С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет140/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   396
Ойлау әрекетінің дамуы 

Ақыл-ой  тәрбиесінің  бұл  аспектісі  балада  ойлау  амалдарын, 

таным  процестері  мен  қабілеттері  ретінде  қарастырылады.  Оң 

нәтиже көп жағдайда үлкендердің бала бойында ой сабақтарына 

қызығушылықтарын  қаншалықты  оятып,  ойлау  әрекеті  әдетіне 

тәрбиелегендіктеріне 

байланысты 

болады. 


Өз 

кезінде 


К.Д.Ушинский:  «ой  еңбегі  адам  үшін  ең  қиыны»  деп  айтқан, 

сондықтан  баланы  ой  еңбегіне  тәрбиелеуді  «ақырын»  бастау 

керек  (К . Д .  Ушинский Таңд. пед. шығ.  — М., 1953. —1-т. —  

324 б.). 

Ойлау  сезімдік  танымнан  практикалық  әрекеттің  негізінде 

пайда  болады,  соңғының  мүмкіндігін  ажырататындығын 

психология  курсынан  білеміз.  Кіші  балаға  қатысты  жағдайда 

тануға  қажетті  заттармен  әрекеттесу  маңызды  болып  саналады. 

Практикалық  әрекет  кезінде  бала  заттарды  салыстыра,  талдай, 

топтастыра  алады.  Ойлаудың  алғашқы  формасы  –  көрнекі-

әрекетті  түрі  қызмет  ете  бастайды.  Балада  бірте-бірте  тек 

заттарды  тікелей  қабылдау  негізінде  ғана  емес,  сонымен  бірге 

образдар  негізінде  де  ойлау  қабілеті  дамиды.  Көрнекі-бейнелі 

ойлау  қалыптасады.  Мектепке  дейінгі  кезеңнің  екінші 

жартысында  ауызша-логикалық  ойлау  дамиды.  Ойлаудың  бұл 

формасы  заттар  мен  құбылыстар  арасындағы  байланысты 

орнатқан  кезде  өте  анық  байқалады.  Алдымен  бала 

функционалдық байланысты: заттың атауын, міндетін меңгереді. 

Балаларға  ең  қиыны  заттың  үстінгі  қабатында  болмаса  да, 

сезімдік  практикаға  қолжетімді  кеңістіктік,  мерзімді,  себептік-




176 

тергеулі байланыстар   болып табылады. 

Ойлаудың 

барлық 


формаларының 

арасында 

ойлау 

амалдарының негізі дамуы жүзе асырылады. Балаларды ойлауға 



үйрету – үлкендер шешетін міндет. Кішкентай балалар үшін де, 

негізгі күш еске сақтауға түскенде, білімді «дайын күйінде» беру 

орынсыз  болады.  Баланы  талдауға,  салыстыруға,  жинақтауға, 

топтастыруға,  өзінің  болжамдарын  айтуға  үйрету  қажет. 

Балалардың алдына міндетті түрде, олардың танымдық әрекетін 

ынталандыратын, 

ойлауды, 

салыстыруды 

қажет 

ететін 


міндетттерді қою керек.  

Мектепке  дейінгі  жаста  ес  және  қиял  сынды  маңызды 

танымдық  процестер  дамиды.  Ес  арқылы  бала  бұрын 

қабылдағанын,  істегенін,  сезгенін  жадында  сақтайды.  Қажетті 

мәліметтер  мен  фактілердің  қорынсыз  ойлау  мүмкін  емес. 

Алайда,  танымдық  әрекеттің  дамуына  естің  маңызды  рөл 

атқаратындығын мойындап, оны асыра бағалауға болмайды. Бұл 

қателікті  пегогтар  мен  ата-аналар,  бала  білімінің  көлемі  мен 

жинаған  ақпаратын  ақыл-ой  дамуының  негізгі  көрсеткіші  деп 

санап, көп жағдайда қателіктер жібереді. Осы көзқарасты ұстана 

отырып,  өздерінің  барлық  тәрбиелік  ықпалын  қоршаған  әлем 

туралы ақпаратты есте сау және жаңғырту үшін бағыттайды.  

Сонымен  бірге  бала  алғашқы  күннен  бастап  кітаптардың, 

мультфилмдердің,  оны  таныстырған  кітаптардың  авторларын, 

композиторлардың, 

суретшілердің, 

оның 

ішінде 


балар 

кітаптарын  безендірушілердің  есімдерін  есте  сақтауға  үйрету 

қажет.  Баланың  есте  сақтау  қабілетін  арнайы  ойынджар, 

жаттығулар, тақпақтарды жаттау арқылы жетілдіру қажет.  

Жоғарыда айтқанды жинақтап, есте сақтау білімнің қазынасы 

екенін  нақты  айта  аламыз.  Онсыз  балалардың  таным  әрекетін 

дамыта  алмаймыз.  Ересектердің,  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  танымдық  әрекеттерінің  ішінде  қиялдау  ерекше 

орын  алады.  Қиялдау  ерте  қабылданған  және  жаңадан 

меңгерілген  білімдердің  негізінде  жаңа  образ  жасайды.  Қиял 

барлық 

маңызды 


ойлау 

амалдарына 

енеді, 

баланың 


шығармашылық әрекетінің негізі болып табылады. Ересектердің 

міндеті – балаларда қиялдау қабілеттерін барынша дамыту.  

Балада  ең  бірінші  жаңадан  қиялдайды.  Соның  негізінде 

өмірлік  тәжірибенің  толығуымен  және  ой  дамуымен  балада 

шығармашылық  қиял  қалыптасады.  Баланың  айтып  не  оқып 

отырған  әңгімені  елестетуін  ұсына  отырып  жаңаны  қиялдауын 




177 

дамыту қажет. 

Шығармашылық  қияладуды  дамыту  аса  маңызды  болып 

саналады.  Ол  үшін  баланы  міндетті  шешуге,  кішкене 

жаңалықтар  ашуға  ынталандыру,  жай  қиялдауды  үйрету. 

Мысалы,  жаз  мезгілінде  серуен  кезінде  педагог  балаларға 

бөртегулдің  көктемде  қандай  болатындығын  әңгімелеуді  және 

ол  гүлдің  күзде,  қыста  қалай  өзгеретіндігін  ойша  елестетуді 

ұсынады.  

Ақыл-ойдың  толық  дамуы  үшін  таным  процестерінің 

уақытында қалыптасуы ғана емес, сонымен бірге олардың таным 

объектісіне  назарды  аудара  алу,  алданбау,  уақытында  еске  алу, 

практикалық  немесе  ой  міндеттерін  дер  кезінде  шеше  алмаған 

жағдайда  бірден  еңсені  түсірмеу,  қиындықтардан  қорықпау 

секілді ерікті әрекеттер де маңызды болып табылады.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет