С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет89/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

Тапсырма

1.

Бала  тұлғасын  қалыптастыруға  толық  амалдардың



қажеттілігі  туралы  жағдайды  нақты  мысалдар  арқылы 

түсіндіріңіз және дәлелдеңіз.  

2.

Тәрбиенің  мінсіз  және  шынайы,  субъективті  және



объективті 

мақсаттарының 

арасында 

пайда 


болатын 

қайшылықтарды анықтаңыз. 

3.

Балаларды



балабақшада  тәрбиелеу  мен  оқытудың 


108 

бағдарламасында  белгілі  бір  концепцияға  қатыстылығының 

дәлелдемесін табыңыз.  

4. 


Халық  педагогикасында  қалыптасқан  адам  идеалын

көрсететін орыс халқының мақал-мәтелдерін жинаңыз. 

5. 

Тәрбиенің бір заңдылығын мысалға алып, бала тәрбиесінің



тиісті стратегиясын дайындаңыз. 

V I I   Т А Р А У  



ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 

Адамның  денсаулығымен  тығыз  байланысты  дене  тәрбиесі 

жеке  тұлғаны  дамытуда  үлкен  мәні  бар.  Денсаулық  –  адамның 

дене,  гигиеналық,  жан  дүние,  әлеуметтік  мәдениеті  болып 

табылады.    

Баланың  денсаулығын  қорғауға,  оны  нығайтуға  ересектер 

тарапынан көп көңіл бөлінуі қажет.  Өйткені бала әлі кішкентай, 

үлкендердің көмегінсіз өз денсаулығын сақтап, қорғай алмайды. 

Ересектер  жайлы  материалдық  ортаны  жасай  алады,  балаға 

тіршілік  әрекетінің  қауіпсіздігін,  тамақтануды,  қозғалу 

белсенділігін  т.б.  қамтамасыз  етеді.  Баланың  денсаулығын 

нығайтуға  бағытталған  ересектердің  әрекетін  дене  тәрбиесінің 

мазмұны  құрайды.  Бұл  белгілі  бір  жағдайларда  балаға  дене 

тәрбиесін қамтамасыз етеді.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет