С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен



Pdf көрінісі
бет346/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

 

Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен 

ынтымақтастықта болу түрлері 

Мектепке 

дейінгі 

ұйымның 


тәрбиеленушілердің 

отбасыларымен  ынтымақастықта  болудың  ұйымдастырушысы 

мен  үйлестірушісі  меңгеруші  болады.  Ол  отбасы  мен 

балабақшада  балаларды  тәрбиелеудің  бірыңғай  жүйесін 

қалыптастыруға  осы  міндетті  шешу  үшін  педагогикалық  ұжым 

мен ата-аналарды біріктіре отырып ықпал етеді. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  ата-аналармен  ынтымақтастықта 

болудың  негізгі  міндеттері  мен  шамалас  мазмұны  жылдық 

жоспарда белгіленіп, меңгеруші мен аға педагогтың күнтізбелік 

жоспарында 

нақтыланады. 

Балаларды 

тәрбиелеуде 

оң 


нәтижелерге  ынтымақтастықтың  түрлі  формаларын  іскерлікпен 

үйлестіру,  осы  жұмысқа  мектепке  дейінгі  ұжымның  барлық 

мүшелері  мен  тәрбиеленушілер  отбасыларының  мүшелерін 

белсенді қосу арқылы жетеді. 

Қазіргі таңда өзекті міндеттер отбасымен жеке жұмыс жасау, 



461 

 

әр  үлгідегі  отбасыларды  даралап  қарау,  мамандардың  назары 



мен  әсерінен  тек  қана  қиын  емес,  сонымен  қатар,  кейбір 

мәселелерде  нашар  отбасыларды  тыс  қалдырмау  болып  қалып 

жатыр. 

Ынтымақтастықтың формалары қандай? 

Ұзақ 

жылдар 


бойы 

ынтымақтастықтың 

міндетті 

формаларының  бірі  педагогтың  баланың  отбасына  бару 

саналды.  Бұл  (егер  формальдыққа  айналмаса)  педагогке 

отбасыны  зерттеу,  баламен,  оның  ата-анасымен  байланыс 

орнату, тәрбие беру жағдайларын анықтау үшін көп нәрсе береді 

деп  есептелді.  Алайда  қазір  отбасы  өмірі  ширек  ғасыр  бұрын 

уақытпен салыстырғанда, біршама жабық бола бастады. Ата-ана 

тәрбиешінің  келу  мақсатын  келу  уақыты  келісілген  болса  да, 

көптеген жағдайда түсіне бермейді. 

Ашық  есік  күні  жұмыстың  біршама  таратылған  формасы 

бола  тұрып,  ата-аналарды  мектепке  дейінгі  ұйыммен,  оның 

дәстүрлерімен,  тәрбиелік-білімдік  жұмыстың  ерекшеліктерімен 

таныстыруға, онымен қызықтырып, қатысуға тартуға мүмкіндік 

береді.  Мектепке  дейінгі  ұйым  бойынша  экскурсия  ретінде 

келген  ата-аналардың  балалары  тәрбиеленетін  топқа  бару 

арқылы  жүргізіледі.  Мектепке  дейінгі  ұйым  жұмысының 

фрагментін  көрсетуге  болады  (балалардың  ұжымдық  еңбегі, 

серуенге  жинау  және  т.б.).  Экскурсия  және  назар  аударып 

қараудан  кейін  меңгеруші  немесе  әдіскер  ата-аналармен 

әңгімелеседі,  олардың  алған  әсерлерін  анықтайды,  туындаған 

сұрақтарға жауап береді. 

Әңгімелесулер  жеке  де,  топпен  де  жүргізіледі.  Екі  жағдайда 

да  мақсат  айқын  белгіленеді:  нені  анықтау  керек,  не  нәрседе 

көмектесуге  болады.  Әңгімелесудің  мазмұны  ықшам,  ата-

аналарға  мәні  бар,  әңгімелесушіні  пікірін  айтуға  тартатындай 

болуы  тиіс.  Педагог  тек  қана  сөйлеп  қоймай,  ата-аналарды 

тыңдап, өз қызығушылығын, ақ пейілділігін білдіруі керек. 

Кеңес  берулер.  Әдетте  кеңес  беру  жүйесі  жасалады,  олар 

жеке  немесе  ата-аналар  топшасында  жүргізіледі.  Топтық  кеңес 



462 

 

беруге  әр  түрлі  топтың  бірдей  мәселелері  немесе,  керісінше, 



тәрбиелеуде нәтижесі бар ата-аналарды шақыруға болады (мазаң 

балалар; сурет салуға, ән айтуға айқын көрінетін қабілеттері бар 

балалар).  Кеңес  берудің  мақсаттары  ата-аналардың  белгілі 

білімді,  іскерліктерді  игеруі;  оларға  проблемалық  сұрақтарды 

шешуге көмек көрсету саналады. Кеңес беру формалары әртүрлі 

(кейін талқылауға түсетін маманның кәсіби хабарламасы; кеңес 

алуға шақырылғандардың барлығы алдын ала оқыған мақаланы 

талқылау;  практикалық  сабақ,  мысалы,  «Балалармен  өлеңді 

қалай жаттау керек» тақырыбында). 

Ата-аналар, 

әсіресе 

жастар, 


балаларды 

тәрбиелеуде 

практикалық дағдыларды игеруді қажет етеді. Оларды семинар-

практикумдарға шақырған дұрыс. Жұмыстың осы түрі үйретудің 

тәсілдері мен амалдары туралы айтып беруге және кітапты қалай 

оқу  керек  екендігін,  иллюстрацияларды  қалай  қарастыру  керек 

екендігін,  оқығаны  туралы  қалай  әңгімелесу  керек  екендігін, 

баланы  жазуға  қалай  үйрету  керек  екендігін,  артикуляциялық 

аппаратты  қалай  жаттықтыруға  болады  екендігін  және  т.б. 

көрсетуге мүмкіндік береді.  

Ата-аналар жиналысы топтық және жалпы (барлық ұйымның 

ата-аналары  үшін)  өткізіледі.  Жалпы  жиналыстар  жылына  2-3 

рет  ұйымдастырылады.  Мұнда  жаңа  оқу  жылына  міндеттерді, 

білім  беру  жұмысының  нәтижелерін,  дене  тәрбиесі  мәселелері 

мен  жазғы  сауықтыру  мерзімі  мәселелерін  және  т.б. 

талқылайды.  Жалпы  жиналысқа  дәрігерді,  заңгерді,  балалар 

жазушысын 

шақыруға 

болады. 

Ата-аналардың 

сөздері 

қарастырылады. 

Топтық  жиналыстар  2-3  айда  бір  өткізіледі.  Талқылауға  2-3 

мәселе  шығарады  (бір  мәселені  тәрбиеші  дайындайды, 

басқалары бойынша сөйлеуді ата-аналарға немесе мамандардың 

біріне ұсынуға болады).  

Жыл  сайын  бір  жиналысты  балаларды  тәрбиелеудің 

отбасылық  тәжірибесін  талқылауға  арнаған  дұрыс.  Атаулы 

топқа  қазіргі  қажет  тақырып  таңдалады,  мысалы:  «Біздің 



463 

 

балалар  еңбек  еткенді  неге  жақсы  көрмейді?»;  «Балаларға 



кітапқа  деген  қызығушылықты  қалай  тәрбиелеуге  болады?»; 

«Теледидар – балаларды тәрбиелеудің досы немесе қасы ма?». 

Ата-аналар конференциясы. Конференцияның басты мақсаты 

–  отбасылық  тәрбие  беру  тәжірибесімен  алмасу.  Ата-аналар 

алдын  ала  хабарламалар  дайындайды,  педагог  қажетіне  қарай 

тақырыпты  таңдауда,  сөзін  рәсімдеуге  көмек  көрсетеді.  

Конференцияда  маман  сөйлеуі  мүмкін.  Оның  баяндамасы 

талқылауды, егер мүмкіндік болса, пікірталасты да  тудыру үшін 

«айтыс» түрінде беріледі. 

Конференция  бір  мектепке  дейінгі  мекеме  шеңберінде  өтуі 

мүмкін, бірақ қалалық, аудандық деңгейдегі конференциялар да 

тәжірибеленеді.  Конференцияның  өзекті  тақырыбын  анықтау 

маңызды  («Балалардың  денсаулығына  қамқорлық  ету», 

«Балаларды  ұлттық  мәдениетке  баулу»,  «Баланы  тәрбиелеудегі 

отбасының  рөлі»).  Конференцияға  балалар  жұмысының, 

педагогикалық  әдебиеттердің,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

жұмысын  бейнелейтін  материалдар  және  т.б.  көрмелері 

дайындалады.  Конференцияны  балалардың,  мектепке  дейінгі 

ұйымның  қызметкерлерінің,  отбасы  мүшелерінің  бірлескен 

концертімен аяқтауға болады. 

Ата-аналарды  педагогикалық  әдебиеттерге  тарту  үшін 

арнайы  папкаларға  белгілі  тақырыптағы  мақалаларды  іріктей 

отырып,  жылжымалы  кітапханаларды  жасау  мақсатқа  сай. 

Алайда  оқылған  әдебиет  туралы  ата-аналармен  әркез  сөйлесіп, 

не  қызықтырғанын,  баланы  тәрбиелеу  үшін  нені  алуға 

болатынын анықтап отыру қажет екенін есте сақтау жөн. 

Балабақшаның 

отбасымен 

ынтымақтастығының 

салыстырмалы  түрде  жаңа  формаларының  бірі  ретінде 

педагогтар,  ата-аналар  мен  балалардың  қатысуымен  өтетін 

кештерді;  спорт  ойындарын,  отырыстарды,  спектакльдерді 

дайндауды,  «Танысайық»,  «Бірін-бірімізді  қуантайық»  сынды 

жиындарды және т.б. атап өту керек. 

Мектепке  дейінгі  көптеген  ұйымдарда  «сенім  телефоны» 



464 

 

қызмет  етеді,  «Игі  істер  күні»,  сауалдар  мен  жауаптар  кештері 



өткізіледі. 

Сөйтіп, балабақшаның отбасымен ынтымақтастығын әртүрлі 

жүзеге  асыруға  болады.  Тек  формализмнен  алшақ  болу 

маңызды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет