Будан цитоплазмалық (цибрид) – ор. гибрид цитоплазматический
(цибрид), ағ. hibrid cytoplasmic – аталық жəне аналық ретiнде қосылысқан
жасушалардың тек қана бiреуiнiң ядросын (ядролық гендерiн) қабылдау
мен қатар екеуiнiң де немесе баламалы бiреуiнiң ғана цитоплазмалық
гендерiн бойына дарытқан будан жасуша.
Будан гетероплазмалық (гр. heteros – басқа, plasma – құрылған,
түзiлген), ор. гетероплазматический гибрид, ағ. hibrid heteroplasmic –
цитоплазмалық гендерi (плазмагендер ) бойынша гетерозиготалық будан
жасуша. Вектор (лат. vector – алып жүрушi, ор. вектор, ағ. vector – өз алдына
репликациялана алатын жəне бөтен генетикалық информацияны жасу-
шаға тасымалдай алатын генетикалық элементтер (мысалы, плазмидалар
мен вирустар).
Вируленттiк (лат. virulentus – улы) ор. вирулентный ағ. virulent –
микроағзалардың ауру тудырғығыштық қабiлетi.