209
еңбегінің дағдылары отбасында қолданылады және керісінше.
Ерекше еңбек түрі ретінде табиғаттағы еңбекті бөліп
қарастыруға болады. Осындай еңбектің мазмұны өсімдіктер мен
жануарларға күтім жасау, ауладағы көкөністерді өсіру,
аумақтарды көгалдандыру, аквариумды тазалауға қатысу және
т.б. болып табылады.Табиғаттағы еңбек тек жұмыс дағдыларын
дамытуға ғана емес, сонымен бірге моральдық сезімдерді
тәрбиелеуге де әсер етеді, экологиялық білім негіздерін
қалыптастырады.
Кіші топтарда балалар назарын өсімдіктер мен
жануарларға аударады. Тәрбиелеуші жануарларды бақылауды
ұйымдастырады
және
сонымен
бірге
балалардың
қызығушылығын қолдауға тырысады. Ересек адаммен және
оның басшылығымен бала тірі нысандарға қамқорлық жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |