С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Қызметтің    мазмұнды  болуы  өте  маңызды    шарт



Pdf көрінісі
бет240/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   396
Қызметтің    мазмұнды  болуы  өте  маңызды    шарт  болып 

табылады.  Яғни  әрекеттің  мазмұны  балаға  дамытушылық 

ақпарат  беруі  және  бала  үшін  қызықты  болуы  қажет. 

Шығармашылықты  ынталандыратын  әрекеттердің  пайдасы 

зор.  Баланың  мақсатты  түрде  ұйымдастырылған  іс-әрекеттері 

арқылы  шешілетін  педагогиканың  кем  дегенде  үш  негізгі 

мақсаттарын ерекше бөліп айтуға болады: 

■ 

 қалыптасатын  бағалардың,  қарым-қатынастардың  бекітілуі, 



білімнің тереңдеуі, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. 

■ 

 адамдар арасында, құрдастар мен ересектердің арасында өмір 



сүру      тәжирибесін  алу,  өзара  қарым-қатынастар  мен 

қызметтер  нормалары  мен  ережелерін  білу  қажеттілігін 

сезіну. 

■ 

ересектердің 



өмір 

салтына 


үйренудегі 

қажеттілікті 

қастамасыз ету және осы өмір салтына қатысу. 

Қызметтің  әр  түрінің,  яғни  қарым-қатынастың,  заттық 

қызметтердің,  ойынның,  еңбек  етудің,  білім  алудың,  сурет 

салудың 


әрқайсысының 

потенциалды 

педагогикалық 

мүмкіндіктері  болады.  Оларды  білу  және    бала  тәрбиесінде 

ескеру өте маңызды.  Сонымен қатар, педагог А. Н. Леонтьевтың 

назар  аударған қызметтің екі  ерекшелігін есінде сақтауы керек. 

Ол  былай  деп  жазған:  «Қызмет  ету  (әрекет  ету)  -    денелік, 

материалдық  субъектінің  аддитивты  емес  молярлық  бірлігі. 




298 

 

Қызмет    -  ол  реакция  емес,  реакциялардың  жиынтығы  да  емес, 



ол  өз  құрылымы,  өзіндік  ішкі  ауысымдары,  өзіндік  дамуы    бар 

жүйе.  Молярлық  бірлік  дегеніміз  не?  Ол  әрекет  ету  жеке-жеке 

құрылымдық  компоненттерден  құралатынын,  әр  компоненте 

қызметтің  жеке  ерекшелігі  болатынын  білдіреді.  Баланың 

қандай  -да  бір  затпен  айналысып  отырған  кезде,  оны 

құрастырып  немесе  бөлшектеп  отырғандығын  көруге  болады. 

Бұл  қандай  қызмет  екендігін  білмей  жатып  біз  баланың 

мұнысын  заттық  қызметке  жататындығын  толық  сеніммен  айта 

аламыз.  Бірақ  қызметтің  аддитивты  емес,  яғни    баланың  бір  іс-

әрекетінен  оның  бұл  істі  толық  меңгеріп  кеткендігіне  сенуге 

болмайды.  Осы  екі  ерекшелікті  педагог  есте  сақтауы  қажет, 

өйткені кейбір жағдайларда тәрбиеші баланың бір іс-әрекетінен 

оның  белгілі  бір  істі  толық  меңгеріп  алғандығы  туралы 

қортынды  жасауы  мүмкін.  2,5  жастағы  бала  қуыршағын  алып 

оны тамақтандырады, осы кезде тәрбиеші оның ойын әркеттерін 

меңгеріп алғандығын айтады. Алайда, бала тек қана кейбір жеке 

әрекеттерді біледі, олар өз кезегінде ойынға қатысы жоқ болуы 

мүмкін.  Осындай  шапшаң  қортындылар  мен  пікірлер 

тәрбиешінің  баланың  іс-әрекетіне  жеткіліксіз  көңіл  бөліп, 

асығыстықпен 

баланы 

басқа 


қызмет 

түріне 


аударады.Тәрбиешінің мұндай қателіктері ойынның ролін толық 

бағаламай, ойынды оқыту қызметіне аудару кезінде орын алады.  

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет