С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет242/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

       Ойын балаға «қолжеткіліксіз болып көрінетін болмысты 

игеруді  мүмкін  ететін  қоршаған  ортаны  модельдеудің 

қолжетімді  әдістерін  береді»  (А.Н.Леонтьев).  Бала,  өзіне  ойын 

рөлін  ала  отырып,  өзін  әлеуметтік  адами  функцияларға  жауап 

беретін  ережелер  мен  іс-әрекеттерге  сәйкес  өзін-өзі  ұстайды. 

Ойындық рөл өзінің мазмұнымен баланың тек затқа қатысты іс-

әрекеттерін  ғана  емес,  сонымен  бірге  басқа  қатысушыларға 

қатысты  іс-әрекеттерін  анықтайды.  Рөл  басқа  адамдарға  және 

заттарға,  бейнеленетін  оқиғаларға  оң  қатынастық  сипаттағы  іс-

әрекеттермен толы болу керек, яғни аздаған дәрежеде тәрбиелік 

потенциалға  ие  мазмұндармен  байытылуы  қажет.    А.  Н. 

Леонтьев мен Д. Б. Эльконин, осы рөлдің ерекшелігін айқындай 

отырып,  оны  баланың  әлеуметтік  қатынастар  әлеміне 

практикалық енуінің ерекше нысаны. 

Балалардың  ойындарында  маңыздырақ  оқиғалар  көрінеді, 

ойындар  бойынша  қоғамды  не  мазалайтынын,  өскелең  ұрпақта 

қандай идеалдар қалыптасып жатқанын аңғаруға болады. 



300 

 

Қоғамдық  өмір  бала  ойындарының  мазмұнын  анықтайды 



және  мақсатты  педагогикалық  әсерімен,  қоғамның  моралдық 

құндылықтарына  сай  тұлғаны  қалыптастырады.  Ойнап  отырған 

балалардың  ойлары  мен  сезімдері,  олардың  тәртібі,  бір-біріне 

қарым-қатынасы    ойын  мазмұнына  тығыз  байланысты  болады. 

Ойын  барысында  қоршаған  ортаның  оқиғаларын  бейнелеу 

арқылы  бала  оның  қатысушысына  айналады  және  белсенді 

әрекет  ете  отырып  әлеммен  танысады.  Бала  ойын  кезінде  

қиялдаған  нәрселерінің  барлығын  шынайы  түрде  басынан 

өткізгендей болады. Ойынның оң және  теріс мысалдары арқылы 

тәрбиелік  әсерінің  күші  ойнап  отырған  баланың  дәл  осы 

шынайлылығында.  Әдетте  бала    өзіне  қатты  әсер  еткен 

оқиғаларды  ойын  кезінде  көрсетеді,  сондықтан  кей  жағдайда 

теріс  құбылыс  немесе  факт  бала  ойынының  тақырыбына 

айналуы  мүмкін.  Яғни  балалар  ойындарына  басшылық  ету 

мәселесі  аса  маңызды  болып  табылады.  Баланың  қоршаған 

ортадан алатын әсерлерінің шығармашылық өңделуіне бейнелеу 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет