С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Эстетикалық тәрбие беру жағдайлары мен



Pdf көрінісі
бет150/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Эстетикалық тәрбие беру жағдайлары мен 

құралдары 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  эстетикалық  тәрбие  беру 

міндеттерін  жүзеге  асыру  үшін  белгілі  жағдайлар  керек. 

Біріншіден, бұл, бала өмір сүріп, дамып жатқан орта. Ол балаға 

өз 

күші 


мен 

маңыздығына 

қарай 

басқалармен 



салыстырылмайтын  әсер  етеді.  Егер  ахуал  эстетикалық,  әдемі 

болса  (бай  болу  міндетті  емес),  егер  бала  адамдар  арасындағы 

әдемі қарым-қатынасты көріп, көрікті сөз естісе және т.б., онда 

ол  кішкентай  кезінен  эстетикалық  ортаны  норма  ретінде 

қабылдайды  деп  сенуге  негіз  бар,  ал  осы  нормадан 

ерекшелетіннің барлығы онда қабылдамаушылық тудырады. 

Тұрмыс  эстетикасы  бірнеше  бөлшектерден  құралады.  Бұл 

тұрмыс-ахуалдың,  атап  айтқанда,  баланы  қоршайтын  және  ол 

пайдаланатын  заттардың,  ойыншықтардың,  сәбидің  және  оны 

қоршаған  адамдардыңкиімдерінің  эстетикасы:,  үй-жайдың 

дизайны  және  т.б.  Әдемі  заттар  «көзді  қуантады»,  оң 

эмоцияларды,  оларды  сақтап  қалу  ниетін  шақырады.  «Ақ 

дастархан» теориясы  толығымен әділ:  егер де  біз  ұқыптылыққа 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  эстетикалық  айнала  қажеттілігіне  де 

тәрбиелегіміз  келсе,  біз  эстетикалық  еместікті  санамыздан 

шығаруымыз  керек.  Бала  өмірінің  бірінші  жылдарынан  бастап 

үйінде  де,  мектепке  дейінгі  мекемеде  де  тұрмыс  эстетикасына 

назар аудару қажет. Үстелдің үстіндегі әдемі майлық, ыдыс,гүл 

– осының  барлығы  эмоционалдық  көңіл-күй  жасап,  әдемілікке

шақырады.  Балалар  әдемі  заттарға  әсер  етіп,  оларды  алғысы

келеді.  Сөйтіп,  мектепке  дейінгі  мекемеде  тостағандардың

(басқа ыдыстың) арасында барлығы бірдей емес, одан әдемірегі

кездессе,  балалар  оны  бірден  байқайды  және  өзіне  немесе

болмаған жағдайда досының алдына қояды да, сол арқылы оған




191 

өзінің сүйіспеншілігін білдіреді. 

Ахуал  эстетикасы  –  бұл  кейбір  жағдайда  (қонақ  келуіне 

байланысты)  емес,  тұрақты  болуы  тиіс  нәрсе.  «Тұрмыс 

эстетикасы» ұғымы балаларды қоршайтын  адамдар арасындағы 

күнделікті  қарым-қатынастардың  әдемілігін  де  қамтиды.Ол 

қандай  сөзді,  қандай  интонацияларды  еститіні  өте  маңызды. 

Мәселе  сөздің  дұрыс  болуында  ғана  емес,  ол  бейнелі, 

интонациялық  бай  және  тілектес  болуы  қажет  (мұнда 

эстетикалықтың  этикалықпен  тығыз  байланысы  байқалады). 

Қария  болған  арғы  әже  кейбір  сөздерді  дұрыс  емес,  өзінше 

айтады, бірақ сөзі мақал-мәтелге, әзілге, еркелетуге толы –міне, 

дәл осы балада ана тілінің образдылығы мен көркемдігіне деген 

қызығушылықты тәрбиелейтін болады.  

Тұрмыс  эстетикасы  –  бұл  адамның  сыртқы  келбеті  де. 

Киіміндегі  ұқыпсыздық,  салдыр-салақтығы,  түсті  таңдаудағы 

үйлесімсіздік,  өз стилін таба алмауы – бұның барлығы сұлулық 

заңдарына  қайшы  келеді.  Ата-аналар,  әдетте,  өз  баласының 

киіміне, әсіресе, ол кішкентай болған кезінде, көп көңіл бөледі. 

Бірақ  олар  жоғарыда  айтылғандар  туралы  әрдайым  естерінде 

сақтай  ма?  Осы  талаптар  мерекелік,  дала  киетін  киімге  ғана 

емес,  сондай-ақ,  күнделікті,  үй  киіміне  де  қатысты.  Егер  анасы 

үйінде  кір  халатта  жүріп,  шашын  дұрыстауды  ұмытса,  онда 

баланы  ұқыпты  болуға  дағдыландыру  қиынға  соғады  («қарама-

қайшылықтан»  механизмі  іске  асса  ғана,  оның  өзі  мектеп 

жасына дейін емес, біршама ересектеу жаста болуы мүмкін). 

Сонымен, 

тұрмыс 


эстетикасы 

баланы 


эстетикалық 

тәрбиелеудің  міндетті  түрдегі  шарты,  онда  қалыптасып  келе 

жатқан  сұлулық  туралы  ұғымды  бекітетін  немесе  бұзатын  фон 

болып табылады. 

Егер  ересектер  баланың  назарын  тұрмыстың  эстетикалық 

жағына аударса, тұрмыс эстетикасы эстетикалық тәрбие беру 



құралы болып шығады. Балалардың сұлулықты өз айналасында 

әр 


түрлі 

көріністерінде 

көруі 

жеткіліксіз 



(жоғарыда 

айтылғандай, бұл өте маңызды болса да). Олардың назарын осы 

әдемілікке  аудару  керек:  «Біз  сенімен  тазарту  жұмыстарын 

аяқтадық.  Өте  әдемі  болды.  Мына  жерге  тағы  да  гүлдерді 

қояйық!»;  «Шашымызды  ұқыпты  тарайық,  қыз  бала  әрдайым 

әдемі  болуы  керек».  Осындай  сөздер  үнемі  айтылуы  мүмкін. 

Олар ақырындап эстетикалық сананы қалыптастырады. 

Тұрмыс эстетикалық тәрбие берудің құралы болып ересектер 




192 

баланы  көркемдік  үшін  талдау  жасау  және  әрекет  етуге  тарту 

кезінде де байқалады: «Айнадағы өзіңе қара, әдемірек болу үшін 

нені  дұрыстау  керек, қалай  ойлайсың?»;  «Біздің  жасыл  диванға 

қай түс көбірек келеді – сары ма әлде қара ма?». Бұл жерде бала 

не  деп  жауап  беретіні  маңызды  емес,  мұнда  ересектің  оның 

назарын  түстердің  үйлесуі  немесе  үйлеспеуі  мүмкін  екендігіне, 

бала да әдемілікті жасауға қабілетті екендігіне аударады. 

Сонымен,  үш  ереже:  әдемілікте  өмір  сүру,  әдемілікті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет