Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың жауапкершілігі
әлдеқайда жоғары. Және бұл түсінікті де: бала көп нәрсені істей
алады, көбірек біледі.
Табиғаттағы еңбектің өз ерекшеліктері бар. Оларға
толығырақ тоқталайық.
Бұл еңбектің нәтижесі материалдық өнім болуы мүмкін (бала
өзі еккен көкеністер, отырғызған ағаштар және т.б.). Бұл бала
еңбегін ересектердің өндірістік еңбегімен жақындастырады.
Табиғаттағы еңбек көбінесе кешіктірілген нәтиже береді:
тұқымды егеді, біраз уақыттан кейін шыққан нәтижені, ал уақыт
өте жемісті алады. Бұл ерекшілік ұстамдылық пен
шыдамдылықты тәрбиелеуге көмектеседі.
Жануарларға күтім жасау, өсімдіктер өсіру арқылы бала
әрқашан тірі заттармен айналысады. Сондықтан еңбек
барысында ерекше ұқыптылық, аса қамқорлық, жауапкершілік
қажет. Бұл факторлардың болмауы тірінің опат болуына әкелуі
мүмкін.
Табиғаттағы еңбек бір мезгілде танымдық мүдделерді
дамытуға мүмкіндік береді. Балалар тірі заттардың өсуі мен
дамуын қадағалайды, кейбір өсімдіктер мен жануарлардың
ерекшеліктері туралы біледі, тәжірибе жасайды, жансыз
табиғатпен танысады.
Еңбектің бұл түрі балаларға басқа адамдарға қуаныш сыйлау
мүмкіндігін береді (өсірген жемістерінен дәм татқызу, гүл
сыйлау).
Осылайша, табиғатта еңбек еңбек тәрбиесіне ғана емес,
210
адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой және физикалық дамуға да
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |