466
Мектепке арнайы дайындық
Мектептің бірінші сынып бағдарламасын үйрену мектеп
пәндері бойынша белгілі бір білім қоры бар, оқи білетін баланың
бағдарламаны сәтті меңгеретін көрсетеді. Мұғалім оқушының
осы біліміне сүйенеді және ары қарай молайтып дамытады.
Білім осылай арнайы пәндерге оқытудың негізін құрады.
Бірақ та мектепте оқытуға арнайы дайындықты білімді
көлемдік жинақтау ретінде түсіну қате. Көп білген (жаттаған)
сайын жақсы оқиды? Өкінішке орай, бәрі бұлай оңай емес.
Мектепке дейінгі жастағы баланың еске сақтауы жақсы. Ол тез
және көп есіне сақтайды, есіне сақтағанды қайталап бере алады
(З.М.Истомина). Бірақ жақсы оқу үшін бір еске сақтау аз.
Салыстыра, талдау жасай, жиынтықтай, өз бетімен түйіндей
білуі маңызды, яғни танымдық үрдістердің дамуының белгілі
деңгейі қажет. 100-ге дейін санай білу оның математикадан
болашақ табыстары туралы айтпайды. Және де оқи білу (жеке
әріптерден сөздер жинау) оқу және жазудан жақсы нәтижелерге
кепілдік бермейді.
Осы білім мен машықтарды, себеп-салдарлық байланыстар
мен заңдылықтарды түсінуі, оқу мақсатын белгілеп және ұстауға
қабілеттілігі маңызды. Л. Е. Журова, Т.В.Тарунтаева,
Н.Ф.Виноградова, Г.А.Корнеева, А.Н.Макарова және т.б.
зерттеушілер осындай мектепке дайындық мүмкін және қажет
деп анықтады.
Сонымен, балалар мектепке интеллектуалды дайын болуы
үшін, оларға жүйеге құрылған белгілі білім беру, ойлау
қызметінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету қажет. Балада
білімге құмарлықты, танымдық қызығушылықты және жаңа
ақпаратты ұғынып қабылдау қабілетін дамыту керек.
|