Гемморизогенез in vitro (лат. gemma – бүршiк, гр rhiza – тамыр) ор.
гемморизогенез in vitro, ағ. gemmorhizogenesis in vitro – ұлпаларды
жасанды қоректiк ортада (in vitro) өсiргенде бүршiктiн де тамырдың да
пайда болуы.
Ген (гр. genos – туыс, шығу тегi) ор. ген, ағ. gene – тұқым құалау
информациясының генетикалық бiрлiгi; ДНҚ молекуласының нақтылы
бiр бөлiгi, РНҚ-ның немесе полипептидтiң құрылымы туралы мəлiмет
сақтайды.
Гендер амплификациясы (лат. amplificatio – өсу, көбею) ор. амплификация генов, ағ. gene amplificacion – гендер көшiрмелерi
(копиялар) санының көбеюi.
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 177 Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) ор. цитоплазматические
гены, ағ. cytoplasmic genes – ядродан тыс, митохондриялар мен хлоро-
пласттарда орналасқан гендер.