502
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕНІҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Әрбір бала бақытты болуға құқылы. Бұл құқықты ересектер
атқаруы тиіс.
Советтік балабақша жаңаруының негізгі ұстанымы –
балалардың денсаулығын сақтау және нығайту (физикалық,
психикалық), балалармен білім беру жұмысының мақсаттары
мен
принциптерін
гуманизациялау,
балабақшадағы
тәрбиешілердің жұмысы мен балалардың жағдайын жақсарту,
баланың әлеуметтік қалыптасуының барлық аясы арасында
сабақтастықты қамтамасыз ету, педагогикалық кадрларды
даярлау сипатын түбегейлі өзгерту, мектеп жасына дейінгі
тәрбиелеуді қаржыландыру және басқарманың жағдайын
өзгерту.
Тұлғаның қалыптасуында мектепке дейінгі тәрбиенің
маңызы.
Туғаннан мектепке дейінгі кезең баланың физикалық және
психикалық дамуының кезеңі, адамға өмір бойы қажетті, оны
адам қылатын қасиеттер мен белгілер, физикалық және
психикалық қасиеттердің алғаш боп қалыптасуының кезеңі
болып табылатындығын бүкіл әлемнің мамандары растайды.
Бұл кезеңнің дамудың келесі кезеңдерінен айырмашылығы
әрекеттің алуан түрлерін игеру және кез-келген арнайы білім
мен дағдыларды алда меңгеру үшін негіз болатын жалпы
дамуды қамтамасыз етеді. Баланың психикасының қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |