Борунков ,
А.Г. Ковалев, Л.Г.Фарафонова, К.А. Логинова, Е,А.Крюкова т.б ғылыми
еңбектерін атауға болады. Ал дипломатиялық құжаттар тілін зерттеуде
Е.М.Иссерлин, В.Н.Бабенко, Т.В. Солтановская атсалысты.
Отандық зерттеуші ғалымдардан қазақтың дипломатиялық тілін
арнайы зерттеген А.Ашинованы, проф Н.Сүлейменованы, Б.Хасановты,
Г.Бегимованы, қытай-қазақ дипломатиялық терминдер сөздігін құрастырған
Т.Қалибекұлыны атауға болады.
XX ғасырдың 60-70-ші жылдары шыққан салалық терминологиялық
сөздіктерге қосымша ретінде бүгінгі күні жаңа арнадағы сөздіктер шыға
бастады. Сол ретте ресми іс қағаздарын жүргізуге жәрдем ретінде 1994 жылы
«Атамұра» баспасынан «Екі тілде іс жүргізу: сөздік-анықтамалық» атты
көмекші құралдың шығуы осы бағыттағы шаруаны біршама жеңілдете түсті.
Алайда әр сала өзіндік ерекшеліктерге толы. Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі көлемінде 2004 жылы "Қазақ және орыс тілдерінде
дипломатиялық іс жүрізу" сөздік-анықтамалығының шығуы қазақстандық
дипломатиялық ресми іс қағаздарының ұлттық тілге көше бастауының
белгісі болды. 2008 жылы Алматының «Арда» баспасынан шыққан
құрастырушы-автор М.Кәрібайдың «Дипломатиялык хат алмасу (үлгілер)»
еңбегібүгінгі күнде аса зәру әрі күрделі мәселенің бірі – дипломатиялық
құжаттарды, ресми іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жазу, оқу, дамыту және
бір ізге түсіру тұрғысынан жазылған. Қазақстан Республикасының бұрынғы
Сыртқы істер министрі болған Қ.Тоқаев: "Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері
бұрын ұмтыла бастаған ұлттығымыздың басты белгілері, асыл мұраларымыз-
тарихымыз, дініміз, ділімізбен қоса, тілімізді қалпына келтіруге сыртқы
саясат
ведомствосы
да
атсалысып,
министрліктің
құрылымдық
бөлімшелерінде және шетелдердегі елшіліктер мен өкілдіктерде іс жүргізу
және қатынас қағаздарын кезек-кезегімен мемлекеттік тілге көшіру
жоспарланып отыр" [3]– деп тіл мәселесінің мемлекетаралық қатынастарда
да өте мақызды екендігін дәйектейді.
Бүгінгі күнге дейін дипломатиялық құжаттардық тілі қарапайым,
майда, икемді болу керек деген түсінік қалыптасқан болатын. Кезінде
дипломатияда солай сұхбаттасқандығы ақиқат. Дегенмен, құжаттардағы
бүкіл мәтіннің бір жақты, нақты мәліметтің өзі ғана келтірілуі құжатпен
танысушы тарапты жалықтыруы мүмкін. Бұл құжат мазмұнын соңына дейін
толық түсіну мүмкіндігін жоюы ықтимал. Мәселеге қатысты алғашқы
дипломатиялық құжат дайындалған кезде мәліметтерді нақтылы күйінде
дәйектеу қажет. Ал осы мәселеге қатысты келесі құжаттарды әлде қайда кең
көлемде, жан - жақты ашып көрсеткен дұрыс. Дипломатиялық құжаттардың
стилистикалық құндылығы сөздер мен сөз тіркестерін тиімді пайдалана алу
22
мүмкіндігіне тікелей қатысты.
Бір сөздің өзін әр сөйлем сайын қайталай берсеңіз де дипломатиялық
сапасына кері әсер етері белгілі. Дипломатиялық құжаттарда жалпылама
сипаттағы түсініктерге тым жиі сілтеме жасамаған дұрыс, өйткені керісінше
жағдайда бұл қажет басқа тарапқа ақыл айтумен тең болып қабылданады.
Сондықтан да қарсылық білдіру құжаттарын дайындауда жеткілікті
мөлшерде дәлелдеме болғаны жөн. Сол негізде тым асыра сілтеушіліктің
болмағаны дұрыс. Егер дипломатиялық құжаттарды грамматикалық
тұрғыдан қарастыратын болсақ тек жадынамалық жазбаларында ғана емес,
сондай-ақ ноталар мен мәлімдемелерде де болымсыз сөйлемдер көп
мөлшерде кездеседі. Өйткені бұл дипломатиялық құжаттардың белгілі
ерекшеліктерімен айқындалады.
Дипломатиялық
құжаттардағы
бастауыш
–
көп
жағдайда
анықтауышты, яғни мәселеге саяси сипаттама беруді қажет етеді, дегенмен
мұны өте қажет деген сәтте ғана орындау қажет. Құжат дайындау кезінде
етістіктерді пайдалану да мұқияттылықты талап етеді.
Ең алдымен тепе – теңдік қатынастар жайлы баяндалғанда, егеменді
мемлекеттердің қатынастары туралы сөз болғанда басқа мемлекет үшін оның
не істеу немесе істемеу керектігін міндеттеу әдепсіздік деп есептелінеді. Сол
себепті дипломатиялық құжаттарда міндеттеу қағидасы әлдеқайда икемді,
жұмсақ түрге ие болады. Яғни, келісімшарт сөйлемдерінде «егер» сөзінен
бастауға тура келсе, «қарсы тараптармен қоса» өздеріне де қатысты екендікті
білдіретін реңк болуы тиіс. Міндеттеу сөздерін пайдаланудың екінші
қауіптілігі - талап етушілік деп қабылдау жағдаяттары.. Ал талап етушілік –
егер құжат қандай да бір төтенше жағдайға қатысты болғанда ғана
расталады. Ал басқа жағдайларда дипломатиялық қатынас барысында талап
ету өзіңе қайта зиянды жайттар тудыруы мүмкін [4, 96].
Зерттеу барысында дипломатиялық құжаттардың рәсімделуіне
қойылатын тілдік талаптар, стилистикалық критерийлері анықталды. Яғни ,
қазақ дипломатиялық тіліне тән ерекшеліктер былайша нақтыланды:
біріншіден, оның өзіндік терминологиясы бар (атташе, коммюнике, пакт,
конвенция. т.б.), ал кейбір терминдер қазақтың төл тілінен алынған (елші,
келіссөз, сенімді өкіл, т.б. ), бірқатар лексикалық бірліктер дипломатиялық
қарым-қатынаста арнайы терминдік мағынаға ие болып қолданылады.
Екіншіден, дипломатиялық қарым-қатынастың өзіндік этикасы болады.
Мысалы дипломатиялық сыйластықты білдіретін тілдік стиль (Жоғары
Мәртебелі, мырза, ханым – ізгі ниетпен; шынайы ризашылығымды
білдіремін; жылы лебізіңізге рақмет; сіздің сенімді өкіліңіз, т.б.) болады.
Үшіншіден, дипломатиялық тілдің синтаксистік құрылымы құрмалас
сөйлемдерден құралады, айқындауыш мүшелер, бірыңғай мүшелер жиі
кездеседі.
Төртіншіден, мәтін мақсатты, шартты мәнді болғандықтан, сөйлем тұйық
етістікті (инфинитив) сөздермен аяқталады (қамтамасыз ету, тасымалдау,
рәсімдеу, қабылдау).
23
Бесіншіден, мәтін мазмұны келешекте болатын істі жоспарлауға
бағытталғандықтан, сөйлемдер ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер
шақ формасында беріледі (жүзеге асырылады, ықыласын білдіреді т.б.).
Алтыншыдан, құрмалас сөйлемдерден құралады, себебі ойды логикалық
тұрғыдан тиянақты әрі түсінікті жеткізу үшін айқындауыш мүшелер
қолданылады, осы орайда есімше жұрнақтары жиі жалғанады (көрсеткен,
барған, растайтын, енетін, туындайтын),
Жетіншіден, дипломатиялық мәтіндер мазмұны негізінен екі мемлекет
арасындағы бұрынғы байланыстарды дәйектейтін немесе жоспарланған істің
нәтижесін
растайтын
мағынамен
тоғысып
жатады.
Сондықтан
дипломатиялық мәтін тілінде өткен шақ формасымен аяқталатын сөйлемдер
жиі кездеседі (бекітілді, белгіленді, қалыптасқан, қарастырылған).
Сегізіншіден, дипломатиялық мәтінде дипломатиялық қарым-қатынастың
болып өткен уақыты, орны нақты көрсетілетін болғандықтан сан есім түрлері
жиі қолданылады. Мысалы, 2013 жылдың 25 тамызында, 12.00-де, 3-4
сағатқа созылды деген қолданыс үлгісінде беріледі.
Тоғызыншыдан, дипломатиялық тілде изафеттік құрылым, яғни ілік септігі
жалғауының түсіп қолданылуы жиі кездеседі. Қазақстан Республикасы,
Америка Құрама Штаттары, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Біріккен
Ұлттар Ұйымы [5]
Оныншыдан, дипломатиялық стиль ресми-іскери стильдің құрамдас бөлігі
болғанымен, дипломатиялық мәтіннің өн бойында публицистикалық стиль,
көркем-әдеби стиль реңктері кездесіп жатады. Дегенмен, дипломатиялық тіл
халықаралық саясат тілі болып саналғандықтан, онда көпсөзділікке,
эмоционалдылыққа, аса әсірелейтін бейнелі сөздерге, еркін қолданыстарға
жол берілмейді. Тіпті дипломатиялық шешендік тілде де экспрессивтілік пен
эмоционалды әсер ететін тілдік құралдар шектеп қолданылады.
Саяси-дипломатиялық қарым-қатынас мазмұнына келсек, бұндай
стильдің басты мақсаты – айтылмақ ойды қарым-қатынасқа түсуші екінші
тарапқа мейлінше растау, идеяның дұрыстығына сендіру, алға қойылған
жоспарға көндіру. Ол үшін тілдік тұлға өзінің логикалық дәйектеу
шеберлігіне, шешендік өнеріне, тапқырлығына, яғни тілдік және аялық
біліміне сүйенеді. Дипломатиялық стильден гөрі, саяси тілде көркемдік тілдік
қолданыстарға, шешендік сөйлеу тәсілдеріне еркіндік беріледі. Соның
негізінде саяси қатысым, саяси дискурс, саяси мәтін кеңістігінде
прагматиканы жүзеге асыратын бейнелі метафоралардың тиімді қолданылуы
кең етек алып отыр. Осыдан барып, саяси метафоралардың әмбебаптық
қызметі, яғни тыңдаушыға әсер ету, логикалық дәйектілікке қол жеткізу,
психологиялық бетбұрыс жасау, ынталандыру, тыйым салу, сендіру, ой
тастау, психологиялық шабуыл жасау қызметтері нақтыланды. Демек, қазіргі
заманауи қоғамда адам мен адамды жақындастыратын, ел мен елді
байланыстыратын тілдің құдіреттілігін, соның ішінде саяси-дипломатиялық
тілдің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындап, оны түзетуге тырысу
қажет.
24
Қазақ тілін Орта Азия елдері арасындағы қарым-қатынас тілі ретінде
әлеуетін көрсету үшін, саяси-дипломатиялық стилін ғылыми негізде зерттеу
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Вдовина О.А. Полиполярность мира и языка дипломатического
общения / О.А. Вдовина // Вестник Южно-Уральского государственного
университета (Серия Лингвистика), Выпуск №8 - 2009. - № 2.
2.
Вильднер Х. Дипломатическая техника. М., 2000.
3.
Тоқаев Қ. Беласу. – Астана, 2006.
4.
Холопова Т.И., Лебедева М.М. Протокол и этикет для деловых людей.
М., 1994.
5.
Бөрібаева С. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік
құжаттарды рәсімдеу. – Алматы, 2011.
Резюме
В статье выявлено языковые правила и нормы правописания в
оформлении дипломатических документов. Определено лингвистические и
стилистические особенности казахского политико-дипломатического
языка.
Summary
The article revealed linguistic rules and regulations spell the design of
diplomatic documents. Defined linguistic and stylistic features of the Kazakh
political-diplomatic language.
РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІН САЛҒАН ҚАЗАҚ ҒАЛЫМЫ
Н.Әміржанова –
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға
оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
(Алматы, Қазақстан)
Асқар таудың алыстаған сайын биіктей түсетіні секілді, ұлы
тұлғалардың асыл бейнелері, бүкіл рухани әлемі өмірден озған соң күннен-
күнге, жылдан-жылға асқақтай көрінетіні белгілі. Ал оның артында қалған
мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, теңдесі жоқ мол қазынаны елестетеді.
І.Кеңесбаев – алғашқы қазақ оқулықтарының тұңғыш авторларының
бірі. Ғалым – білім беру мекемесінде оқитын шәкірттердің танымдық-
тәрбиелік қажетін өтейтін рухани қымбат қазынаны жазумен айналысып,
белгілі бір пән бойынша жасалған тұжырымдаманы ғылым негіздерге сүйене
отырып, оқу бағдарламаларына енгізуге тырысты. Оның жасаған оқу
құралдарынан сан мыңдаған жас жеткіншектер, бірнеше ұрпақ өкілдері
сауатын ашып, білім нәрімен сусындады, өнегелі тәрбие үлгілерін бойына
сіңірді.
25
Дарынды педагог ғалым білім берудегі оқулықтың рөлі мен орны деген
мәселеге ерекше көңіл бөлді. Оның қолынан шыққан оннан астам әліппе
кітаптары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік еңбектері бар.
Оқу-әдістемелік еңбектері лингвист ғалымның халық ағарту
майданында елдің сауатын ашуға, ана тіліміздегі төл оқулықтарды жазу
жұмысына шынайы жанашырлықпен белсене атсалысқанын айғақтайды.
1930 жылдың бас кезінде көптеген мемлекеттік құжаттарда, халық-
ағарту саласының қызметкерлері мен ғалым-педагогтардың мақалаларында,
ғылыми кеңестерде білім беру мен тәрбие жұмысын жетілдіре түсу,
оқулықтар құрастырудың ғылыми жүйесін жасау, оқу-әдістемелік орталық
құрудың қажеттілігі т.б. мәселелер жайында жиі сөз болды. Осыған орай
1932 жылдың қаңтарында Республикалық ғылыми-педагогика кабинеті
құрылып, 1933 жылдың қаңтарында осы кабинеттің негізінде Педагогика
ғылымдары ғылыми-зерттеу институты ашылған болатын.
Институт қызметкерлерінің белсене араласуымен, ұлт мектептеріне
арнап қазақ тілінде оқулықтарды жазу ісі қолға алынды. Бұл іске Қ.Жұбанов,
І.Жансүгіров, М.Әуезов сынды ұлы тұлғалар ерекше атсалысты. Осы кезде
ана тілімізде бірнеше ғылыми педагогикалық еңбектер жарық көре бастады.
Ал 1930 жылдардың екінші жартысында институт жанынан авторлар тобы
қайта құрылып, жаңа оқулықтар жазуға С.Жиенбаев, Ә.Қоңыратбаев,
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев сияқты белгілі ғалымдар тартылды. Осылайша,
Қазақстанда ұлттық ғылыми кадрлары енді жетіліп келе жатқанда
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Асфендияров,
Т.Жүргенов,
С.Сейфуллин,
Б.Майлин,
І.Жансүгіров,
Қ.Жұбанов,
Х.Досмұхамедұлы, М.Жолдыбаев, Ш.Әлжанов, Ә.Сыдықов сияқты ондаған
зиялы қауым өкілдері «халық жауы» атанып, қуғын-сүргінге ұшырап,
атылды. Зиялы қауымды қудалай қазақ ғылымының біршама жылдарға
тоқырауын туғызды. Ал 1930-1941 жылдың арасында жаппай бастауышқа
міндетті оқу енгізіліп, совет мектебінің оқу-тәрбие жұмысы қайта құрыла
бастады. 1933 жылы мектеп оқулықтары туралы партияның Орталық
Комитетінің қаулысы қабылданады. Қаулы бірнеше жылдарға арналған
тұрақты оқулықтар даярлау қажеттігін атап көрсетті. Сондықтан қазақ
ғалымдарының алдында оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазу,
методикалық нұсқаулықтар жасау міндеті тұрды. Бұл сол кездегі
мамандардың төл ісіне айналады. Осындай қиын да, жауапты кезеңде, яғни
теориялық мәселелерінен гөрі практикалық мұқтаждық басымырақ болып
тұрған сәтте, бір топ педагог ғадымдар атсалысты. Оның бірі – академик
І.Кеңесбаев болатын.
І.Кеңесбаев 1931 жылы Ленинградтың Шығыс зерттеу институтын
бітіріп, халықты сауаттандыру яғни, оқу-ағарту жұмыстарымен тікелей
жұмыс жасайды. І.Кеңесбаев 1931-1934 жылдары Халық ағарту
комиссариаты жанындағы оқу-методикалық советте қызмет істей жүріп, сол
кезеңге қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға қызу атсалысқан
алғашқы қазақ ғалымдарының бірі. Бастауыш мектептерге арналған әліппе
26
мен қазақ тілі оқулықтары оның ғылым жолындағы алғашқы «әліппесі» деп
айтуға болады.
Жалпы 1935 жылға дейін бастауыш және жоғарғы сыныптарға
арналған (латын графикасына негізделген қазақ жазуымен басылған) оқу
құралдары болмады, ал болғандары қазақ тілін терең зерттеу негізінде
жазылмай, басқа тілден көшірілу әдісімен жасалған оқу құралдары деп
есептелінді. Сондықтан қазақ мектептерін, мыңдаған қазақ оқушыларын өз
ана тілінің сапалы құралдарымен қамтамасыз ету жұмысы ең маңызды басты
міндеттің бірі болып қойылды. Оларды жазу үшін алдымен қазақ тілінің
фонетикасын, грамматикасын терең зерттеп, оның заңдылықтарын, дұрыс
ережерін айқындап алу керек болды. Ал тыңнан оқу құралдарын жазып, ана
тілін оқытуды ғылыми жолға салу мүмкін емес еді. І.Кеңесбаев мектеп
оқушыларына әліппе, грамматика жазу жұмысын жеңіл желпі, атүсті
қарайтын мәселе емес, аса күрделі жұмыс екенін жақсы біліп, соған
байланысты жұмыстар атқарды. Өз кезінде ғалымның қолынан шыққан
бастауыш және орта мектеп кітаптары өте сапалы, тәрбиелік мәні зор оқу
құралдары болып есептелінді.
Ғалым қазақ тіл білімінің өзіне дейінгі және өз кезеңіндегі барлық
табыстары мен игілікті жетістіктерін жете меңгеріп, ғылыми зерттеу
жұмыстарын
жүргізді.
Ғалымның
ой
елегінен
өткізілген
тың
тұжырымдарының түпкі жиынтығы, істелген іс пен жасалған жұмыстар
қорытындысының нәрі мен сөлі оқулық беттеріне түсіріліп отырылды.
І.Кеңесбаев – жас жеткіншектердің сауатын ашып, білімін жетілдіру
мақсатын көздеді, ана тіліне, қазақ тіліне деген олардың сүйіспеншілігін
арттырып, ынтасын көтеруге тырысты. Мұғалімдердің практикалық сабақ
беру жұмысын ғылыммен ұштастырып, тілді оқыту ісінің теориялық негізін
қалап, ғылымды педагогикамен байланыстырып отырды. Республика
көлемінде болып жатқан соңғы жаңалықтар мен табыстарды мектеп және
жоғары оқу орындары арасына таратып, қазақ тіл біліміндегі алдыңғы
қатарлы ой-пікірдің жаршысы ретінде танылды.
Оқулықтар мен оқу құралдарын жазу үстінде Ісмет Кеңесбаевтың
ағартушылық қарым-қабілеті, ұстаздық ұлағаты барынша жарқырап
танылғаны белгілі. Мұны оқулықтардың дидактикалық құрылымынан,
әдістемелік нәрлілігінен, оқу мәтіндерін берудегі автордың шынайы әдіскер
маман екенін көруге болады.
І.Кеңесбаев жазған немесе жазуға қатысқан әрбір оқулық, әрбір оқу
құралы қайта басылған сайын өңделіп, жаңа оқу материалдарымен, сәтті
мәтіндермен толықтырылды. Бұл оның оқулық авторы ретіндегі
шеберлігінің өсу динамикасын, оқулық жасау технологиясын жете меңгеріп,
оны жетілдіріп отырғанын да көрсетеді. Мәселен, 1934 жылы «Қазақ тілі»
бастауыш сыныптарға арналған оқулығын 1935, 1936, 1938 жылдары
толықтырып қайта шығарылған оқулықтары дер кезінде, өз уақытының тиісті
міндетін атқарды деп айтуға болады.
1934-1935 және одан кейінгі оқу жылдарында мектептің оқу жоспары
мен оқу программалары жетілдірілді. Жаңа сападағы бағдарлама негізінде
27
І.Кеңесбаев 1934 жылы «Қазақ тілі» атты бастауыш мектептің оқулығын
жарыққа шығарады. Ол оқулық бірінші және екінші сынып оқушыларына
арналып жазылды. Оқулықтың мақсаты – қазақ тілінің грамматикасы мен
емле ережесін теориялық негізге сүйене отырып, әртүрлі жаттығулар арқылы
сауатты жазу және сауатты сөйлеуге үйрету болып табылады.
Аталған оқулығының жарты бөлігін бірінші сыныпқа, екінші бөлігін
екінші сыныпқа арнаған. Бірінші сыныпқа арнаған бөлігі 27 беттен тұрады,
мұнда «Сөйлем», «Сөйлемдегі сөздердің байланысы», «Жалқы есімдегі бас
әріп», «Буын және сөзді тасымалдау», «Дыбыс», «И,у дыбыстары», « Ый, ій,
ұу, үу жазылуы», «Дыбыс пен әріп», «Дауысты, дауыссыз дыбыстар»,
«Жуан және жіңішке дыбыстар» тәрізді тақырыптарды арнайды. Ал екінші
сыныпқа арналған бөлігінде «Сұраулы сөйлем», «Лепті сөйлем», «Дауысты
және дауыссыз дыбыстар», «Әліппе реті», «Жуан және жіңішке дыбыстар»,
«Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар», «Жуан және жіңішке сөздер»; «О-Ұ,
Ө-Ү», «Ы,І», «Сөз аяғында келмейтін ұяң дыбыстар», «Ый, ій, ұу, үу», «Қос
сөздер», «Демеулер», «Түбір мен жалғау» сияқты тақырыптар берілген.
Көріп отырғаныңыздай аталған еңбек қазақ тіл біліміндегі әмбебап сала –
грамматиканы үйретуге бағытталған. Ғалым бұл оқулығында сол замандағы
ең күрделі мәселелерге арнайы тақырып арнағандығын байқаймыз. Айталық,
қазіргі кезде бас әріппен жалқы есімдер және сөйлемнің алғашқы сөзінің
бірінші әрпі, ал кіші әріппен жалпы есімдер және сөйлемнің басқы сөзінің
бірінші әрпінен басқалары, сонымен қатар адам аттары (антропонимдер),
геологиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар
атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астропонимдер), тарихи
уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар
(идеонимдер) бас әріппен жазу дағдысы орныққан. Ал 30-жылдары бұл
ұстанымдарды түгелдей ескеру қиынға соқты. Себебі араб графикасындағы
таңбалар сөз ішінде келу орындарына қарай әртүрлі тұрпатта
таңбаланғандықтан бас әріп емлесі ескерілмейтін. Ал 30-жылдардан бастап
латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі жасалу барысында оқуға, сауат
ашуға тез әрі оңтайлы болу үшін және де араб графикасына ұқсатпау
мақсатында бас әріп таңбасы алынбаған еді. Сондықтан дағдыда жоқ нәрсені
халық тез түсініп игеруге көп уақыт қажет болды. Бұл мәселе 1929 жылы
латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшкеннен кейін ғана талқыға түсіп,
1930 жылы 2 маусым айында Қазақстан Орталық Атқару комитетінің
қаулысымен бекітілген болатын. Қаулыда бас әріптің емлесіне байланысты
мынадай ереже қабылданған: 1930-жылдары қазақ тіл білімінде бас әріп
мәселесі қиындыққа толы болды. Оған байланысты айтыс, пікірталас 1920
жылдың аяғынан басталып, 1930 жылдың аяғына дейін созылған болатын
1.
Текст жаңа сөйлем басындағы сөздердің ұлы тыныстан соңғы,
сөйлем бекігендегі сұрау (?), таңдану (!) белгілерінен соңғы сөздердің басы
бас әріппен жазылады.
2.
Адам аттары, өлке, ауыл, қала, көше, теңіз, тау, жер, су аттары бас
әріппен жазылады. Мұндай сөздер қосарланып келсе, тек алғашқы сөзі ғана
бас әріппен жазылады.
28
3.
Қоғам, мекеме, ұйым, мектеп, кітап, гәзет, жорнал, жол, көше
аттарының басы бас әріппен жазылады. Бұлар бірнеше сөзден құралса, тек
алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады.
4. Бас әріппен жазылатын сөздер қысқартылып бір әріппен ғана
жазылса, олар да бас әріппен қысқартылып, бір сөз есебінде жүрсе,
қысқартылған күйінде бас әріппен жазылады [89, 1].
Қаулы қабылданып, ереже бекітілгеннен кейін де газет, журнал
беттеріндегі бас әріппен берілген топотим, ороним, гидроним, ойконимдік
атаулар екі-үш не одан да көп нұсқада жазылды, яғни бір жерде олар ереже
бойынша жазылса, екінші бір жерде кіші әріппен немесе екі сыңары да бас
әріппен жазылды. Қаулыдағы бас әріпке арналған ереже дұрыс
сақталынбады. Мысалы, Каzstьroj yjeldiŋ 23 kyni Ala Tavdьŋ teriskejindegi вel-
вulaq tavьnan izвes qazdьruvƢa вir desәtnigin вastatьp вir top kisi çiвergen eken.
Solar kelip, tavdьŋ ucan вasьnan izвes qazьp çatqanda, tavdьŋ eteginde Kәlenin
avdanь, Вel вulaq avьlьndaƢь «Satsьjal» qalqozьnьŋ qojь çajьlьp çatьr edi
(«Сатсыйалды Қазақстан», 1932 ж. 1-б.).
Alma-Ata (telegiram arqьlь) QaraƢandь oвьlьsьnьŋ ekpindi mal
carvacьlьqь mal sapqozdarьnьŋ sajasьj вөlimderi men вirigip Өlkelik ekpindiler
syletine («Сатсыйалды құрылыс», 1933 ж. 3-б.)
Mәcijne-tьraktьr ьstansalarьnьŋ вul qarqьnь Oŋ tystik qazaƢьstan oвьlьsь
men almatь ьstansalarьnьŋ çumьsь tykke turmajdь («Сатсыйалды Қазақстан»,
1932 жыл. 1-бет). Oŋ Tystik Qazaqьstan men Almatь oвьlьstarьnda astьq
dajьndav navqanь вastalqalь aj çarьmdaj вoldь («Сатсыйалды Қазақстан», 1932
ж. 3-бет).Сьmkent, on tystik qazaƢьstan oвьlьsь ekinci toqsannьŋ qarçь çosparьn
olqьlьq pen orьndap edi («Сатсыйалды Қазақстан», 1932 ж. 3-б.).
Сонымен бұрын-соңды орфографиялық ережелер қатарында болмаған
еуропа үлгісіне негізделген нормалар қазақтың жазу болмысына жат,
тұрпайы көрінді. Бұл ережелерге бейімдеу үшін оқулықтарда немесе оқу-
әдістемелік нұсқаулықтарда арнайы тарауша болу жағы қарастырылды.
Сондықтан І.Кеңесбаев өзінің оқулығында бас әріптің емлесіне арнайы
тоқталып мынадай жаттығуларды береді:
Сонымен қатар ғалымның и, у тәрізді дыбыстардың жазылуына арнайы
тақырып арнауы да тегін емес. Жалпы 1929-38 жылдар аралығында
комитет, институт т.б. сөздердегі [и] дыбысы және туралы, ескерту
тәрізді сөздеріндегі у дыбысы қосар таңбамен, сөздің жуан және
жіңішкелігіне қарай ій, ый, ұу, үу түрінде таңбаланды. Мысалы, pьjlarmonьja
(пыйлармоныйа), kәвijnet (кәбійнет), уjrenyv (үйренуү), өndirуv (өндіруү),
respoвilijke (респобілійке), ekanomijke (еканомійке), kәmijtet (кәмійтет),
pөlijmetal (пөлійметал), кәmвijnat (кәмвійнат), pьrapsәjөz (пырарсөйөз);
tuvralь (тұуралы), eskertuv (ескертүу), aluv (алұу), oquvcь (оқұушы) т.б.
1933 жылдан бастап осы мәселенің төңірегінде мерзімді баспасөз
беттерінде и, у дыбыстарының емлесі туралы әртүрлі көзқарастағы
мақалалар жарық көреді. Бірсыпыра ғалымдар [і+й], [ы+у], [ұ+у], [ү+у]
дыбыстарын қосар әріппен таңбалау керек десе, екіншілері [і+й], [ы+у],
[ұ+у], [ү+у] дыбыстарын бір таңбамен таңбалауды ұсынады. Соңғы аталған
29
пікірді Қ.Жұбанов, С.Аманжолов және І.Кеңесбаев жақтады. Ғалым и, у
дыбыстарын қосарлап жазу оқушы қауымға қиынға соғады және жазу
экономиясына да айтарлықтай қайшы деген пікірде болды. Әйтсе де ғалым
бекітілген ережеге сәйкес өзінің 1934 жылғы оқулығында и, у дыбыстарының
жазылуына арнайы тоқталып, жаттығу жұмыстарын береді.
І.Кеңесбаев аталған оқулығын «Сөйлем» деген тақырыптан бастайды.
Бұлай етудің өзіндік себептері де бар сияқты. Ғалым баланы ауызша
сөйлетуге үйретуден бастау – сауат ашуға даярлықтың басы дей отырып,
бұл тақырыпты бастауыш сыныптың бірінші және екінші сынып
оқушыларына саналы түрде меңгертудің өте қиын екенін айтады.
І.Кеңесбаев сөйлемді саналы меңгермейінше, оқушының ауызша ойын толық
жеткізіп, сөйлеуі қиынға соғады және сауат ашуға даярлық кезінде
балаларға мейлінше оңай, аз сөзді сөйлем құрылымдары беру керек деп
есептеген. Бұл қағидатты өзінің оқулығында да ұстанғаны байқалады.
Мысалы, ғалым өзі құрастырған оқу құралдарында баланың жасына
байланысты екі сөзді сөйлемдерден бастап әрі қарай күрделендіріп отырған.
Сауат ашудың негізі сөз екені белгілі. І.Кеңесбаев ең бірінші жас
жеткіншектерге сөзді ауызша айтқызып, одан кейін оны жаздыруға үйретіп,
содан соң оны оқыту керек деген педагогикалық уәж айтқан. Осыған
байланысты Кеңесбаев мынадай мысал беріледі: Мысық туралы ойларыңды
ауызша айтып, беріңдер. Ойлағандарыңды жазыңдар. Жазғанда бас әріп
пен бастап, аяңына ұлы тыныс қойыңдар. Мысық туралы тағы да сөздер
айтып, оны да жазыңдар». Осы тәрізді жаттығулар арқылы оқушылардың
сауатын ашу қазіргі кезге дейін өз құндылығын жоғалтпаған деп айта аламыз.
Сонымен қатар осы бөлімде ғалым сөйлемдердегі дауыс екпінін байқататын
бірнеше жаттығулар түрін де берген. Қай сөзді айтқанда дауыс екпіні
жоғарылап, қай сөзді айтқанда дауыс екпіні бәсеңдейтін жаттығуларды да өз
оқу құралына енгізген. Мысалы: Малымыз семіз болған еді. Малымыз семіз
болған. Малымыз семіз. Бұл арқылы біз ғалымның сөз ағымының мүшеленуі
мағынаға да, тыныстаудың заңдылықтарына да бағынышты болатындығын
жақсы түсінгендігін көреміз.
Жалпы ғалым оқу құралдарын жазуда бірнеше әдіс-тәсілдерді
қолданғаны байқалады. Ол оқушылардың сөйлеуден – сөйлемді, сөйлемнен
– сөзді, сөзден – буынды, буыннан – дыбысты бөліп алуды үйренуі тиіс
екенін көрсетті және оны үйрететін жаттығуларды да беруге тырысты.
Сонымен қатар ғалым дыбыстардан – буын, буындардан – сөз, сөздерден –
сөйлем, сөйлемдерден – сөйлеу әдісін қолдана отырып, оқушылардың оқу
машығы дамытатын жаттығуларды да берген.
Аталмыш оқулықтың (Қазақ тілі. 1934ж.) 5, 6, 7, 8, 9, 10 тараушалары
қазақ тілінің дыбыстық құрылымына арналады. Оқулықта алғаш рет дыбыс,
дыбыс пен әріп арақатынасына мән берілген. Ол аталмыш оқу құралында
дыбыс пен әріптің айырмашылығын қарапайым ереже арқылы түсіндіре
отырып, сөз әріптер арқылы жазылып, әріптер арқылы оқылатынын айтқан.
Ғалым осы оқулығында қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз
дыбыстарына тоқтала отырып, мынадай анықтама жазған: Әндетіп айтуға
30
болатын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атаймыз. әндетіп айтуға
болмайтын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп айтамыз – дейді. Сөйтіп
қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс (а, о, е, ү, ө, ы, ұ, ә, і) пен 20 дауыссыз
дыбысты (б, п, р, м, с, ш, ж, қ, ғ, к, л, н, ң, т, д, з, в, й, г, һ) ерекшелеп қара
түспен бояп көрсеткен. Ғалым дауыстыларды жуын және жіңішке
дыбыстарға, дауыссыздарды қатаң, ұяң дыбыстарға бөліп, жуан
дауыстыларға: А, О, Ұ, Ы дыбыстарын, жіңішке дауыстыларға: Ә, Ө, Ү, І, Е
дыбыстарын дұрыс бөлген.
І.Кеңесбае кез келген мәтінді ел өмірінен, қарапайым халық
тұрмысынан оқушының ой-қиялына, дүниетанымына лайықтап алып
отырған. Сондай-ақ дидактикалық амалдар – сұрау-тапсырмалар жүйесі, оқу-
әдістемелік талап-тілектер әліппе мазмұнында орайлы орналастырылған.
Оқулықта ый, ій, ұу, үу дыбыстарының жазылуына арналған да жаттығулар
да баршылық. Ғалым мұндай дыбыстарды дұрыс таңбалау үшін бірнеше
жаттығулар түрін ұсынған. Мысалы, «Төмендегі сөздерді көшіріңдер.
Ішіндегі ый, бар сөздерді бір бөлек, ій бар сөздерді бір бөлек, ұу, үу сөздерді
бір бір бөлек көшіріп, бұл дыбыстардың астын сызыңдар деп қыйқым,
быйдай, сұулық, сүурет, сақыйна, шій, сәлійма, түу, сақыйна деген сөздерді
берген. Сонымен қатар осы ый, ій өз алдына буын бола алмайды деген
ережені көрсетеді. Бұл тапсырмалар арқылы біз автордың оқулық жазуға
қойылатын дидактикалық талаптарға ерекше мән бергеніне куә боламыз.
Ғалымның оқу құралы жаңа социалистік құрылысқа аяқ басқан қазақ
халқының қоғамдық өмірімен де байланыстырылған. Онда «Екпінділер»,
«Ұлы Октәбір», «Патша армиясы мен Қызыл армия» сияқты тағы басқа
өлеңдер беріліп отырған.
1935 жылы әртүрлі сыни пікірлерге байланысты ғалымның бұл
оқулығы (1934 жылы жарыққа шыққан «Қазақ тілі» оқулығы) қайта
шығарылады. Онда орфографиялық, ішінара грамматикалық және де
техникалық қателер (мысалы, оқулықтың 5, 9, 10, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 23,
24, 28, 32, 34, 35, 36, 37, 39, 42, 43, 44, 46, 48, 49, 50, 52, 54, 57, 59, 64
беттерінде қателер болды) түзетіліп, мазмұны өзгермей 1936 жылы Алматы
қаласында қайта баспа жүзін көреді.
1930 жылдың аяғына таман қазақ әліпбиі жаңа әріптермен
толықтырылып, емле кодекстерінің кейбір пунктері толықтырылып қайта
бекітіледі. Осы жайтқа байланысты І.Кеңесбаев 1938 жылы «Әліппе» атты
бастауыш мектептері үшін жазған еңбегін жариялайды. Бұл оқулықтың
мақсаты – оқушыларды дұрыс оқуға және жазуға дағдыландыру. Оқулықта
оқушының дұрыс отыруына, қаламсап немесе қарындашты дұрыс ұстауына,
дәптерді партаға дұрыс қоюға үйрететін жаттығулар мен оқушыларды
дәптердің сызығына қалай жазу керектігімен, сияны, сиясорғышты,
өшіргішті пайдалану жолдарын сурет арқылы көрсете білген. Бұл арқылы
І.Кеңесбаев суреттер мұғалімге кездесетін кейбір қиыншылықтарды сөзсіз
жеңілдететінін жақсы білген сияқты.
Кеңесбаевтың бұл еңбегі педагогиканың заңдылықтарына сай – ана
тілін дұрыс жазуды, дұрыс оқуды үйретумен қатар, оқушыларға
31
коммунистік тәрбие бере алатындай дәрежеде болды. Академиктің бұл
еңбегі 22 рет басылып, қазақ мектептерінде оқулық ретінде көп жылдар
бойы қызмет етті.
Әліппе латын әрпімен терілген. Онда латын әріптерінен жасалған
алфавит бойынша әр бетке жеке-жеке әріптер ұсынылып, жанына сол әріптер
қатыстырылған сөздер беріледі. Оқулық өткен ғасырдың отызыншы
жылдарындағы елдегі жаппай сауатсыздықты жоюға бағытталған. Ол 72
беттен тұрады. Жалпы саны 33 әріп оқытылады (Онда А және Н дыбыстары
оқытылып, одан кейін р, с, л, ш, о, з, е, ә, т, м, н, ө, у, к, и, п, қ, ж, ы, і, б, ғ, д,
г, ұ, ү, ң, в, х, ф, һ дыбыстарының жазылуы көрсетілген).
«Әліппе» оқулығында Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ халқының
өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық өзгерістер мен тарихи
тұлғалар жөнінде ақпар беретін мәтіндер мен өлеңдер де бар. Мысалы,
«В.И.Ленин», «М.Л.Калинин», «К.Е.Ворошилов», «Л.М.Каганович» және т.б.
оқулыққа енген оқу материалдары социалистік қоғамға, жаңа өмірге бет
бұрған, оның қалыптасып дамуына белсене араласқан халқымыздың тыныс-
тіршілігін, көңіл-күй ауанын, ұлттың түйсік-сезімін, сол дәуірдің рухын
көрсетеді.
Оқулықтағы
әңгімелер,
өлең-жырлар,
мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар идеялық бағытының айқындығымен ерекшеленеді. Мұның өзі
әліппе авторының ағартушылық-педагогтық ойларымен, әдіскерлік-ұстаздық
шеберлігімен үндесіп, әсем келісім тауып жатады. Оқулық материалдарының
барлығы дерлік бір мақсатқа жұмылдырылған, ол – жас жеткіншектерді,
жалпы оқырман қауымды, жаңа қоғам құрылысына адалдыққа,
отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, еңбексүйгіштікке, коммунизм құрылысы
ісіне берілгендікке, адамгершілікке тәрбиелейді, жаңа өмірге үндейді.
Әліппеде «Тышқан мен құрбақа», «Көбелек», «Кірпі мен қоян», «Түлкі мен
теке», «Ботақан», «Біздің лақ», «Мақаштың мысығы», «Қармақ саламыз»,
«Тауық пен қарлығаш», «Түлкі мен жүзім», «Мектеп», «Маймыл мен
бұршақ» секілді шығармалар берілген.
Аталған оқулыққа кезінде сыни пікірлер де айтылған болатын. 1940
жылы Ә.Садуақасов І.Кеңесбаевтың бұл оқулығына рецензия-пікір береді.
Мұнда І.Кеңесбаев жазған оқулықтың жетістіктері мен негізгі кемшін
тұстарын көрсетеді. Ә.Садуақасов «Әліппе» кітабының методика жағынан
кемшілігі недәуір бар дейді келе, балалардың көру және есту сезімін
жаттықтыруға, сөйлеу тілін дамытуға лайықты, сауат ашудың оқу материалы
дұрыс берілмеген деп, еңбекте балалардың өмірінен, қоғамдық ортадан,
шаруашылықтың, жаратылыстың бір тарауынан алынған қызықты суреттер
кітапта тіпті аз, сондықтан оны көбейту тиіс деген уәж айтады. Сонымен
қатар коммунистік тәрбие беруді қамтамасыз ететін қысқа әңгімелерді беру
керек деп көрсетеді.
Жалпы І.Кеңесбаев оқушылардың жасын, ой сезімін есепке алып,
материалдарды дидактикалық талаптарға сай құруға тырысқаны байқалады.
Ғалымның тіл үйрететін оқу құралдарында берілген материалдары: жеке
сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдерден құралады. Оқу объектісі ретінде
алынған сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер оқушыға етене жақын,
32
таныс болуы, сондай-ақ жеке қолданылған сөздер немесе сөз тіркестері,
сөйлем құрамында келген сөздердің дыбыстық құрам жағынан шағын
болып кетуін ескеріліп отырған. Оқулықта берілген материалдар тілге
жеңіл, айтылуы оңай дыбыстардан тұрады. Дыбыстарды еске түсіруге
көмектесетін суреттер де беріліп отырған. Мұның өзі оқушыға берілген
дыбыстарды меңгертуде үлкен жеңілдік келтіретіні айқын. Ғалым сөз балаға
таныс әрі жақын болса, оны оқу да, жазу да қиынға соқпайды, ал сөз балаға
таныс емес, көп әрі күрделі құрылымдардан құрылса, онда сөздерге
төселмеген оқушыларды сауаттандыру жұмысын едәуір төмендетеді дейді
ғалым. Шындығында да, ғалымның авторлығымен шыққан оқу
құралдарында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып,
айналадағы күнделікті көріп жүрген заттардың аттарын оқулығына енгізуге
тырысқанын байқау қиын емес. Сонымен қатар ғалым дерексіз ұғымды
білдіретін сөздерді емес, нақты ұғымды, яғни деректі ұғымды білдіретін
сөздерді көп қолданғанын көруге .
Оқу құралдарында жеке заттың суреттері және сюжетті суреттер
берілген. Олардың әрі тартымды әрі мазмұны оқушыларға түсінікті болуы
қарастырылған. Тақырып жағынан балалардың ойыны, үй тапсырмасы,
колхоз, совхоз өмірі, бақшадағы жұмыс, олардың малға, құсқа қамқорлық
жасауы, ересек балалар мен жасы кісі балалардың арасындағы түрлі қарым
қатынастар да қамтылған.
І.Кеңесбаев мазмұны да, сапасы да ерекше жаңа оқулықтың дүниеге
келуіне атсалысады. Сол кездегі Қазақ педагогикалық институтта қазақ тілі
кафедрасында меңгеруші болып еңбек етіп жүрген майталман ұстаз орыс
орта мектептеріне арналған (8-10 сыныптарға) жаңа сипатты «Қазақ тілі
грамматикасы» оқулығын жазады. Бұл 1939 жыл болатын. Кеңесбаев бұл
оқулығы үшін филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған еді.
Бұл оқулықтың басты ерекшелігі – балаға ұсынылған дидактикалық
материалдардың танымдық сипатының тереңдірігімен қатар қазақ тілінің
заңдылықтарын оның ерекшелігін орыс мектептеріндегі балаларға меңгерту.
Кеңесбаев қазақ тілінің дыбыстарын, орыс, түрік тілдерінің дыбыс және
дыбыс заңдылықтарымен салыстырды. Мұның қазақ оқытушылары үшін
орыс тілін үйретуде практикалық мәні зор болды.
1941-1945 жылдары халыққа білім беру жүйесінде үздіксіз жұмысты
қамтамасыз ету қиынға соқты. Елдің бар күші тұтас соғысқа
бағытталғандықтан, оқу орындарының қалыпты деңгейін ұстап тұру
күрдеоенді. Осы кезеңдегі материалдық және тұрмыстық қиындықтарға
қарамастан, Қазақстан үкіметі мектеп жасындағы балалардың барлығын
дерлік оқытуға, мектептерді мүмкіндігінше материалдық және әдістемелік
жағынан қамтамасыз етуге тырысты.
1940 жылдан бастап қазақ жазуы тағы реформаланады. Бұл жолы қазақ
жазуы орыс графикасына негізделіп жасалады. Жаңа әліпби Қазақ ССР
советінің V сессиясында бекітіледі. Қазақ жазуының орыс графикасына
негізделген жазуға көшірілуіне байланысты жаңа емле мен жазуды халыққа
таныстыру және оны насихаттау жұмыстарына да І.Кеңесбаев атсалысқан
33
ғалымдардың бірі. Емле мен әліпби қабылданған соң қоғам орфографиялық
сөздікке мұқтаж болды. Ал орфографиялық сөздік осы мұқтаждықты өтейтін
және бірізді жазуға көмектесетін берден-бір құрал екені белгілі. Сондықтан
ресми бекітілген әліпбидің соңғы жаңалықтарын ескере отырып, қазақ
ғалымдары бас қосып, орфографиялық сөздікті құру жолдарын ойластырады.
Сөздікті құрастыру және оны редакциялау жұмыстарына І.Кеңесбаев білек
сыбана кіріседі. Сөйтіп, бір жылдың ішінде, яғни 1941 жылы қазақ тілінің
тұңғыш орфографиялық сөздігі жарыққа шығады. Сөздікті І.Кеңесбаев,
С.Аманжолов, С.Баишев, Г.Бұзырбаев, Н.Сауранбаев сынды қазақ
ғалымдары құрастырады. Бұл сөздік сауат ашуда көпке көмек құралдың бірі
болды. Осыдан кейін ғалым емлелік ерекшеліктерді саралайтын грамматика
оқулығын жазуға кіріседі. Оқулықты Қазақ ССР советінің V сессиясында
бекіткен емле кодексі бойынша жасауды көздейді. Қазақ жазуының орыс
графикасына негізделген жазуға көшірілуіне байланысты жаңа емле мен
жазуды халыққа таныстыру оны жас жеткіншектерге меңгерту үшін
қабылданған емле заңдылықтары бойынша 1942 жылы оқулығын
С.Жиенбаевпен бірге тәмамдайды. Жалпы 1940 жылы қазақ мектептерінің
5-6 сыныптарында қазақ тілі – фонетика, морфология, синтаксис болып
бөлінбей, бір оқулықтың көлемінде оқытылатын еді. Осы оқулықта алғаш
рет тіл білімінің фонетика, грамматика салалары жеке-жеке оқытылуы тиіс
екені көрсетілді. І.Кеңесбаевтың бұл еңбегі 10 рет басылып, қазақ
мектептерінің 5-6 сыныптарында оқулық болып келді. 1950 жылы тіл ілімі
туралы еркін айт№ыстан кейін, жоғарыдағы қазақ тілінің оқулығын
А.Ысқақовпен, К.Ахановпен бірігіп қайта өңдейді.
Қорыта айтқанда, І.Кеңесбаевтың оқулықтары адамгершілікке
тәрбиелеумен бірге, баланың тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтіп, халық тілін
меңгеруге, әдеби тілдің нормасын бала бойына қалыптастыруға
арналғандығын ескерсек, ағартушы-ғалымның мәтін арқылы бала тілін
дамытудың негізін іс жүзінде асырудың көш басында тұрғанын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |