С. А. Козлова, Т. А. Куликова


    Білімқұмарлар үшін



Pdf көрінісі
бет300/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

388 

 

Білімқұмарлар үшін  

Театрланған  ойындарға  деген  қызығушылықтарын  тәрбиелеу  және  оны 

іске асыру үшін шығармашылық қабілеттерді дамыту, бос уақытты мазмұнды 

өткізуге  баулу  тұрғысынан  келешекте  іске  асыру.  Бұл  ойындарға  ата-

аналардың  назарын  аудара  отырып,    олардың  балаларының  табыстарын 

ерекше  атап  көрсетіп,  үйдегі  театр  құрудың  отбасылық  дәстүрдің  қайта 

өркендеуіне  ықпал  ету  қажет.  Үйдегі  спектакльді  дайындау  белгілі  бір 

уақытты талап етеді және қандай да бір отбасылық мереке, мейрамға (атаның 

мерейтойы, 

әкенің 

туылған 


күні, 

ата-аналардың 

үйлену 

күні) 


орайластырылған.  Жаттығу,  костюмдерді  әзірлеу,  декорация,  туысқан  және 

таныстарға  арналған  шақыру  қағаздарын  дайындау  отбасы  мүшелерін 

бірлігін  арттырады,  олардың  өмірінде  маңызды  іс-әрекеттерді  көбейтеді, 

қуанышты  сезімдерге  бөлейді.  Ата-аналарға  баланың  мектепке  дейінгі 

мекемеде  жүргенде  қол  жеткізген  «әртістік  және  театрлық»  қызметіндегі 

тәжірибесін  қолдануға  кеңес  берген  жөн.  Олар  баладан  кеңес,  көмек  сұрай 

отырып,  оның  хабардарлығын  айрықша  баса  айтып  отырған  маңызды 

(«Балабақшада шақыру қағаздарын қалай дайындайсың? Сеніңше, бұл рөлді 

кім  жақсы  орындайды?  Түлкіге  қалпақты  қалай  істеу  керектігін  үйретші!»). 

Осылайша  баланың  өзін-өзі  құрметтеу  деңгейі  көтеріледі.  Ол  отбасындағы 

өзінің  маңыздылығын  сезінеді,  ептілік,  білімпаздығын  (эрудициясын) 

ұғынады, бұл оның жалпы дамуына қолайлы ықпал етеді.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет