С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектепке дейінгі жастағы балалардың орта және  үлкен



Pdf көрінісі
бет332/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

       Мектепке дейінгі жастағы балалардың орта және  үлкен 

жастағылары  үшін  әдетте  бірнеше  ойын  элементтерінен 

тұратын,    барынша  күрделірек  ойын  әрекеттері  қарастырылған. 

Мысалы,  кейбір  ойындарда  балалар  бүлдіршіндер  сияқты 

имитациялық қозғалыстар жасайды, бірақ қандайда бір  жалғыз 

белгіні  көрсету  арқылы  емес  бүтіндей  бір  бейнені  көрсету 

арқылы  ұсынады  («Не  істегенімізді  айтпаймыз,  не  істегенімізді 

көрсетеміз», «Менің қай ертегіден екенімді тап»). 5 - 6 жастағы 

балалар  сюжеттік  дидактикалық  ойынға  қатыса  отырып, 

белгілі-бір рөлді ойнауға байланысты ойын әрекеттерін жасайды 

(сатушы,  сатыпалушы,  пошташы,  Жұмбақша  апа,  саяхатты 

жүргізуші).  4  -  5  жастағы  балалар  ойын  әрекеттерін  кезекпен 

жасайды  («Лото»,  «Домино»,  «Лабиринт»  үстелдік  ойындар). 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  үлкен  жастағыларының 

ойындарында  ақыл-ой  сипатындағы  ойын  әрекеттерікөп 

кездеседі:  бақылаушылықты  таныту,  салыстыру,  алдында 

өткенді  еске  алу,  заттар  мен  құбылыстарды  белгілі-бір 

қасиеттеріне қарай жіктеу және т.б. 

      Сонымен,  баланың  жасы  мен  даму  деңгейіне  байланысты 

балалардың  дидактикалық  ойындағы  әрекеттері  де  өзгеретіні 

анықталды.  Алайда,  дидактикалық  ойынды  ұйымдастыру 

кезінде  педагог  (ата-аналар)  бір  ережені  сақтауы  керек: 




427 

 

ойынның  дамыту  эффектісі  баланың  жасаған  әрекеттерінің 



қаншалықты  мазмұнды,  алуан  түрлі  болатынына  тікелей 

байланысты.  Егер  педагог  дидактикалық  ойынды  жүргізе 

отырып, іс-әрекеттерді өзі ғана жасаса (заттарды орналастырып, 

олардың  орындарын  ауыстырып,  ойыншықтардың  не  істеп 

жатақандығын  айтып    және  т.б.),  ал  балалар  тек  бақылап 

отырып,  арасында  ғана  сөйлесе,  онда  ойынның  тәрбиелік-білім 

беру құндылығы жоғалады. 

         Ережелер  ойын  мазмұнының  жүзеге  асуын  қамтамасыз 

етеді. 

Олар 


ойынды 

демократияландырады: 

ойынға 

қатысушылардың  барлығы  ережелерге  бағынады.  Тіпті  бір 

дидактикалық  ойынның  ішінде  ережелер  бір-біріне  ұқсамайды. 

Біреулері  балалардың  тәртібі  мен  тану  қызметін  бағыттайды, 

ойын  әрекеттерін  орындау  сипаттары  мен  шарттарын 

анықтайды,  олардың  кезегін  немесе  ретін  белгілейді, 

ойыншылардың  өзара  қарым-қатынасын  реттейді.  Ал  басқа 

ережелер  баланың  қозғалу  белсенділігінің  шамасын  шектейді, 

оқыту  мақсатын  күрделендіре  отырып  оны  басқа  бағытқа 

бұрады  (педагог  ойыншықтардың  орнын  аустырған  мезетте 

көзін  жұмып  тұру,  ойын  барысында  ойыншықты  тек  оң  немесе 

сол  қолында  ұстап  тұру).  Кейбір  ойындарда  белгілі-бір  іс-

әрекеттерге  тыйым  салатын,  жаза  қолданатын  ережелер 

кездеседі.  Тыйым  салатын  ережелер  баланың  өз  тәртібін 

бақылауды  күшейтеді.  (  «Үндемес»  ойыныныда  сөйлеуге 

болмайды, «Керісінше айт» ойынында сөзді айтпай тұрып допты 

лақтыруға  болмайды,  т.с.с.).  Мектепке  дейінгі  жастағы 

балалардың  үлкен  жастағыларына  арналған  ойындардың 

ережелері  жүргізушіні  таңдауды,  оны  алмастыруды,  кімнің 

жеңгенін немесе жеңілгенін анықтауды түсіндіреді. 

     Оқыту  мақсаты,  ойын  әрекеттері  және  ойын  ережелері  өзара 

тығыз  байланысты.  Оқыту  мақсаты  ойын  әрекеттерін 

анықтайды,  ал  ережелер  ойын  әрекеттерін  жасауға  және 



428 

 

тапсырманы орындауға көмектеседі.  



       Шынайы  ойын  балалардың  өзіндік  дербестігіне  және 

ұйымдастырушылығына  негізделген.  Дайын  мазмұнның  және 

бекітілген  ережелердің  болуы  ойындағы  бірігуді  жеңілдетеді. 

Санағыштардың  қызметі  де  осы  сияқты,  яғни  санағыштардың 

көмегімен  балалар  ойынға  икемделіп,  жүргізушіні  таңдап, 

әділетті болуға үйренеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет