
күнделікті  қолдану  аясында  азды-көпті  кемшіліктер  мен  қателіктер  орын 
алуда. Осыған орай  тілдік ұғымдардың, оларды білдіретін терминдердің  мол 
қоры  қалыптасып,  қолданысқа  түсуде.  Тілді  көпшілікке  үйрету,  көрсету, 
тарату – тілдің дамуына қосылатын үлкен әлеуметтік мәнге ие жұмыс. 
Терминді  әдетте  біз  ең  алдымен,  адам  қызметінің  белгілі  бір  арнаулы 
саласының  шеңберінде,  белгілі  бір  кәсіп  пен  мамандық  саласында,  арнаулы 
әдебиеттерде  қолданатын  сөз  деп  түсінеміз.  Термин  жөнінде  сөз  қозғағанда 
«Барлық  термин  сөз,  бірақ  сөздің  бәрі  термин  емес»  деген  тұжырым  жиі 
қайталанып  отырады.  Терминнің  тілдік  бірлік  болып  табылмайтын  

 
22 
құрамында  сандар,  таңбалар  кіретін  символ-сөз  түрлері  болғандықтан  
мұндай  пайымдауды  терминнің  барлық  типтеріне  толық  қатысты  деп  айта 
алмаймыз.  Сонымен  қатар  тілші-терминолог  ғалымдар  атап  көрсеткендей  
сөйлем терминдер де қолданыста бар.  
          Терминтанушы  ғалымдар  тарапынан  терминге  берілетін  анықтамалар 
көп. Олардың бірі бір-бірін толықтырып, сабақтаса отырса, біріне-бірі қайшы 
келетіндері  де  бар.  Ш.Құрманбайұлы  «Термин»  ұғымына  төмендегідей 
анықтама береді: «Термин – ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым 
атауы  болып  табылатын  арнайы  қолданыстағы    дефинициясы  (анықтамасы) 
бар  сөз  немесе  сөз  тіркесі.  Термин  ұғым  атауы  болса,  терминнің 
дефинициясы  деген  –  сол  ұғым  атауына  берілген  дәл  ғылыми  анықтама. 
Термин  сөздің  мағынасы  оның    дефинициясы  арқылы  анықталады»  [2,9б.]. 
«Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясында  терминге  берілген  анықтама 
мынадай:  «Термин  –  (лат.  terminus  )  шек,  шекара  –  ғылым,  техника,  өнер 
саласында белгілі ұғымдарды белгілейтін бір бағалы сөз» [10,425б.]. 
           Жалпы терминдер жөнінде нақты мыналарды айтуға болады: 
      1.Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері (кейде сөйлем түрінде 
де кездеседі); 
      2.Терминдер негізінде тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық 
таңба түріндегі терминдер де бар); 
          3.Термин – белгілі бір терминологияның мүшесі; 
     4. Термин деген – ұғым аты; 
     5.Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады
           6.Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы 
жағынан зат есімдер болады; 
     7.  Терминдер  атауыштық  қызмет  атқарып,  негізінен  ғылым  тілінде 
және арнаулы сала шеңберінде қолданылады; 
      Жоғарыда аталғандарды терминтану саласындағы ғылыми еңбектердің 
көпшілігінде  атап  көрсетілетін,  мамандар  мойындаған  терминнің  басты 
белгілері деп айтсақ болады. 
         Термин  құрамы  жағынан  түбір  сөз  де,  туынды  сөз  де,  күрделі    сөз  де, 
терминологиялық  тіркес  те  болуы  мүмкін.  Терминдер  негізінен  жалпы 
есімдер  болатыны  белгілі.  Сонымен  қатар  жалқы  есімдер  қатысуымен 
жасалған    терминдер  де  болады.  Олардың  қатарына  эпонимдер  немесе 
фамилия  терминдер  кіреді.  Орыс  терминологі  В.Даниленко  төмендегідей 
мысалдарды  келтіреді:  Ньютон  заңы,  Пифагор  теоремасы,  Ом  заңы,  Вольт 
доғасы, т.б. 
           «Термин  қандай  болуы  керек?»  деген  сұрақ  туындағанда  көбінесе 
ұғым мазмұнының дәлдігі, анықтығы, қысқа да нұсқа болуы болуы тиіс деп 
жауап береміз. Жалпы терминнің қандай болуы  керектігі жөнінде  талаптар 
аз емес. Тіл мамандары мен терминтанушылардың көпшілігінің еңбектерінде  
көрсетіліп жүрген негізгі талаптар мыналар: 
         1.Терминнің  бірмағыналығы.  Терминнің  негізінен  бір  арнаулы  сала 
ішінде ғана бір  мағынаны білдіруі. 

 
23 
         2.Термин  мағынасының  дәлдігі.  Термин    атаудың  өзі  белгілейтін 
ұғымның  мазмұнын  қамтып,  ұғымның  негізгі  басты  белгілерінің    термин 
мағынасы арқылы берілуі. 
          3.Терминнің  қысқалығы  немесе  ықшамдылығы.  Тіл  үнемділікті 
ұнатады.  Атау  сөздердің  қысқа  да  нұсқа  болуы  қолданыста  ыңғайлылық 
туғызады. 
          4.Терминнің 
тілдегі  сөзжасам  заңдылықтарына  сәйкес  келуі. 
Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі  атау сөздер сияқты ұлт тілінің 
сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы жасалады. 
          5.Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Қазақ тілі жалғамалы 
тілдер  қатарынан  болғандықтан,  үсті-үстіне  жалғану  арқылы  бір  түбірден  
бірнеше туынды сөз жасауға болады. 
          6.Терминде  эмоционалдылық  пен  экспрессиялықтың  болмауы.  Ғылым 
тілі  бейнелілікті, образдылықты емес, дәлдік пен нақтылықты қалайды. 
          7.Терминнің эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы 
айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы [2,14б.]. 
Терминге қойылатын талаптардың қай-қайсысына да болсын айтылған 
пайымдаулар  мен  пікірлер  бар.  Жалпы  бұл  талаптардың  барлық  жағдайда 
бірдей қолданылуы тиіс деп үзілді-кесілді айту қиын. Жалпы талап дегеннің 
өзі  мүлтіксіз  орындалуға  тиісті  заң  емес,  дегенмен  талап  қою  арқылы  істің 
нәтижелі  болып,  ретсіздікке,  жүйесіздікке  жол  бермеу  үшін  жұмыстар 
атқарылады.  Термин  жайлы  сөз  қозғағанда  «Терминология»  жөнінде  де  
бірауыз  айта  кеткен  жөн.  Терминология  жалпы  мағынасында  «адамның 
кәсіптік  қызмет    саласындағы  қолданылатын  арнаулы  лексиканы  қамтитын, 
тілдің  сөздік  құрамының  бөлігі»  [2,32б.].  Терминология  –  арнаулы    сала 
ұғымдарының  жүйелік ерекшелігін көрсете отырып, оның коммуникативтік 
қажеттілігін өтеуге қызмет ететін  атаулар жиынтығы. Жалпы тілдегі барлық 
терминдер  жиынтығын  –  терминология,  ал  белгілі  бір  арнаулы  сала 
терминдерінің жиынтығын – салалық терминология деп атаймыз. 
Термин  сөздің  тілдік  табиғатын  басқа  сала  мамандарына  түсіндіріп, 
термин жасау, терминге қойылатын лингвистикалық талаптарды атап көрсету 
–  тілші  ғалымдардың,  терминтанушылардың  ісі.  Бұл  орайда,  қазақ 
терминтанымының,  терминологиясының,  терминографиясының  ғылыми 
мәселелері  бойынша  докторлық,  кандидаттық  жұмыстар  қорғалды, 
лексикографиялық,  терминографиялық  еңбектер,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдары,  ғылыми  мақалалар  жарық  көрді.  Осы  мәселенің  басы-қасында 
А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов,  Ә.Қайдар,  Р.Сыздық,  Ғ.Қалиұлы,  Б.Қалиұлы, 
Ш.Құрманбайұлы,  Е.Әбдірәсілов  сынды  ғалымдарымыз  пікірлерін  білдірді. 
Орыс  терминологиясының  дамуына  А.Реформатскийдің,  В.Виноградовтың, 
Г.Степановтың, 
О.Ахманованың, 
В.Сифоровтың, 
Л.Скворцовтың, 
А.Суперанскаяның,  Т.Коготкованың,  В.Даниленконың,  т.б  зерттеуші 
ғалымдардың  рөлі ерекше болды.  
Соңғы  жылдары  жалпы  тіл  білімінің,  қазақ  тіл  білімінің  қарқынды 
дамуына  байланысты  тілдік  ұғымдардың,  оларды  білдіретін    терминдердің 
мол  қоры  қалыптасып,  қолданысқа  түсуде.  Бұл  қазақ    тілінің  мәртебесінің 

 
24 
өсіп,  өрісінің  кеңейе  түскенін  білдіреді.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясының 
кеңеюі,  осы  салаға  байланысты  базалық  терминдердің  болуын  тудырады. 
«Кәсіби  қазақ  тілі»  пәні  әр  түрлі  мамандық  студенттеріне  (экономика, 
бухгалтерлік есеп және аудит, аударма ісі, география, т.б). оқытылады. Өзге 
мамандық студенттері бұл пәнді сол сала терминдерімен байланысты оқиды.  
Ал «Екі шет тілі»  мамандағының студенттері «Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқуда 
лингвистиканың  терминдерін    игереді.  «Кәсіби  қазақ  тілі»  терминдерін 
қарастыра  отырып,    оларды  екі  түрлі  мағыналық  топқа  бөліп  қарастыруға 
болады.  
             1.Кәсіби  қазақ  тіліне  тән  лингвистикалық  терминдер:  Олар: 
интонациялық бірліктер, синтаксистік сегменттер дыбыстардың алмасуы, сөз 
мағыналарының  семантикалық  қабаты,  лексика-грамматикалық  категория, 
стильдік  ерекшеліктер,  сөйлеу  мәдениеті,  тілдік  қатынас,  жазбаша  тілдік 
қатынас, ауызша тілдік қатынас, интонация сұлбасы, қатысымдық бірліктер, 
дискурс,  куммулятивтік  қызмет,  фонетика,  фонология,  синтаксис, 
лексикогафия,  морфология,  аймақтық  тіл  білімі,  грамматикалану, 
айырымдық    белгілер,  антропологиялық  лингвистика,  анықтауыштық 
қатынастар,  ассимиляция,  ауызекі  сөйлеу  тілі,  атаулы  сөйлем,  ауыспалы 
мағына,  әлеуметтік  лингвистика,  әріптік  жазу,  белсенді  сөйлеу  мүшелері, 
компьютерлік    лингвистика,  көмекші  есімдер,  көмекші  сөздер,  қолданбалы 
тіл  білімі,  қосымша,  құрмалас  сөйлем,  қысқарған  сөздер,  лексикология, 
лексикалық  бірлік,  мәтін  теориясы,  морфема,  морфологиялық  бірлік, 
неологизмдер,  өнімді  жұрнақ,  өнімсіз  жұрнақ,  паралингвистика,  реңк  мәнді 
жұрнақ,  риторика,  сахна  тілі,  сөйлем,  сөз  тіркесі,  төл  сөз,  төлеу  сөз,  түбір, 
туыс тілдер, пиктография, психолингвистика, пунктуация,  т.б 
        2.Кәсіби  қазақ  тіліне  тән  педагогикалық  терминдер:  білім  жүйесі, 
репродуктивтік    және  конструктивтік  білім  түрлері,  дәстүрлі  оқыту  әдісі 
(сұрақ-жауап  әдісі,  түсіндіру  әдісі,  танымдық  әдіс,  салыстыру  әдісі, 
мазмұндау  әдісі,  мәнерлеп  оқу  әдісі,  әңгіме  әдісі,  хабарлау  әдісі,  тәжірибе 
әдісі,  т.б),  интербелсенді  оқыту  (дамыта  оқыту  технологиясы,  ақпараттық 
технологиялар әдісі, он-лайн сабақ, тренинг әдісі, т.б) , мұғалімнің әлеуметтік 
тұлғасы,    мұғалімнің  құзыреттілігі,  оқытудың  инновациялық  технологиясы, 
дамытпалы  оқыту,  жан  тәрбиесі,  жанама  әдіс,  оң  дамыту,  жарыстық  әдіс, 
жекеше үдеріс, жинақтық әдіс, көкейкөз, қатысымдық әдіс, оң өзгеріс, тәрбие 
пәні, үлестік әдіс, шындық дәрежесі, т.б.  
Жалпы,  кәсіби  қазақ  тіліне  тән  терминдерді  осындай  екі  топқа  бөліп 
қарастыру    тіл  білімі  салаларының    педагогикамен  тікелей  байланысынан 
туындап  отыр.  Білім  беру  процесінің  өзі    ерте  заманнан  бері  тәрбиемен,  
үндесіп, сабақтасып келе жатқан  үдеріс.  
Тілдің  сөздік  қорын  үнемі  үздіксіз  байытып,  толықтырып  отыру 
негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа 
тілдерден  сөз  қабылдау  арқылы  да  тілдің  сөздік  қоры  байып  отыратыны 
көпшілікке таныс. Бұл құбылыс қай тілге де болсын жат емес және ертеден 
келе  жатқаны  белгілі.  Алайда  сөз  байлығының  толығу  арнасы  –  тілдің 
сөзжасам  жүйесі,  оның  ішінде  сөзжасам  тәсілдерімен  тікелей  байланысты. 

 
25 
Басқа  тілден  енген  сөздерді  былай  қойғанда,  тілдің  ішкі  мүмкіндігі  арқылы 
сөздік қорды молайтып, тілге қосылып жатқан жаңа сөздердің бәрі де белгілі 
жолмен  жасалып,  тілдің  лексикалық  қорынан  орын  алады.  Тілде  жаңа 
сөздердің    жасалу  жолы,  тәсілдері  аз  емес.  Бірақ  олардың  жалпылық  
жақтарын  ескеріп,  жинақтап  үш  негізгі    тәсілді  көрсету  қазақ  тіл  білімінде 
дәстүрге  айналды.  Олар:  синтетикалық  (морфологиялық),  аналитикалық 
(синтаксистік), лексика - семантикалық тәсілдер [2,101б.]. 
  
Қазақ  тіліндегі  сөзжасамның  тәсілдері  мен  жолдары  ішіндегі  ең 
өнімділердің  бірі  –  қосымшалар  арқылы  сөз  жасау  тәсілі  болып  саналады. 
Сөзжасамның  бұл  түрін  тіл  білімінде  синтетикалық  немесе  морфологиялық 
тәсіл  деп  атайды.  Бұл  тәсіл  арқылы  жасалатын  сөздер  екі  тілдік    бірліктің 
қатысуымен туындайды. Олар лексикалық мағыналы сөз және сөзжасамдық 
жұрнақ.  
Сөзжасамның  морфологиялық  тәсілі  кәсіби  қазақ  тіліне  тән 
терминдерді  жасауға  белсене  қатысады.  Оған    төмендегідей    сөз  тудырушы 
жұрнақтар арқылы жасалған мысалдарды келтіруге болады:  
-лық  → жалғау/лық, сұрау/лық, қосар/лық; 
-ша, ше → жақ/ша, сызық/ша, есім/ше, көсем/ше, көп/ше, жеке/ше; 
-уыш → баста/уыш, баянда/уыш, толықта/уыш, анықта/уыш, пысықта/уыш; 
-дік → есім/дік, белгісіз/дік, өз/дік; 
-тік → жік/тік, көп/тік, сеп/тік, етіс/тік;  
-ыс→ жат/ыс, шығ(қ)/ыс, бар/ыс, таб(п)/ыс; 
-ау  → ата/у, шыла/у, қала/у, сұра/у, т.б. 
Кәсіби қазақ тілі терминологиясында жиі ұшырасатын грек-латын текті 
сөз жасаушы терминбөлшектерге мынадай мысалдар келтіруге болады: 
-граф(ия)  →  орфо/графия,  лексико/графия,  термино/графия,  картог/рафия, 
моно/графия, орфо/графия; 
-лог(ия)  →  морфо/логия,  лексико/логия,  термино/логия,  фоно/логия, 
моно/лог, диа/лог; 
-моно  → моно/семия, моно/лог, моно/графия, моно/гамия, моно/грамма;                                                                                                                       
-поли → поли/семия, поли/гамия, поли/глот; 
-тека → фоно/тека, карто/тека; 
-фоно, фон → фон/етика, фоно/логия, фон/ема, т.б.  
 
Жоғарыда  көрсетілген  сөз  тудырушы  жұрнақтар  терминжасам 
барысында  жиі  қолданылып  жүрген  өнімді  жұрнақтар.  Алайда  жұрнақтың  
өнімді немесе өнімсіздігі оның тұрақты сипаты деп тануға болмайды. Өнімсіз  
жұрнақтың да сөзжасам белсенділігін арттырып, өнімді жұрнаққа айналдыру 
әбден мүмкін. 
                Терминжасамның  аналитикалық  тәсілі.  Ұлттық  терминқорымызда 
аналитикалық  жолмен  жасалған  терминдер  өте  мол.  С.Исаев  бұл  жөнінде 
«Тілдегі,  тілдік  процестегі  себеп-салдарлық  байланыстарға  мән  бере 
бермегендіктен  кейде  сөзжасамның  бұл  тәсіліне  біріккен,  кіріккен, 
қосарланған,  қайталанған,  тіркесті  сөздер  жатқызылады.  Бұлар,  яғни 
біріккен, кіріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен сөздер сөзжасам  тәсілі емес, 
сол  сөзжасам  тәсілі  негізінде  (аналитикалық  немесе  синтаксистік)  пайда 

 
26 
болған  нәтиже,  яғни  жаңа  туындылар,  олар  біріктіру  процесі  арқылы, 
қосарлау я қайталау нәтижесінде туған тілдік единицалар» деп жазған. 
Сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі  арқылы  кәсіби  қазақ  тіліне  тән 
терминдерді  де  жасауға  болады.  Сөзжасамның  аналитикалық    тәсілі 
сөзқосым (біріккен және кіріккен сөздер), қосарлау және тіркестіру тәсілдері 
арқылы жасалады. 
           1. Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған кәсіби қазақ тіліне тән терминдер: 
сөзжасам, көпмүше, тілтаным, сөзқосым, т.б.            
           2.  Қосарлау  тәсілі  арқылы  жасалған  кәсіби  қазақ  тілі  терминдеріне:  
лексика-гамматикалық  категория,  лексика-семантикалық  тәсіл,  себеп-салдар 
мәндегі жалғаулық, қимыл-сын үстеуі, т.б сияқты терминдерді жатқызамыз.  
           3.  Тіркестіру  –  екі  я  да  одан  да  көп  сөзден  тұратын,  әр  сыңары  бөлек 
жазылатын  күрделі  сөздердің  түрі:  сөйлеу  мәдениеті,  интонациялық    бірлік, 
ауызша тілдік қатынас, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, зат есім, сын есім, 
сан  есім,  бір  мағыналылық,  азат  жол,  сөз  тіркесі,  жазу  таңбалары,  жиілік 
сөздер,  тұйық  етістік,  салт  етістік,  сабақты  етістік,  көмекші  есімдер,  өнімді 
жұрнақ,  өнімсіз  жұрнақ,  сөз  тіркесі,  осы  шақ,  тұрақты  тіркес,  еліктеу  сөз, 
қаратпа сөз, оқшау сөз, хабарлы сөйлем, төл сөз,  т.б 
 Калькалау  –  термиинжасам  тәсілі  ретінде.  Калькалау  -  өзге    тілдердің   
терминдерінің  жасалу  үлгісі  мен  мағынасын  пайдалана  отырып,  ұлт  тілінде 
термин  жасау  болып  табылады  [2,162б.].  Өзге  тілдерден  термин  қабылдай 
отырып,  оны  тіліміздің  табиғатына  сәйкестендіріп  жетілдіре  білсек,  ұлттық 
терминологиямыздың  өрісі  кеңеймек.  Бұл  кәсіби  қазақ  тіліне  де  тікелей 
қатысты.  Калькалау  тәсілі  арылы  жасалып,  кеңінен  қолданылып  жүрген 
кәсіби  қазақ  тіліне  тән  терминдерге  төмендегідей  мысалдар  келтіруге 
болады: 
-  сөзжасамдық  калька:  (сөзді  дәл  аудару)  ауыспалы  мағына  – 
переносное значение, әдіс – метод , әлем тілдері – языки  мира, белгі – знак , 
алғашқы  күй(тілдің)  –  первообразное  состояние(языка),  аралас  тіл  – 
смешанный    язык,  атаулы  сөйлем  –  назывное    предложение,  бала  тілі  – 
детский  язык, бейнелеуіш сөздер – образоподражательные  слова, бейімделу 
–  приспособление  ,  буын  –  слог  ,  буын  тілдер  –  слоговые  языки,  бұйрықты 
сөйлем  –  повелительное  предложение,  бүйір  дауыссыздар  –  боковые 
согласные,    бір  құрамды  сөйлем  –  односоставное  предложение,  дауыстылар 
үндестігі  –  гармония  гласных,  деңгей  –  уровень,  дербес  сөздер  – 
самостоятельные  слова,  ауызекі  сөйлеу  –  устная  речь,  байлаулы  түбір  – 
связанный корень, бағыныңқы сөз – зависимое слово, бөгде сөз – чужая речь, 
өткен шақ – прошедшее время, сөздік ұя – словарное гнездо,  т.б. 
- семантикалық калька: (сөздің ауыспалы мағынасын алу) жалаң түбір – 
непроизводная  основа,  жақсыз  сөйлем  –  безличное  предложение,  жақты 
сөйлем  –  личное  предложение,  жалаң  түбір  –  непроизводная  основа, 
бағыныңқы сөйлем – придаточное предложение, төл сөз – прямая речь, төлеу 
сөз – косвенная речь, түбір сөз – непроизводная форма т.б   

 
27 
Осы арада кәсіби қазақ тілі терминдерін  жасайтын тәсілдермен қатар, 
кәсіби  қазақ  тілі  терминдерінің  антонимдігі,  синонимдігі  мәселесіне  де 
тоқтала кетпекпіз.    
          Арнайы  лексика  жүйесінің  бір  көрінісі  ретінде,  антонимия  мәселесі 
лексика-семантикалық  категориялардың  бірі  болып  табылады.  Сөздің 
семантикалық  мазмұны,  сол  сөздің  нені  білдіретінімен  ғана  емес,  қарама-
қарсылығымен де анықталады.  Л.А.Новиков «Семантизация слов неродного 
языка с опорой на связь по  противоположности предоставляется возможной 
и, более того, целесообразной , прежде всего потому, что антонимия – одна 
из языковых универсалий» [11,26с. ] деген. Антонимия мәселесі терминтану 
ғылымына да жат емес, керісінше терминдердің антонимділігі және олардың 
қызметтері бүгінгі терминологияның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.  
Осы  мәселеге  орай    И.А.Долгованың  «Новизна  и  актуальность 
настоящего  исследования  определяется  недостаточной  разработанностью 
вопроса 
о 
терминологических 
антонимах: 
в 
настоящее 
время 
лингвистическая  литература  не  распологает  специальными  монографиями, 
исследованиями, рассматривающими проявление антонимии в научном стиле 
речи. О необходимости  подобного исследования свидетельствует отсутствие 
единого  мнения  о  терминологических  антонимах»  [12,163с.]  деген  сөздері 
жоғарыда айтылғандарды дәлелдей түседі. 
 Кәсіби  қазақ  тілі  терминдеріне  келер  болсақ,  бұл  салада  да  антоним 
терминдер кездеседі. Тіл білімі саласы өте күрделі әрі ауқымы жағынан өте 
кең  болғандықтан,  мағынасы  бір-біріне  қарама-қарсы  келетін  терминдердің  
кездесіп  тұратыны  шарт.  Кәсіби  қазақ  тіліне  тән  антоним  терминдерге 
төмендегідей мысалдар келтіруге болады: дисфемизм – эвфемизм, моносемия 
–  полисемия,  бір  мағыналылық  –  көп  мағыналылық,  жалқы  есім  –  жалпы 
есім, дауысты дыбыстар – дауыссыз дыбыстар, ұлғаю амалдары – ықшамдалу 
амалдары, толымды сөйлем – толымсыз сөйлем, тіл алды дауыссыздар – тіл 
арты дауыссыздар, тіл алды дауыстылар – тіл арты дауыстылар, поллигамия 
–  моногамия,  болымды  сөйлем  –  болымсыз  сөйлем,  өнімді  жұрнақтар  - 
өнімсіз  жұрнақтар,  актив  сөздер  –  пассив  сөздер,  аллитерация  –  ассонанс, 
жақты  сөйлем  –  жақсыз  сөйлем,  т.б.  Терминдердің  антонимділік 
қатынастарының мүмкіндігін дәлелдеу мақсатында Л.А.Новиковтың «наука, 
как  отражение  определений  экстралингвистической  реальности,  оперирует 
противоположными понятиями» [11,56с.] деуі осының дәлелі.   
 Антонимия  тек  ғылым    саласында  немесе  терминологияда  ғана  емес, 
жалпы  адамзаттың  өмірінде  де  елеулі  орын  алады,  себебі  өмірдегі  аса 
маңызды құбылыстардың өзі, өмірдің өзі қарама-қарсылықтан тұрады. 
 Терминдерге  қатысты  бірнеше  талаптар  бар,  соның  ішінде  терминнің 
бірмағыналығы яғни синонимдерінің болмауы жөнінде  айтылған. Алайда тіл 
өте күрделі және   қолданылу  аясы өте кең құбылыс, сондықтан синонимия 
мәселесі  тікелей  терминдерге  де  қатысты.  Терминтанушы  С.В.Гриневтің 
айтуы  бойынша  «Проблема  синономии  терминов,  то  есть  использование 
нескольких  лексических  единиц  для  именования  одного  понятия  является  
одной из основных и наиболее важных  проблем терминоведения» [7, 106 с.]. 

 
28 
Бұл  мәселе  синонимия  бойынша  алғашқы  еңбектер    жарық  көргелі  бері 
зерттеліп  келеді  және  бүгінгі  күні  оған  біршама  жұмыстар,  оның  ішінде 
диссертациялық еңбектер арналғанымен, синонимдер терминологияда әлі де  
толыққанды шешімін таппаған өзекті мәселеге айналып отыр.  
Синонимдес  терминдердің  көптеп  болуы,  қолданушы  мамандардың 
олардың  арасынан  қандай  да  болсын  айырмашылықты  табуына  әкеліп 
соқтырады.    Бұл  жөнінде  С.В  Гринев  «Стремление  найти  разницу  между  
терминами  – синонимами приводит к их искажению» [7, 107с.] деп, ерекше 
тоқталған.  Жалпықолданыстағы  тілде  синонимдер  айтылуы  басқа,  бірақ 
мағынасы  жағынан  сәйкес  келетін  сөздерде  қолданылады.  Ал  терминология 
тілі ғылым тілі болғандықтан, оның  мақсаты стилистикалық ерекшеліктерге 
қол  жеткізу  емес,  ақпарат  тарату  болып  табылады.  Терминологияда 
мағынасы жағынан ұқсас сөздер толыққанды сәйкестілікті емес, жақындықты 
білдіреді,  сондықтан  да  кейбір  терминолог  ғалымдар  оларды  синонимдер  
емес  дублеттер  (О.С.Ахманова)    деп  атауды  ұсынады.  А.А.Реформатский  
«Синонимы  –  это  безусловно  разные  слова,  а  дублеты  –  это  аффиксальные 
варианты  слов»  [9,23с.]  деген.    Кейбір  ғалымдар  синоним  атауының 
өзгертусіз  қалуын  ұсынса  (Л.Л.Кутина,  В.И.Ульянов),  кейбіреулері  
«терминологиялық  эквивалент»  деп  атауды  жөн  көрген.  Арнайы 
әдебиеттерде  «терминологиялық  эквивалент»,  «синоним»,  «дублет»  сынды 
ұғымдар пайда болды.  Ғалымдардың пікірлерінің бір арнада тоғыспағанына 
қарамастан, терминологиядағы синонимділік мәселесі зиянды құбылыс емес, 
керісінше,    синонимдер  стандарттау  мен  кодтаудың  сарқылмас  бастауы 
болып  табылады  және  олардың  анағұрлым  көп  болуы,  жүйелілік  пен 
бірізділікке  жетуге  жетелейді.  Ғылым  тілінде  синоним  терминімен  қатар 
дублеттілік ұғымы қатар жүреді. Кәсіби қазақ тіліне тән дублет  терминдерге 
төмендегідей мысалдар келтіруге болады: абстрактылық – дерексіздік, әліпби 
– алфавит, тосын сөз – окказионал сөз, транскрипция – дыбыстаңба, уәждеме 
– мотив, суффикс – аффикс, азат жол – абзац, адитив – барыс септігі, генитив 
–  ілік  септігі,  амредита  –  қайталама  қос  сөз,  унификация  –  біріздендіру, 
аффиксоид – суффиксоид, адьективтену – сын есімге айналу, адьектив – сын 
есім,  табу  –  тыйым  сөз,  автоэтноним  –  алтоэтноним,  аймақтық  тіл  білімі  – 
ареалдық  лингвистика,  аталым  –  номинализм,  биллингвизм  –  көптілділік, 
түбір тілдер – аморфты тілдер т.б.  
А.Мустафаева  «О  синонимии  в  специальной  лексике,  а  в  частности 
терминологии,  следует  говорить  в  рамках  одной  и  той  же  терминсистемы. 
Термины  двух  и  более  систем  не    считаются  синонимами,  так  как 
выполняемые ими функции  становятся разными, что не характерно процессу 
синонимии » [5,295с.] деген пікір айтқан.  
 
Синонимия  кейбір  ғалымдардың  айтуындай,  терминологияға  жат 
құбылыс  емес,  керісінше  ол  қандай  да  болсын  терминжүйенің  қалыптасу 
кезеңінде орын алатын құбылыс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет