403
оның конструктивті ерекшеліктерін белгілеп, сызбасын
құрастыруды үйретеді.
Құрастыру түрлері
Балаларды конструктивті машықтарға үйрету әдістемесі
құрастыру түріне байланысты нақтыланады.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен тәжірибесінде
құрастырудың бірнеше түрі бар. Негізгі түрлерін қарастырамыз.
Үлгі бойынша құрастыру – құрастырудың ең кең таралған
түрі. Үлгіні көрсетудің, және де, жоғарыда айтылғандай, оның
сипатын өзгертудің түрлі тәсілдерін қолданған кезде,
құрастырудың бұл түрі көптеген оң жақтары бар: балаларда
көптеген түрлі машықтар қалыптасады, олар әрекеттердің
жалпы тәсілдерін игереді, операциялардың тәртібін меңгереді,
құрылыс материалдарының конструктивті мүмкіндіктерін
таниды. Үлгі бойынша құрастыруды оқытудың оң әдістемесінде
балалар құрылыстың тәсілдерінің көп варианттылылығын
түсінеді, түрлендіргіш сипаттағы қызметіне қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |