Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер
137
да тірі қалмауы мүмкін.
Көп сатылы сұрыптау тиімді əдіс болып
келеді. Бұл əдіс бойынша жасушаларды алдымен селективтік
заттың төмен концентрациясы бар ортада өсіреді. Одан кейін
жасушалар өсе келе селективті заттың концентрациясы артығырақ
қоректік ортаға көшіріледі. Бұндай жағдайда тезірек өсетін төзімді
жасушалар өсу жылдамдығынан жабайы жасушалардан оза
бастайды. Тежеуші заттының концентрациясын біртіндеп өсіре
отырып өте жоғары концентрацияда өсетін төзімді жасушаларды
сұрыптап алуға болады. Сонымен қатар, көп сатылы сұрыптаудың
нəтижесінде төзімділік белгісі ылғи тұрақты болады.
Генетикалық өзгерістері бар каллус жасушаларынан реге-
нерант өсімдіктер шығару процесінде кейбір мутациялар регене-
ранттарға өтуі мүмкін. Сондықтан көбінесе регенерант өсімдік-
тердің бастапқы донорлық өсімдіктерден айырмашылықтары
болады. Осындай өсімдіктерді
сомаклондық варианттар деп
атайды.
Регенерант өсімдік сомаклондық мутант екендігін дəлелдеу
үшін жыныстық жолмен көбейетін түрлердің регенеранттарын
өздігінен тозаңдандырып жəне тиісті будандастырулар арқылы
генетикалық тексеруден өткізу керек. Жыныссыз жолмен кө-
бейетін түрлерде генетикалық өзгерістер мейоз арқылы берілмейді,
сондықтан оларды дəлелдейтін жағдай клондық көбейтудің тым
болмаса екі циклінде жаңа белгінің сақталуы. Сомаклондық
варианттар орнына мына терминдер де пайдаланылады: жасу-
шалық варианттар, варианттық линиялар, фенотиптік варианттар.
Протопласттардан алынған сомаклондық варианттарды
прото-
Достарыңызбен бөлісу: