С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет141/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Сөздің қалыптаса бастауы 

Ойлау  әрекеті  сөзсіз  мүмкін  емес.  Бала  сөйлеуге  үйренген 

соң,  тиісті  сөздерде  көрініс  тапқан  заттар,  қасиеттер,  әрекеттер 

мен байланыстар туралы білімді де меңгереді. Бұл ретте ол тек 

білім  алып  қоймай,  сонымен  бірге  ойлауды  үйренеді,  өйткені 

ойлау – ойша және дауыстап сөйлеу, ал сөйлеу -  ол ойлау. Сөз – 

ойлаудың  материалдық  қабығы.  Бірақ  бұл  тезис,  егер  әрбір  сөз 

білдіретін заттың образы баланың алдында тұрса, со л жағдайда 

ғана әділетті болады. Егер бала образсыз сөздерді ересектерден 

естісе немесе өзі айтса, ойлау әрекеті болмайды.  

Бала  сөйлеуді  үйренген  соң,  қоршаған  орта  ол  үшін  екі  есе 

артады.  Ол  өзі  көріп,  қолданып  жүрген  заттармен  ғана  емес, 

сонымен  бірге  дәл  қазіргі  уақытта  жоқ  немесе  жеке 

тәжірибесінде  мүмдем  болмаған  (ғарышқы  ұшу  туралы  әңгіме, 

ежелгі дәуірдегі адамдардың өмірі туралы  тыңдайды және т.б.) 

образдармен  де  араласады.  Сондықтан,  сөз  өмірі  екі  еселейді 

және балаға жоқ заттарды да пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл 

оның  танымдық  әрекетінің  шекарасын:  ол  өз  ой-өрісін 

кеңейтудің жанама тәсілдерін пайдалана алуын кеңейтеді.  



178 

Бала  өз  ойын  ойын,  сезімін,  яғни  қоршаған  ортадағы 

адамдарға  ықпал  ету  үшін  сөзді  пайланады.  Бұл  оның 

мәнерлілігіне,  эмоционалдығына,  байланыстылығына  талап 

қояды.  

Ерте  және  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  сөйлеу  дамуының 

маңызды  міндеттері:  сөздіктің  молаюы,  сөзді  дыбыстау 

мәдениетіне 

тәрбиелеу, 

грамматикалық 

құрылымды 

қалыптастыру,  жүйелі  сөзді  дамыту  шешіледі.  Сонымен  бірге 

диалог  түріндегі  сөздің:  анық,  мәнерлі,  мәні  жөнінде  сөйлеуге 

үйрену; сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау, оны түсінугі тырысу; 

бір  заттан  екінші  затқа  көше  бермеу  және  т.б.  мәдениетін 

қалыптастуры қажет.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет