Жасушаларды хемостатта өсіру – (гр. chemia –химия), ор. культи-
вирование клеток в режиме хемостата, ағ. chemostat – құрамында өсуді
тежейтін концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта
тұрақты жылдамдықпен биореакторға құйылып түсіп тұрады да, сондай
жылдамдықпен өскен жасушалар суспензиясы алынып отырады.
Жасушаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж) – (фр. passage-егу), ор. субкультивирвоание, пассаж, пассирование, ағ. subculture
– жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа
ауыстырып отырғызу.
Жасушаларды мұздатып сақтау – (ор. криосохранение клеток, ағ. cryopreservation) – мұздатып алып өте төмен температурада сақтау,
мысалы, сұйық азотта ‒196
°
С температурада.
Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша теориялық мəліметтер 181