С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектеп жасына дейінгі балаларға



Pdf көрінісі
бет149/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Мектеп жасына дейінгі балаларға 

эстетикалық тәрбие беру міндеттері 

Осы  үдерістің  құрамдас  бөлшегі  болып  көркемдік  білім 

саналады  –  өнертанымдық  білімді,  іскерліктерді,  дағдыларды 

меңгеру үдерісі, көркем шығармашылыққа қабілетін дамыту. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеудің 

міндеттерін,  оның  мақсаттарына  негізделе  отырып,  екі  топқа 

бөлуге болады. 

Міндеттердің  бірінші  тобы  балалардың  қоршаған  ортаға 

эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Келесілер 

көзделеді:  табиғаттағы,  іс-әрекеттеріндегі,  өнердегі  әдемілікті 

көріп, сезіну іскерліктерін дамыту, әдемілікті түсіну; көркемдік 

талғамды, әдемілікті тану қажеттілігін тәрбиелеу. 

Міндеттердің  екінші  тобы  түрлі  өнер  саласындағы 

көркемдік іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған: балаларды 

сурет салуға, сомдауға, құрастыра білуге; ән айтуға, музыканың 

сүйемелдеуімен  билеуге  үйрету;  сөйлеу  шығармашылығын 

дамыту. 

Міндеттердің  аталған  топтары  оң  нәтижені  олардың  жүзеге 

асыру барысында өзара тығыз байланыс жасау жағдайында ғана 

береді.Өкінішке  орай,  бұл  маңызды  жағдай  барлық  уақытта  

ескеріліп,  орындала  бермейді.  Мектеп  жасына  дейінгі 

педагогикада  міндеттердің  екінші  тобы  іргелі  берілген  (В.  Н. 

Шацкая,  Е.А.  Флерина,  Н.П.Сакулина,  Н.А.  Ветлугина, 

Т.С.Комарова,  Т.  Г.  Казакова,  Л.  В.  Компанцева,  Л.С.Фурмина, 

Г.Н.Пантелеев, 

Е.А.Дубровская 

және 

т.б.). 


Ғалымдар 

эстетикалық  тәрбие  беру  теориясын  жасап,  оны  практикаға 

арнап нақтылаған. 

Міндеттердің бірінші тобы зерттеулер мен тәжірибеде төмен 

дәрежеде  зерттелген  және  екіншісіне  қарағанда  қолданбалы 

ретінде  қарастырылады.  Балалардың  көркем  шығармаларды  (А. 

В. Запорожец, Т. А. Репина, Р. И. Жуковская, А.М.Виноградова, 



190 

Л.П.Стрелкова  және  т.б.),  кітапқа  қосымша  иллюстрацияларды 

(В.А.Езикеева),  музыкалық  шығармаларды  произведений  (К.В. 

Тарасова,  И.  Л.  Дзержинская,  Е.  А.  Дубровская,  Л.  Н. 

Комиссарова  және  т.б.)  қабылдау  мәселелері  қарастырылған  –

бұл  зерттеулер  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  эстетикалық 

дамыту мәселелерін әзірлеуде қомақты үлес болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет