С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет333/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

                

Дидактикалық ойындарға педагогикалық  

                жетекшілік ету 

 

Мектепке  дейінгі  мекеменің  педагогикалық  үрдісінде 

дидактикалық  ойын  балалардың  дербес  қызметі  ретінде  орын 

алып,  оған  жетекшілік  ету  сипатын  анықтайды.  Әр  түрлі  жас 

ерекшелігі  топтарында  ойнап  жатқан  балаларға  педагогикалық 

жетекшілік 

етудің 

оларды                                                                                                                                                                                           

ң  психофизиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  өз  өзгешелігі 

бар,  бірақта  тәрбиеші  ескеруі  қажет  жалпы  ережелері  де  бар. 

Оларды қарастырайық. 

Ойынға  жағдай  жасау  керек:  тиісті  дидактикалық  материал 

мен  дидактикалық  ойыншықтарды,  ойындарды  табу  қажет. 

Дидактикалық  материал  мен  ойыншықтарды  балалар  оларды 

еркін  пайдалана  алуы  үшін  қалай  орналастыру  керектігін 

ойластыру; ойынға орын қамтамасыз ету керек. Жылдың жылы 

мезгілінде  далаға  серуендеуге  алып  шығуға  болатын 

ойыншықтар  мен  ойынды  таңдап  алған  жөн.  Балаларды 

дидактикалық  ойыншықтармен,  ойындармен  ұқыпты  жұмыс 

жасауға,  әрекет  айяқталғаннан  кейін  оларды  мұқият  жинауға 

үйрету  қажет.  Педагогтің  ерекше  назарын  үстел  үстіндегі  басу 

ойындары  аударады,  олардан  фишкалар,  кубиктер,  карточкалар 

мен басқа атрибуттер жеңіл дайындалады. 

Балалардың ойын  тәжірибесін үнемі  дамытып отыру туралы 

қамқорлық  ету  керек.  Бұл  үшін  дидактикалық  ойыншықтармен 



429 

 

ойын әрекеттерін баламен бірге орындай отырып, оған үйреткен, 



балаларды өзара үйрету жағдаяттарын ұйымдастырған мақсатқа 

сай  («Витя,  Алешаны  үй  құрастыруға  үйретші!»).  Топқа  жаңа 

дидактикалық ойындарды ақырындап енгізген, ал оларды игеру 

шамасына  қарай  күрделендірілген  нұсқаларын  ендірген  дұрыс 

(ойын  міндетін  өзгерту,  жаңа  персонаждарды,  қосымша 

ережелерді, ойын әрекеттерін қосу,). 

Педагогтың назарында үнемі балаларда дербестілікті, өзін-өзі 

ұйымдастыру  дағдыларын,  ойынға  шығармашылық  қарауды 

дамыту  міндеттері  болуы  тиіс.  Сәтті,  іскер  ойын  әрекеттерін, 

рөлді  орындауының  мәнерлілігін,  өзара  көмек  көрсету,  өзара 

жәрдемдесуді  мақұлдай  отырып,  баланың  ойынға  деген 

қызығушылығын  қолдау  қажет.  Балаларға  таныс  ойынды 

ұйымдастыра  отырып,  олардың  біреуіне  басқаларына  ойынның 

міндетін, ережелерін еске салуды ұсынған жөн. 

Дидактикалық  ойынның  ойын  емес,  оқу  әрекетіне  көшу 

формасы  ретіндегі  өзіндігін  ескере  отырып,  тікелей  оқытудан 

қашқақтау  қажет.  Сонымен,  жаңа  ойынды  түсіндіруді  педагог 

ойын  образын  жасаудан  бастайды.  Мысалы,  «Айболит»  ойыны 

бұрын  К.Чуковскийдің  ертегісін,  оның  песонаждарын,  олардық 

шытырман  оқиғаларын,  қылықтарын  еске  түсіруді  ұсынады. 

Содан  кейін  таныс  ертегіні  ойнауға  шақырып,  барлық  ойын 

бойына  ескертулерден,  бағалау  сөздерінен,  соның  үстіне 

негативті  сипаттағы  сөздерден  аулақ  болып,  ойын  барысын 

қолдайды. Ойын аяқталғаннан кейін оларға бірге ойнаған қалай 

қызық  болғанын  атай  отырып,  жеңілгендерді  жігерлендіріп, 

жеңіске  жеткендерді  атап  өтіп,  балалардың  эмоционалды  жай-

күйін көтеру қажет. 

Дидактикалық  ойындар  сабақтарда  және  балалардың  жеке 

қызметінде  пайдаланылады.  Оқытудың  тиімді  құралы  бола 

тұрып,  олар  -  сабақтың  құрамдас  бөлшегі,  ал  ерте  жастағы 

топтарда  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  негізгі  формасы  болуы 

мүмкін.  

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет