Мəдениет. ХV ғасырда Кореяда тарих жəне география саласын-
дағы ең алғашқы ірі еңбектер жазылды. Ұлттық алфавит жаса-
лып, кітап басу ісі дамыды. Агрономия, астрономия, метеороло-
гия дамыды. Жаңбыр өлшегіш, су сағаттары, жұлдыздарға қарап
географиялық координатты анықтайтын прибор ойлап табылды.
500—600 кадамға дейінгі нысанаға жететін жарылғыш снарядпен
ататын зеңбірек, оқ дарымайтын металлмен қапталған «тасбақа-
кемелер» жасалды.
ХVІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың дамуы елдегі сая-
си күреске сай болды. Конфуциандық философияны өзара күресуші
топтар əрқилы түсіндіріп, уағыздады. ХVІ ғасырдың бірінші
жартысындағы ірі конфуциандық философтың бірі — Чо Гван Чжо
болды. Ол салиқалы-ойлы мемлекеттік билікті уағыздады.
Конфуциандық идеалист философтардың ішіндегі көрнектісі
Ли И болды. Өз шығармаларында ол мемлекетті басқару, қарулы
күштерді нығайту, партиялар күресін бəсеңдету, салық жүйесін
реттеу мəселелеріне көп көңіл бөлді.
ХVІ ғасырда конфуциандықтың негізін сынаған философтар
да болды. Олар өз көзқарастарында феодалдық қоғамдағы таптық
қайшылықтардың шиеленісуін білдірді. Олардың қатарына Кэ-
сондық кедейленген дворян Со Ген Докты /1489—1546/ жатқызуға
болады. Ол ХІІ ғасырда өмір сүрген философ Чжу Сидің көзқара-
сын материализм тұрғысынан сынады. Əдебиет саласында да жаңа
көзқарастар орын алды. ХV ғасырдың ортасында корей тіліндегі
əдебиет өмірге келді. Корей тілінде жазылған «Мысықтар зында-
ны» деген шығарманың авторы Лим Чже ХVІ ғасырдағы феодалдық
қоғамның келеңсіз жақтарын сынады.
ХVІ ғасырда кəріс поэзиясында Хван Чжин, Ли Ок Пон сияқты
ақын əйелдер атағы шықты. Олар кəріс қоғамындағы əйелдердің
ауыр үлесін жырлады.
1592—1598 жылдардағы азаттық соғысына байланысты əде-
биетке дворян емес, қарапайым халықтан шыққан жазушылар
ене бастады. Ли Сун Син, Лю Сон Ен сияқты қолбасшылардың
соғыс туралы мемуарлары патриоттық сезімдерді насихатта-
ды. Соғыс тарихының негізгі кездерін дəл бейнелеген халықтық
шығармашылықтың жарқын туындысы — «Имичжин соғысы тура-
лы жазбалар» болды.
Халық əдебиетінде феодалдық езгіге қарсы наразылық білдірген
шығармалар да елеулі орын алды. ХVІІ ғасырдағы сондай
шығармалардың қатарына «Хон Гильтон туралы повесть» жата-
ды. Бұл шығармада көтерілісшілер күресі, ойдан шығарылған, езгі
дегенді білмейтін, ең əділетті мемлекет туралы баяндалады.
ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы кəрістің бейнелеу өнерінде пор-
треттер мен табиғат көріністері /пейзаждар/ кең орын алды. Олар
конфуциандық идеямен рухтанған туындылар болды. Дегенмен
бұл кезде Ли Сан Чва, Ким Син жəне Ли Сон сияқты суретшілердің
шығармаларында алғаш рет реалистік бағыт байқала бастады.
Кəріс мəдениетіндегі ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы жаңа ағымдар ке-
лешекте онан əрі дамып, нығая түсті.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Кореи (с древнейших времен до нашх дней).— Сеул, 1995. 2. История Востока. Т ІІІ. Восток на рубеже средневековья и нового времени. ХVІ—ХVІІІ вв.— М.: Восточная литература РАН, 1999.— 315—337 бб.