Сонымен,еңбек
міндеттерімен
қатар
адамгершілік
міндеттерді, атап айтқанда еңбек бөлінісі туралы келісім
жасау, қажет болған жағдайда бір-біріне көмек көрсету,
ортақ, бірлескен жұмыстың сапасы үшн «ауыру»,шешетін
еңбекті ұйымдастыру түрін ұжымдық еңбек деп атауға
болады.
Тәрбиелеуші белгіленген өзара қарым-қатынасқа балаларды
«итермелейтін» жағдаяттарды алдын ала жоспарлайды. Ол
балалардың кездейсоқ бірігуін болдырмайды, оларды алдын ала
ойластырады (тынымсыз Зинаны жұмыс істеуге кімнің қасына
отырғысса болады; жұмысты тез орындай алмайтын, бірақ
барлығын сапалы орындайтын Юрийге қандай тапсырманы
берген жөн; Коляның бойында басқа адамдарға көмек көрсету
қасиетін тәрбиелеу керек; балалар үшін жаңа жұмыс алаңын
кімге берсе болады және т.б.) . Ұжымдық еңбекті ұжымдық деп
атаудың өз себебі бар, өйткені ол ұжымдық өзара қарым-
қатынасты мақсатты тәрбиелеуге ықпал етеді.
Демек, әрбір ортақ және тіпті бірлескен еңбек те ұжымдық
болмайды. Бірақ әр ұжымдық еңбек - жалпы және бірлескен.
Тәрбиешінің мұны жақсы түсінгені және балалардың шынымен
ұжымдық жұмысын ұйымдастыра білгені маңызды. Өкінішке
орай, іс жүзінде ортақ еңбекті жиі ұжымдық еңбек деп
қабылдайды. Ұжымдық еңбектің міндеті шешілетін болса да, ол
тәрбиешінің алдын-ала ойластырылған жағдайлардың емес,
кездейсоқ
туындаған
жағдайлардың
күшімен
болады,
нәтижесінде
мектепке
дейінгі
балалардың
еңбегін
ұйымдастырудың осындай маңызды түрінің тәрбиелеу әлеуеті
төмендейді. Сонымен қатар ұжымдық еңбек сүйеніш, қорғалу,
өзара түсіністік сезімін тудырады, жағымды эмоционалды көңіл-
күйді қалыптастырады - бұны А.С. Макаренко ұжымдағы
«сергектік» деп атады.
Ортақ еңбек мектеп жасына дейінгі мекемелердің орта
тобында, ал бірлескен және ұжымдық еңбек үлкен және
мектепке дайындық топтарында болады.
Балалардың себебі мен міндетін саналы түрде қабылдау
олардың ұжымдық еңбекке деген қызығушылығын сақтауға
ықпал етеді. Дәстүрлі түрде ұжымдық еңбек аптасына бір рет
ұйымдастырылады. Әдетте, бұл топтық бөлмені тазалау немесе
табиғатта жұмыс жасау. Мақсаттың тұжырымдамасы әрдайым
220
бірдей - біз топта таза және әдемі болатындай етіп, тазалаймыз.
Өз кезегінде, бұл мақсат, әрине, лайықты, бірақ балалар оған
үйреніп кетіп, ол іске деген қызығушылығы тез басылады.
Бұнын басқа жолы да бар. Тәрбиеші ай сайын бір басым
мақсатты анықтайды. Оның таңдауы маусымдық және
әлеуметтік құбылыстармен байланысты болуы мүмкін. Осы
еңбектің мақсаты адамгершілік және әлеуметтік мақсатқа
бағынады.Мысалы:
қыркүйек - егін жинау, алаңдағы күзгі жұмыстар, қолмен
бұйымдар жасауға арналған табиғи материалдарды дайындау.
Балалар мен бүкіл балабақша үшін бұл жұмыста көмек;
қазан - «Топтың туған күндері» мерекесіне дайындық:
ойыншықтарды орналастыру, нұсқаулықтар жасау, топтың
бөлмесін тазалау және безендіру, қонақтарға сыйлық жасау;
қараша - «Менің тегім, менің отбасым» мерекесіне
дайындық. «Мейірімді істер шеберханасында» жұмыс
ұйымдастыру, мерекелік әшекейлерді ата-аналармен бірлесіп
дайындау,
суреттер
көрмесін
ұйымдастыру,
қолөнер
бұйымдарын дайындау;
желтоқсан - Жаңа жылға дайындық. шыршаны безендіру,
сыйлықтарды, карнавальдық костюмдерді жасау, мерекеге үй-
жайларды тазалау;
қаңтар - қысқы аумақта жұмыс істеу: қарды тазарту, түрлі-
түсті мұзды дайындау, сол балаларға көмектесу.
Бұл мысал балаларға арналған тартымды мақсатты қалай
белгілеуге болатынын суреттейді, оны жүзеге асыру үшін басқа
әрекетпен қатар еңбек керек, оған еңбектің ұжымдық түрі ең
қолайлы. Топтағы балалардың өмірі олар үшін эмоциялық
маңызға және мағынаға ие болады.
Әлеуметтік маңызы бар еңбек мақсатын белгілі бір уақыт
кезеңінде бөлу басқа мазмұнды немесе ұйымдастырудың басқа
түрлерін жоққа шығармайтындығын атап өту керек. Балалар
одан әрі қарай кезекшілік етеді, тапсырмаларды орындайды,
жеке түрде еңбек дағдыларын үйренеді.
|