Төртінші кезеңде ел туралы балаларда білімдер біртіндеп
кеңейер еді: балалар оның атын, бейнелемесін, табиғатын
біледі, елдің атын шығарған адамдар туралы, біздің
мемлекетіміздің көпұлттылығы туралы біледі. Төртінші кезеңнің
мазмұнына түрлі халықтардың ертегілері, әндері, әр ұлттардың
балалар бақшасы қосылады. Олар біздің еліміздің әртүрлі ұлт
өкілдерінің күнделікті өмірін, мәдениетін, тұрмысын біледі.
Олардың азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан,
адамдарға төзімділік қатынасы қалыптасады.
Бесінші кезеңде, балалар глобуспен танысады, Жерде
көптеген елдер бар екенін біледі, ал біздің еліміз солардың бірі.
Мұғалімнің көмегімен олар «ел» ұғымның белгісін табады.
Елімізді әлемнің басқа елдерімен салыстырады. Балаларда өз
еліне қатысты қатынастар бекітіледі және әлем елдері туралы
ойлар қалыптасады. Жер халқына төзімділік қатынас
қалыптасады. Планетарлық ойлау негіздері қаланады.
Барлық аталған кезеңдерде, шартты сипаттары болады,
бірақта олардың реттілігі өте маңызды, ол Отанға деген
сүйіспеншілік сезім жататын жағымды әлеуметтік сезімдері
өсуін қамтамсыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |