284
педагог 6 сағаттан астам уақыт индивидуалды оқытумен
айналысады. Ал осы уақытта басқа балалар немен айналысады?
Кім олардың қауіпсіздігімен, дамуымен жауаптанады? Бұған
осындай күш жүктемесімен жұмыс істеген педагогтың
психофизиологиялық
жағдайын
қосыңыз.
Сонымен,
индивидуалды сабақтарға өту мүмкін емес.
Заманауи зерттелер индивидуалды сабақтардың тағы бір
«кемістігін» анықтады. Олар баладан көп жүйкелік шығындарды
талап етеді, ол үшін эмоционалды дискомфорт тудырады.
Педагогпен біргі-бір жалғыз қалып, жасқану, имендену сезеді,
білімді және ересек адамның «авторитеті басып» тұрады (Е. В.
Субботский). «Мені оқытып жатыр» ұстанымсы оны
мобилизацияламайды екен, керісінше, өзі туралы жалтақ,
қамқорлыққа алынған жан туралы түсінік қалыптастырады,
оның белсенділігін қысады. Оқуда алға жылжу үшін, балаға
құрдастарымен қарым-қатынас қажет.
Н. К. Крупскаяның айтуы бойынша, бала әрқашан
психологиялық жағынан ересек адамнан көрі, басқа балаға
жақын. Үлкен адамнан ол «информацияны алады», іс-әрекет
тәсілдерін игереді, ал құрдасына айна қарағанадай қарайды: мен
қандаймын? Құрдастарымен қатынас процесінде ол өз
жетістіктерін басқалардікімен салыстырады, басқалардың да оқу
тепсырмаларын орындауда өзіндегідей қиыншылықтарын көріп
тынышталады, және т.б. Нәтижесінде балаларда өзіне-өзі баға
беру, өзара бағалау, бірге уйымдау қалыптасады.
Кейбір жағдайларда индивидуалды сабақтар қажетті. Ең
біріншіден, дамуында кемшіліктері бар, жиі ауыратын,
тәртібінде мәселелері бар (орнықсыз, ұшқалақ, қозғыштығы
жоғары, жүріс-тұрысы импульсивті және т.б.) балалар қатысы.
Бұндай балалармен индивидуалды жұмыс істеген кезде, педагог
оларға қажетті білімдер мен машықтарды игеруге көмектеседі,
өздерінің психикалық процестерін басқару қабілетін дамытады.
Индивидуалды сабақтар белгілі бір қызметте айқын көрінген
қабілеттілігі (сурет салуда, ән айтуда, математикада) бар және
285
доминатты танымдық қызығушылығы бар (техника әлеміне,
жануарлар әлеміне) балалар үшін қажет.
Топтағы әр баламен педагог олардың оқығандығандығының
деңгейін анықтау үшін, білім мен машықтарды игерудегі
кемістіктерді білу үшін кезең-кезеңмен бақылау-диагностикалық
сипатта индивидуалды сабақтар өткізіп тұрады. Бұл балаларды
оқытудың кейінгі корректілеуге қажет.
Бұндай сабақтар үшін бәрі бір кезде орындай алатындай,
аналогтық тапсырмалардың бірнеше вариантын жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: