С. А. Козлова, Т. А. Куликова


    XXVI ТАРАУ  МЕКТЕПКЕ



Pdf көрінісі
бет348/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

465 

 

XXVI ТАРАУ 



МЕКТЕПКЕ

 

ДЕЙІНГІ

 

ҰЙЫМНЫҢ

 

МЕКТЕППЕН

 

ӨЗАРА

 

БАЙЛАНАСЫ 

 

 

 

              Балаларды мектепке даярлау 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  міндеттерінің  бірі  болып 

балаларды мектепке даярлау саналады. Баланың мектепке көшуі 

– оның дамуындағы сапалы түрде жаңа кезең.  

Бұл  кезең  «дамудың  әлеуметтік  жағдаятымен»,  тұлғалық 

жаңа  жасалымдармен  байланысты,  оларды  Л.  С.  Выготский  «7 

жас  дағдарысы»  деп  атады.  Даярлықтың  нәтижесі  болып 

мектепке  дайын  болуы  саналады.  Осы  екі  термин  өзара  себеп-

салдар  қатынастарымен  байланысты:  мектепке  дайындық 

даярлықтың сапасына тікелей байланысты. 

Психологтар  мен  педагогтар  мектепте  оқуға  дайындықты 

жалпы және арнайы деп бөледі. Демек, мектепке дейінгі ұйымда 

жалпы және арнайы даярлық жүргізілуі тиіс. 

Арнайы  даярлық  дегенде  баланың  білім  мен  іскерлікті 

меңгеруі  түсініледі,  олар  оған  бірінші  сыныпта  негізгі  пәндер 

бойынша  (математика,  оқу,  жазу,  қоршаған  әлем)  оқудың 

мазмұнын игеру нәтижелілігін қамтамасыз етеді. 

Жалпы  дайындық  (және  әзірлік)    ұғымының  мазмұнына 

психологиялық, адамгершілік-ерік, физикалық дайындық кіреді. 

Дайындық  пен  әзірліктің  белгіленген  бағыттарының 

арасында  тығыз,  нәтижені  өзара  шарттайтын  байланыс  бар. 

Сондықтан педагог әр бағыттың жұмысының ерекшелігін жақсы 

білуі  үшін  және  отбасымен  бірге  баланың  мектепке 

дайындығына көмек беруі үшін қажет. 

Әр бағыттың мазмұны мен ерекшеліктерін қарастырайық. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет