С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет148/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық 

тәрбие берудің мақсаты 

Эстетикалық  тәрбие  беру  –  әдемілікті  қабылдауға,  сезінуге, 

бағалауға  және  көркем  құндылықтарды  жасауға  қабілетті 

шығармашыл  тұлғаны  қалыптастырудың  мақсатқа  бағытталған 

үдерісі  (Б.  Т.  Лихачев).  Осындай  анықтаманың  ересек  тұлғаға 

қатысы бар. Алайда мектеп жасына дейін және ерте жастада да 

балалар  оларды қоршаған ортаның әдемлігіне, әуезге, поэзияға, 

бейнелеу өнеріне, табиғатқа жауап беруге қабілетті, өздері сурет 

салуға,  балшықтан  сомдауға,  ән  айтуға,  билеуге,  тақпақ 

шығаруға  тырысады.  Балаларға  жасалатын  осы  бақылаулар 

эстетикалық  тәрбие  беруді  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға 

қолдану мүмкін және керек те деп санауға негіз береді. 

Эстетикалық  тәрбие  беру  –  балаға  тәрбие  берудің  маңызды 

жағы.  Ол  тұлғаның  сезіну  тәжірибесінің,  эмоционалдық 

саласының  баюына  ықпал  етеді,  шындықтың  адамгершілік 

жағын тануға әсер етеді (мектеп жасына дейінгі балаға «әдемі» 

және  «мейірімді»  ұғымдары  ұқсас  екені  белгілі),  танымдық 



189 

белсенділігін  көтереді,  дене  бітімінің  дамуына  да  әсер  етеді. 

Эстетикалық тәрбие берудің нәтижесі эстетикалық даму болып 

табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет