С. А. Козлова, Т. А. Куликова


                Педагогикалық  жүйелердегі  дидактикалық ойындар



Pdf көрінісі
бет324/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

417 

 

            Педагогикалық  жүйелердегі  дидактикалық ойындар 

       Халық 

педагогикасында 

қалыптасқан 

дидактикалық 

ойындарды  балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту  мақсатымен 

кеңінен  пайдалану,  ғалымдардың  зерттеулерінде  және  көптеген 

педагогтардың  практикалық  қызметтерінде  өз  дамуын  тапты. 

Негізінде,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеудің  педагогикалық 

жүйесінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. 

        Мектепке  дейінгі  тәрбиелеудің  алғашқы  педагогикалық 

жүйелерінің  авторы  Фридрих  Фребель  бастапқы  білім  берудің 

мақсаты тек оқытудың қарапайым мағынасында емес, ойынның 

ұйымдастырылуында  екендігіне  сенімді  болған.  Ойын  болып 

қалғанымен,  сабақ  ойынға  толық  енуі  қажет.  Ф.Фребель 

балабақшадағы  балаларға  тәрбиелік-білім  беру  жұмысының 

негізі  болып  табылатын  дидактикалық  ойындар  жүйесін 

әзірледі. Бұл жүйеге оқыту  мақсатттары мен ойын әрекеттерінің 

күрделенуінің  өсу  қағидасымен  қатаң  орналасқан  әртүрлі 

ойыншықтармен,  материалдармен  (доп,  кубиктер,  шарлар, 

цилиндрлер  т.б.)  ойналатын    дидактикалық  ойындар  кірді.  

Ойындардың  оқыту  әсерін  күшейту  мақсатымен  Ф.  Фребельдің 

және  оның  оқушыларының  жазған  тақпақтары,  өлеңдері, 

рифмалық    әңгімелері  көптеген  дидактикалық  ойындардың 

міндетті элементі болып табылады.  

       Бала 

тәрбиешілеріне 

көмек 

ретінде, 



Ф.Фребельдің 

дидактикалық 

ойындарын 

толық 


сипаттайтын, 

ойын 


әрекеттерінің  реті  көрнекті    түрде  көрсетілген  иллюстрациялық 

материалдары,  сөздік  және  әндік  сүйемелдеудің  текстері  мен 

ноталары бар оқу құралдары  шығарылды. 

  Ф.Фребельдің  өзі  және  оның  шәкірттері  мен  ізбасарлары 

алғашында Германияда, кейіннен басқа мемлекеттерде өздерінің 

ұсынған  дидактикалық  ойындар  жүйесін  жоғары  бағалаған. 

Алайда  бала  қызметінің  қатаң  реттілігі,  білім  алудың  көңіл 

көтеруге зиян келтіруі, балалардың тәрбиешінің іс-әрекеттеріне, 

сөздеріне  еліктеуге  негізделген  ойын  жүргізу  методикасы, 



418 

 

фребелдік  балабақшалардың  жұмысымен  танысқан  атақты 



педагогтардың  критикалық  сын-ескертулерін  тұғызды  (К.  Д. 

Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л. Н. Толстой, Е.И.Тихеева). 

         Авторы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет