299
Қызмет түрлері
Баланың көптеген қызметінің түрлерін екі топқа бөлуге
болады. Бірінші топқа баланың әлеуметтік әлемді «елестету»
арқылы қабылдауына мүмкіндік беретін қызметтер жатады.
Мұндай қызметтің мазмұны мен себебі әрқашанда баланың
нақты «балалық» өмірінде колжетімсіз болатын нәрселерді
жүзеге асыру қажеттілігімен байланыстырылады. Аталған
қызметтер әдетте, баланың сырттан бақылау, есту, көру
процессінде тану салдары болып табылады. Бала пайда болған
әсерлерін осы әрекеттер арқылы көрсетеді. Мұндай әрекеттер
фантазия, қиял жемісі болғанымен, тұлғаның әлеуметтенуі үшін
өте маңызды болады, яғни қиял шынайы пайда болған
кедергілерді жояды. Бірінші топқа мектепке дейінгі жастағы
баланың ойынын, көркемдік сурет салу әрекеттерін жатқызуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |