Мектеп жасына дейінгі балаларға
эстетикалық тәрбие беру міндеттері
Осы үдерістің құрамдас бөлшегі болып көркемдік білім
саналады – өнертанымдық білімді, іскерліктерді, дағдыларды
меңгеру үдерісі, көркем шығармашылыққа қабілетін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеудің
міндеттерін, оның мақсаттарына негізделе отырып, екі топқа
бөлуге болады.
Міндеттердің бірінші тобы балалардың қоршаған ортаға
эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Келесілер
көзделеді: табиғаттағы, іс-әрекеттеріндегі, өнердегі әдемілікті
көріп, сезіну іскерліктерін дамыту, әдемілікті түсіну; көркемдік
талғамды, әдемілікті тану қажеттілігін тәрбиелеу.
Міндеттердің екінші тобы түрлі өнер саласындағы
көркемдік іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған: балаларды
сурет салуға, сомдауға, құрастыра білуге; ән айтуға, музыканың
сүйемелдеуімен билеуге үйрету; сөйлеу шығармашылығын
дамыту.
Міндеттердің аталған топтары оң нәтижені олардың жүзеге
асыру барысында өзара тығыз байланыс жасау жағдайында ғана
береді.Өкінішке орай, бұл маңызды жағдай барлық уақытта
ескеріліп, орындала бермейді. Мектеп жасына дейінгі
педагогикада міндеттердің екінші тобы іргелі берілген (В. Н.
Шацкая, Е.А. Флерина, Н.П.Сакулина, Н.А. Ветлугина,
Т.С.Комарова, Т. Г. Казакова, Л. В. Компанцева, Л.С.Фурмина,
Г.Н.Пантелеев,
Е.А.Дубровская
және
т.б.).
Ғалымдар
эстетикалық тәрбие беру теориясын жасап, оны практикаға
арнап нақтылаған.
Міндеттердің бірінші тобы зерттеулер мен тәжірибеде төмен
дәрежеде зерттелген және екіншісіне қарағанда қолданбалы
ретінде қарастырылады. Балалардың көркем шығармаларды (А.
В. Запорожец, Т. А. Репина, Р. И. Жуковская, А.М.Виноградова,
190
Л.П.Стрелкова және т.б.), кітапқа қосымша иллюстрацияларды
(В.А.Езикеева), музыкалық шығармаларды произведений (К.В.
Тарасова, И. Л. Дзержинская, Е. А. Дубровская, Л. Н.
Комиссарова және т.б.) қабылдау мәселелері қарастырылған –
бұл зерттеулер мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық
дамыту мәселелерін әзірлеуде қомақты үлес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |