С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Сюжетті-рөлдік ойындарға жетекшілік ету



Pdf көрінісі
бет297/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

 

Сюжетті-рөлдік ойындарға жетекшілік ету 

Сюжетті-рөлдік  ойындарға  жетекшілік  ету  екі  бағытта 

орындалады: 

■ 

ойынды қызмет ретінде қалыптастыру



■ 

ойынды  баланы  тәрбиелеу,  бала  ұжымын  қалыптастыру 

құралы ретінде пайдлану. 

Ойынды  қызмет  ретінде  қалыптастыру  педагогтің 

сюжеттік-рөлдік  ойындардың  тақырыптамасын  кеңейтуге, 

олардың  мазмұнын  тереңдетуге  әсер  етуін,  балалардың  рөлдік 

мінез-құлықты игеруге ықпал етуін болжайды. 

О й ы н ғ а   ж е т е к ш і л і к   е т у   т ә с і л д е р і н   оны  қызмет 

ретінде  қалыптастыру  мақсатында  шартты  түрде  дәстүрлі 

(П.И.Жуковскаямен,  Д.В.Менджерицкаямен  әзірленген)  және 

соңғы  жылдарда  зерттелген,  жаңа  (Н.  А.  Короткова,  Н.  Я. 

Михайленко)  деп бөлуге болады. 

Сюжеттік-рөлдік  ойындарды  басқаруда  педагогтің  басты 

назары  ойындардың  мазмұнын  байытуға  бағытталған.осы 

мақсатта  ол  балаларға  жаңа  сюжеттерге  қызығушылық 

тудырады.  Ол  бос  жерде  пайда  болмайды,  егер  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  олардың  алдында  жинақтаған  тәжірибесіне 

бірігетін  қоршаған  әлем  туралы  айқын  түсініктерін  алса, 

қиялдарын  шарықтатса,  эмоционалдық  жауап  тапса,  ол  баолық 

тәрбиелік-білімдік жұмысы барысында «өседі». Балалар кішірек 

болған сайын, белгілі бір құбылыспен тікелей танысу барысында 

алған  әсерлері  маңыздырақ  болады.  Сөйтіп,  балалардың  көлік 

тақырыбына 

(жүргізуші, 

машинист) 

арналған 

ойындар 


мазмұнын  байыту  үшін  тәрбиеші  балаларды  қалалық  көлік 

аялдамасына  апарады,  мектепке  дейінгі  мекемеге  азық-түлік 

таситын 

жүргізушіден 

балалармен 

оның 


әңгімелесуін, 


378 

 

машинасының кабинасын көрсетіп, рөлді ұстап отыруына рұқсат 



беруін  арнайы  сұрайды.  4-6  жастағы  балалармен  тиісті 

иллюстрациялық материалды қарауға, әңгіме жүргізуге болады. 

Қоршаған ортамен таныстыруда педагог балалардың назарын 

ойын  барысында  олардың  жасына  сәйкес  көрсетуге  болатын 

кезеңдерге аударады. Сәбилер үшін – бұл оларды ересектермен 

қызметі  барысында  пайдалану  заттары  мен  тәсілдері,  ал  4-6 

жастағылар  үшін  –  адамдардң  өзара  қарым-қатынасы.  Сөйтіп, 

қалалық көлік аялдамасында балалар автобустың қалай келгенін, 

есіктері  қалай  ашылып,  жабылатынын,  көп  адамдардың  қалай 

шығып,  кіріп  жатқанын,  жүргізушінің  кабинасында  терезе 

қандай  үлкен  екенін  («барлығы  көріну  үшін»),  жүргізуші  ер 

адамдар  да,  әйел  адамдар  да  болатынын  байқайды.  Ал  ересек 

мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  назарын  жүргізушінің 

әрекетіне  аударған жөн: ол жүргіншілерге қамқорлық жасайды, 

аялдамаларды  хабарлайды,  салонға  бәрі  кірмей,  автобусты 

жолдамайды, жүргінші талондарын қозғалыс кезінде алаңдамай, 

жүргіншілерді  қауіпке  итермелемес  үшін  аялдамаларда  ғана 

сатады және т.б. 

Әрине,  балалардың  алған  өте  жарқын  әсерлерінен  кейін  де 

оларды  ойында  жеткізу  ынтасы  барлығында  пайда  болмайды. 

Ойын  барысында  балалардың  қызығушылықтары  көрініс 

табады,  ал  оларды  таныстырған  құбылыстар  осы  мүдделердің 

аясына  енбеуі  мүмкін.  Ал  егер  де  біреуі  ойынды  жаңа 

тақырыпқа  бастаса  (автобусты  үстелдерден  құрастырды, 

жүргізуші  өз  орнына  отырды,  салонға  жүргіншілер  жайғасты) 

немесе таныс ойынға жаңа сюжет желісін қосса (отбасы қонаққа 

автобуспен  баруды  ұйғарды),  педагог  балалардың  бастамасын 

қолдап, оларды мақтауы керек. Содан кейін ол жүргінші болып, 

жұмысқа  (театрға,  мұражайға)  автобуспен  бара  алады, 

жүргізушіге көмек және кеңес алуға жүгіне алады («Жол жүрісі 

билетін  қайдан  алуға  болады?  Қарт  адамдар,  кішкентай 

балалары  бар  жолаушылар  қай  орындарда  отыруы  керек? 

Жүрігу асықпаңыз – қарт әйел әлі шыққан жоқ және т.б.»). 



379 

 

Ертек  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жүргізуші 



сияқты  біртектес  жеке  ойындарын  автобус  сынды  біршама 

күрделі  ойын  арнасына  аудару  үшін,  педагог  басқа  амалдарға 

барады:  «біз  аялдамада  көргендей  үлкен  автобусты»  құруды 

ұсынады,  өзі  жүргізуші  болады,  автобусқа  қай  уақытта  және 

қалай  кіріп,  шығуға  болатынын  еске  салады,  жол  жүру 

билеттерін сатып алуды және т.б. ұсынады.  

Кейде  балалар  ойынға  белсене  араласады,  бірақ  ол 

бастапқыда  оған  түрткі  болған,  жарқын  сезімдер  тудырған 

оқиғалар жақын арада түсініктерінің таяздығынан бітеді. Былай 

да  болуы  мүмкін:  балалар  бір  ойынды  үнемі  ойнайды,  бірақ 

оның мазмұнында «тұрып қалды»; біртектес әрекеттерді, рөлдік 

диалогтарды,  оқиғалар  мен  жағдаяттарды  қайталай  береді.  Екі 

жағдайда  да  –  бұл  педагог  үшін  сигнал:  балалардың  білімдерін 

толықтыру  керек,  сюжетті  басқа  арнаға  жіберу  керек.  Дәстүрлі 

тәсілдер де келеді: көркем шығарманы оқу, әңгімелесу, баяндау. 

Педагогтің  міндеті  –  осы  дәстүрлі  амалдарға  қажетті  үн  қосу. 

Мысалы, жәрігер, медбике, пошташы қызметі туралы өзі айтып 

бермей,  мамандық  өкіліне  өтініш  жасау  (мектепке  дейінгі  ұым 

дәрігеріне,  балалардың  біреуінің  ата-анасына,  пошта  әкелетін 

пошташыны).  Ойын  мазмұнын  жаңарту  шабыты  болып 

педагогтің  өз  балалық  шағындағы,  өзге  де  балалардың 

ойындары туралы әңгімелер айтуы табылуы мүмкін. 

Кейде  ойынның  жаңа  сюжеттік  желісі  қосымша  ойын 

материалы  арқасында  пайда  болады.  Сәбилерге  оны  тәрбиеші 

ұсынады.  4-5  жастағы  балалар  ересектердің  ұсынысы  бойынша 

немесе  олардың  көмегімен  бірдеңені  қолдан  жасауы, 

құрастыруы 

мүмкін 


(бұған 

мектепке 

дейінгі 

мекеме 


тәрбиеленушілері отбасыларыныңмүшелерін тартқан абзал). 

Кейбір  жағдайда  «тынысынан  тарылып  жатқан»  сюжеттік 

желіні  аяқ  астынан  ойынға  енетін  педгог  алады  мәне,  жоғары 

топ  балалары  жанұя  ойынын  ойнап  жатыр.  Анасы  тамақ 

әзірлеуде,  балалары  ойнап  жүр,  әкесі  жұмысқа  бара  жатыр. 

Кенеттен педагог басына орамал тартып (шляпа киіп), қолынан 




380 

 

сөмкесін алып, есікке қоңыр соғада: әжетай келді! Өз сұрақтары, 



қақпа  сөздерімен  («Мені  неге  қарсы  алмадыңдар?  Жеделхат 

қайда  кетті?  Заттарымды  вркзалда  тастап  кетуге  мәжбүр 

болдым, ал онда сыйлық, базарлықтар бар») педагог жаңа ойын 

бағытын  (әжені  қарсы  алу,  сый-құрмет  көрсету,  сұрақтар, 

вокзалға заттарына бару, әжемен мұражай, тетарға бару, онымен 

қалада серуендеу және т.б.) береді. 

Сөйтіп, 

педагогтің 

арсеналында 

ойынның 


жаңа 

тақырыптамасын, олардың мазмұнын ынталандыратын көп тәсіл 

бар.  Ережені  ескеру  керек:  балалардың  белсенділігі  мен 

дербестігінің  өсуіне  қарай  әрекет  етудің  жанама  түрлерін 

пайдаланған  мақсатқа  сай  (балалардың  алдыңғы  ойындары, 

олардың  көргендері  туралы  еске  салу;  жетекші  сұрақтар,  ойын 

ортасын  өз  уақытында  өзгерту,  ойынға  итермелейтін  бейнелеу, 

еңбек, құрылымдық әрекеттеі ұйымдастыру).  

Балалар  кішкентай  болған  сайын,  педагог  ойынды 

ұйымдастыруға 

үлкен 

назар 


аударады. 

Ол 


болашақ 

қатысушыларға  нені  ойнайтынын  келісіп  алуға  көмектеседі. 

Ойынға келісіп алу ойды келістіруді, ойын жағдайын анықтауды 

(қай  жерде  ойну,  нені  пайдалану),  рөлдерді  бөлуді  талап  етеді. 

Келісіп  алуда  балалардың  өзара  әрекет  ету  негіздері  қаланады, 

бірін-бірі 

тыңдау, 

әрқайсысының 

тілектерімен 

және 


қызығушылықтарымен  есептесу  іскерліктері  қалыптасады. 

Төменгі топта жұмыс істейтін педагог балалардың ойын қарым-

қатынасын  ынталандырады,  бағыт  береді.  Сәбиге  белгілі  бір 

ойыншықты  бере  отырып,  тәрбиеші  оныі  кіммен  ойнағысы 

келетінін 

сұрайды, 

балаларды 

қарым-қатынас 

жасауға 

ыңғайлайды.  Бұған  таңертен  бірге  қалай  жақсы  ойнағанын, 

оларға  қалай  қызықты  болғанын  естеріне  салу  ықпал  етеді.  Екі 

ойнап жатқан балаға бірігуді ұсынуға болады («Юля, сен сондай 

дәмді түскі ас әзірледің! Лизаны қызымен шақыр, олардың түскі 

астан ауыз тигіз»). 

Сәбилерді  ойынға  келісіп  алуға  үйрету  мақсатында  педагог 

басты  жүргізуші  тұлға  рөлін  орындайды.  Сәнді  ақ  белдемше 




381 

 

тағып, басына бас киім киіп алып, тәрбиеші балаларға сөйлейді: 



«Мен  кафеде  жұмыс  істеймін.  Кім  менімен  ойнағасы  келеді?» 

ниеттенушілерді  оған  кафені  құруға  көмектесуді  сұрайды:  2-3 

үстелді  қоялы,  балалар  қағаз  майлықтарды  жайғастырып,  әдемі 

бұтақтары  гүлсауыттарды  қояды.  Содан  кейін  тәрбиеші 

балалармен  алдағы  ойын  туралы  әңгімелеседі:  кімдер  кафеге 

келеді, 


келушілерді 

немен 


тамақтандыру 

керек, 


км 

тапсырыстарды  әкеліп  береді.  Балалар  ойынға  енеді,  оның 

барысында  мазмұнын,  рөлдік  жүріс-тұрысты  нақтылап,  ойын 

жағдайын жасайды. Келесіде педгог кафеде музыка болатынын, 

әртістер  орындайтынын  еске  салады,  яғни  сюжет  желілерінің 

одан  әрі  дамуына,  жаңа  рөлдерді  енгізуге  үйретеді.  Мұндай 

ойында  параллельді  рөлдер  көп  болуы  мүмкін,  оларды  ойнай 

отырып,  балалар  бір-бірінен  ойын  әрекеті  құралдарын  (іс-

қимылдарды, сөйлеу диалогтарын) алады. 

Балалардың  ойынды  өз  бастамасы  бойынша  ұйымдастыру 

ниетін  назардан  тыс  қалдыруға  болмайды.  Өзіндік  келісімге 

келу  іскерлігімен  бекітілмеген  ниет  тез  арада  жоғалып  кетеді. 

Балалардың  бірге  ойнау  ниетін  мақұлдап,  педагог  олардың  не 

ойнайын деп жатқанын, қандай рөлдер болатынын, әр персонаж 

нені  істейтінітуралы  сұрауы  мүмкін,  рөлдерді  бөлуге,  қажетті 

атрибуттерді  таңдап  алуға  көмектеседі.  Кейін  екінші  кезекті 

рөлдегі  ойынға  ауысып  кетеді.  Мысалы,  аурухана  ойынын 

ойнағанда  жабыраңқы  дауыспен  оның  қызы  аурып  қалғанын, 

дәрігер  оларды  бірінші  қабылдағаны  дұрыс  болар  еді  деп 

айтады.  Кейінірек  ол  «ойынға  тон  береді»:  емделуші  не  істеп 

жатқанын көрсетеді, дәрігердің емделушімен, медбикемен өзара 

әрекет ету үлгілерін, сөйлесу мәдениетін көрсетеді.  

Балаларға  бірлескен  ойын  туралы  қуанышты,  жағымды 

әсерлерін  бекіту  мақсатында  педагог  оған  топтың  басқа 

тәрбиеленушілерінің  назарын  аудартады.  Кешке  балалардың 

қатысуымен  ата-аналарға  «жақсы  ойын»  туралы  айтып  береді. 

Ол  жайында  келесі  күндері  де  еске  алады.    Бұны  жасау  себебі 

балаларға  айналасындағыларға  ғана  емес,  өзіне  де  еліктеу  тән. 




382 

 

Педагогпен  барлық  тұрғыда  қолдау  табатын  «жақсы  ойын» 



туралы естеліктер осындай еліктеу үшін үлгі болады. 

Орта мектепке дейінгі жастағы балаларды ойынға келісіп алу 

барысында  ең  бастысы  рөлдерді  бөлу  мен  таныс  ойындарда 

жаңа  сюжеттік  желілерді  дамыту  қиындық  тудырады. 

Педагогтің  міндеті  –  ойынға  алдын  ала  келісіп  алу  барысында 

балаларды  өз  өмірінен  қызықты  бірдеңе  еске  түсіруге, 

жолдастарына  айтып  беруге,  кейін  ойынға  енгізуге  үйрету. 

Балалармен алда тұрған ойынның мазмұнын талқылауға қатыса 

отырып,  тәрбиеші  сөз  тастаумен,  кеңесімен,  еске  салуымен 

олардың  жеке  тәжірибесін  талдайды.  Мысалы,  балалар  жанұя 

ойынын  ойнайын  деп  жатыр,  ал  педагог  Вераның  сіңлісі  туған 

біле тұра, «жанұяда сәби пайда болды» сюжеттік желісін өрбітуі 

мүмкін. Немесе  жылдың жылы уақытында,  көптеген  отбасылар 

демалыс  күндері  қаланың  сыртына  шыққанда,  педагог  жанұя 

ойынын  ойнауға  келісіп  жатқан  балаларды  саяжайға,  пикникке 

шығу  туралы  әңгімеге  және  т.б.  тартады.  Ойын  отбасылық 

демалыс,  бақта,  бау-бақшада  жұмыс  істеу  бейнеленуімен 

байиды. Жаңа сюжеттік желілер, олардың даму нұсқалары пайда 

болады, 

ол 


дегеніміз 

қосымша 


рөлдерді 

енгізу,  ал 

«тұрақтыларды»  басқаша  ойнау  қажеттілігі  туындайды  дегенді 

білдіреді. Нәтижесінде рөлдерді бөлу тынышырақ өтеді: ойынға 

жаңа  рөлде  қатысу  мүмкіндігі  пайда  болады,  жаңартылған 

мазмұнд  алдыңғы  рөл  тартымдырақ  болып  кетеді,  қаламаған 

рөлге келіспеуге болады, өйткені келесі ойында саған басқасын 

береді. 


Жоғары мектепке дейінгі жаста ойынға алдын ала келісіп алу 

аса 


қиындық 

тудырмайды, 

себебі 

балалар 


мұнда 

қызығушылықтарының,  жеке  сүйіспеншіліктерінің  ортақтығы 

негізінде бірігеді, демек, бірін-бірі жақсы түсінеді, серіктстеріне 

қатысты  біршама  жол  береді.  Бірақ  мұнда  басқа  үрдіс  көрініс 

табуы 

мүмкін: 


ойында 

көшбасшылықты 

жақсы 

ұйымдастырушылық  іскерліктерінің,  кең  дүниетанымы,  жалпы 



дамуының  арқасында  құрдастарының  алдында  беделі,  жоғары 


383 

 

мәртебесі  бар  «жұлдыз»-балалар  алып  кетеді.  Ойын  тобында 



көшбасшы  бола  тұрып,  осындай  бала  өз  қалауы  бойынша 

сюжеттің  дамуын  бағыттайды,  оның  нақты  мазмұнын 

белгілейді,  рөлдерді  бөледі,  олардың  орындалу  «дұрыстығын» 

бағалайды.  Нәтижесінде  жоғары  немесе  мектепке  даярлау 

тобында  ойын  бойынша  серіктестердің  арасында  артық 

«танымалдық»  туындауы  мүмкін:  біреулері  –  команда  береді 

және үнемі басты рөлдерде, басқалары – әрқашан бағынады, кез 

келген  рөлге  келіседі  және  ойыннан  толық  қанағат  алмайды. 

Ойын  барысында  және  оған  дайындық  кезінде  осындай 

«танымалдықтан» қашып қана қоймай, оны барлық тәрбие беру 

жұмысы барысында ескеріп отыру қажет. Бұл үшін әр баланың 

өзгешелігі,  ерекшелігі  сөзбен  және  іспен  атылп  өтіледі  және 

мына  ереже  сақталады:  «Кімге  көп  беріледі  –  содан  көп 

сұралады».  Ойынның  даярлық  кезңінде  педагог  балалардың 

өзара қатынасын әр сәбидің қабілеттері толығырақ көрінетін «өз 

ойықшасын»  табатындай  етіп  тактикалық  бағыттайды:  біреу 

ойынды  қалай  қызығырақ  етуге  болатынын,  қандай  жаңа 

рөлдерді  енгізуге  болатынын  ойлап  табады,  басқалары  оның 

жабдықталуына өз назарын аударады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет