С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет19/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

IV Т а р а у 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЭЛЕМЕНТІ 
 
 
Педагогикалық техника оқытушының тəртібін ҧйымдастыру тҥрі 
ретінде • Дауыс, дикция, тыныс алу • Пантомимика, ымдау 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА ПЕДАГОГТЫҢ ТӘРТІБІН 
ҦЙЫМДАСТЫРУ ТҤРІ РЕТІНДЕ 
 
Өз ісінің шеберлері, ҧстаздар туралы ойлап, біз олардың 
педагогикалық шеберлігінің қҧпиясы неде деп ойланамыз, жəне ол 
өзімен жҧмыс ҥдерісі барысында қалыптасатынын тҥсінеміз. Бҧл 
ҧзақ, ықпал ету тəсілдерінің ҧшталуы, алуан тҥрлі практикалық 
міндеттерді жəне шешімін шебер қоя білуді, көп еңбекті талап ететін 
ҥдеріс. Бҧл педагогқа оқу ҥдерісінде де, сабақтан тыс уақытта да 
қажетті арнайы біліктілік. 
Педагог ҥшін сөйлеу, дауыс техникасын меңгеру қаншалықты 
маңызды екенін əркім біледі. Сауатты, əдемі жəне тҥсінікті сөйлеу, 
өз сөзін мəнерлеп жеткізу, сөзінде ойы мен сезімдерін нақты жеткізу, 
нақты ымды жəне айқын көзқарасты беру – табысқа жетудің тура 
жолы. 
Педагогикалық техника — оқытушыға оқушыларын көруге, 
естуге жəне сезуге мҥмкіндік беретін біліктілік кешені. 
Танымал педагог А. С. Макаренко жазғандай: «Тəрбиеші 
ҧйымдастыра білу, жҥре білу, əзілдей білу, көңілді бола білу, ашулы 
бола білу керек ... оның əрбір қимылы тəрбие бере алатындай етіп 
өзін ҧстауы тиіс»
1

Ю.П. Азаров айтқандай, біріншіден, дамыған педагогикалық 
техника педагогикалық қызметте оқытушыға өзін тереңірек жəне 
айқынырақ көрсетуге мҥмкіндік береді, оқушылармен өзара 
қатынаста оның тҧлғасындағы бар жақсыны, кəсіби маңыздыны 
ашуға мҥмкіндік береді. Жетілдірілген педагогикалық техника 
педагогтың уақыты мен кҥшін шығармашылық жҧмысқа босатады
педагогикалық өзара əрекеттесу ҥдерісінде балалармен қатынас 
жасауда қажетті сөзді іздеуге немесе сəтсіз интонацияны тҥсіндіруге 
алаңдамауға мҥмкіндік береді. Техниканы меңгерген педагог 
дауысын жоғалтқанына немесе өзінің жҧмысына байланысты қандай 
да бір қобалжуларынан алаңдамауына қиналмайды. Педагогикалық 
техниканы меңгеру қажетті сөзді 

Макаренко А. С. Мектептің кеңестік тəрбиелеу проблемалары // Соч.: 7 т. - Т. 5. М., 
1958. - С. 179. 


интонацияны, көзқарасты, ымдауды тез жəне нақты табуға, сонымен 
бірге тыныштық жəне анық ойлау, кҥтпеген педагогикалық 
жағдаяттарда талдау жасау қабілеттігін сақтап, педагогтың өзінің 
кəсіби қызметімен қанағаттануының өсуіне алып келеді. 
Екіншіден, педагогикалық техника тҧлғаның сапасына да, дамыту 
ықпалын да жасайды. Педагогикалық техникалардың маңызды 
ерекшелігі – олардың барлығы жеке-тҧлғалық сипатының бар 
болуында, 
яғни 
педагогтың 
жеке 
психофизиологиялық 
ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады. Жеке педагогикалық 
техника 
педагогтың 
жасына, 
жынысына, 
темпераментіне, 
денсаулығына, 
анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктеріне 
айтарлықтай байланысты болады
Сөзінің мəнерлігі, тазалығы, сауаттылығымен жҧмыс жасауы 
ойлауды тəртіпке салады. Психикалық қызметін өзі реттеу тəсілдерін 
меңгеру эмоционалды байсалдылығын мінезінің қыры ретінде 
дамытуға алып келеді жəне т.б. Одан басқа, шынайы педагогикалық 
өзара əрекеттесуде мҧғалімнің педагогикалық техника саласындағы 
бар біліктілігі бір уақытта көрінеді. Ал өзін- өзі бақылау мəнерлі 
қҧралдарды табысты тҥзетуге мҥмкіндік береді жəне т.б. 
Ҥшіншіден, педагогикалық техниканы меңгеру ҥдерісінде 
педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениетінің деңгейін, оның 
тҧлғасының əлеуетін айқындайтын адамгершілік пен эстетикалық 
позициясы толық ашылады
1

Айтылғандардың барлығы педагогикалық техника – педагогтың 
маңызды қҧралы екенін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет