С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

 

Әнбиелер саруары, 

 

 

Әулиелер пақыры, 

 

 

Екі ғалам шырағы, 

 

 

Кел, мархаба, деді - ә,– [49,60 б.] 

 

деп беріледі. 



Жебірейіл пырақ алып келмек боп, жұмаққа келгенде, райханды оттап, 

жайылып  жүрген  жүз  мың  пырақтың  арасында  зарлап,  жылап  жүрген  бір 




пыраққа  көзі  түседі.  Мән-жайын  сұрайды.  Пырақ  қырық  мың  жыл  бойы 

Мұхаммедтің  даусына  ғашық  боп  жүргенін  айтады.  Жебірейіл  оның  тілегін 

Алла орындайтынына сендіреді: 

 

 



 

Пыраққа ер ерттеді қызыл жақұт, 

 

 

Тізгіні – зүбәржаттан, жүгені – ақық. 

 

 

Періште Жебірейіл алып жүрді 

 

 

Жетелеп әпкеледі  жарқылдатып [114,4 б.]. 

 

Қисса-дастандар ауыз және жазба әдебиетке ортақ жанр болғандықтан, 

ауыз әдебиеті үлгілеріне тән тұлпарларға  тіл бітуі, сөйлеуі сияқты  әсірелеп 

суреттеулер ұшырасады. 

Ежелгі  әдебиет  дәстүрі  –  кейіпкерлердің  мінсіз,  ерекше  суреттелуі, 

сұлулықты  асыл  тастарға  теңеу  қисса-дастандарда  әсіресе    С.  Бақырғани 

дастанында  айрықша  көзге түседі. Пырақтың сипаты былай беріледі: 

 

Жүзін нұрдан жаратмыш, 



Көзі гауһардан ерміш, 

Еріндері – лағылдан, 

Тісі дүрден еді - ә. 

 

Басы оның  інжуден, 

Құлақтары ақықтан, 

Дудағы оның зүбаржат, 

Тісі маржан еді - ә. 

Ұшасы шын жақұттан, 

Сұңғақтары зұмұруд, 

Еті оның  зағфыран, 

Іші әнбір еді - ә. 

 


Түгі оның жұпардан, 

Жал – құйрығы райханнан, 

Аяқтары гауһардан, 

Сом алтын   еді - ә. 

 

Аттан еді ұлығырақ, 

Түйеден һәм кішірек, 

һәр бір басмыш қадамы 

Бір жылдық жол еді - ә [49,58 б.]. 

 

Жүсіпбек дастанында пырақтың сипатын былайша толғайды: 

 

 

Ерні қызыл гауһардан, 



Нұрдан біткен иегі, 

Сом алтыннан сүйегі, 

Жауһардан біткен аяғы, 

Алтыннан біткен тұяғы. 

Зағфыраннан еті бар, 

Анық нұрдан ұшасы. 

Райханнан жаралған, 

Құйрығы мен жалы бар. 

Мұндай сұлу жануар 

Бес жүздік жол аттар. 

Аттан еді зорырақ, 

                Әр нәрсесі молырақ. 

Екі көзін қарасаң, 

Нұрдан жалған шамшырақ. 

Түйеден еді аласа, 

Өне бойы тамаша [114,5 б.]. 

 



ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген 

ақындардың  шығармаларында  жоғарыдағыдай  суреттеулер  сұлу  қыздың 

портретін беруге ұласты. Бұлай қыз келбетін, сұлулығын асыл тастарға теңеп, 

ерекше  әсерлеп  суреттеу  Абайдың  ақындығының  алғашқы  адымында 

жазылған “Иузи раушан” … деп басталатын өлеңінде де көрініс тапқан: 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет